Әрине қиямет мерзімінің мәліметі Алланьің қасында. Жаңбырды Ол жаудырады, Ол жатырлардағыны біледі. Ешкім ертең не істейтінін білмейді әрі ешкім қай жерде өлерін де білмейді. Күдіксіз Алла (Т.) толық білуші, хабар алушы.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ақиқатында Сағаттың / Қайта тірілу күнінің / білімі Аллаһта, Ол жаңбырды жаудырады және жатырлардағыны біледі. Ешбір жан ертең не табатынын білмейді әрі ешбір жан қай жерде өлетінін білмейді. Ақиқатында Аллаһ бәрін Білуші, бәрінен Хабардар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي