Және пайғамбарлардың ізінше өзінің алдындағы Тәуратты растаушы етіп, Мәрйем ұлы Ғисаны жалғастырдық. Әрі оған ішінде туралық, нұр болған алдындағы Тәуратты бекітуші сондай-ақ сақтанушылар үшін тура жол, үгіт түрінде Інжілді бердік.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олардың / пайғамбарлардың / соңынан өзінің алдындағы Тәураттың шын екендігін айтушы етіп, Мәриям ұлы Исаны жібердік. Әрі оған тура жол мен нұр болған, өзінен алдыңғы Тәураттағыны растаушы және тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / әрі насихат ретінде Інжілді бердік.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي