(Соғысқа қатынаспауда) соқырға бір оқасы жоқ. Ақсаққа да ештеңе жоқ. Және ауруға да кінә болмайды. Кім Аллаға, Елшісіне бағынса, ол, астарынан өзендер ағатын ұжмаққа кіргізіледі. Ал кім жалтарса, ол, жан түршігерлік қинаумен қиналады. (Хүдайбия келісімі қарсаңында Меккеге жіберілген хазіреті Ғүсман өлтірілді деген хабар бойынша Мұхаммед Ғ.С. ға мың үш жүзден артық сахаба бір ағаштың түбінде: "Соғысқа әзірміз" деп, биғат қылды. Б.Ж.М.К.)
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Соқырға күнә емес, ақсаққа да күнә емес және ауруға да / соғысқа қатыспағаны / күнә емес. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса, Ол оны астынан өзендер ағып жататын / жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Ал, кім теріс бұрылса, оны күйзелтуші азапқа ұшыратады.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي