Әй мүміндер! Қашан намазға тұрсаңдар, (тұрарда,) жүздеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар. Бастарыңа мәсих тартыңдар. (сипаңдар.) Және екі тобықтарға дейін аяқтарыңды жуындар. Егер де жүніп болсаңдар, (бой дәретсіз болсаңдар,) толық тазалаңындар. (Шомылыңдар) Егер науқас не сапар да босаңдар немесе сендерден біреу түзге отырып келсе не әйелге жақындассаңдар, сонда су таба алмасаңдар таза жерге тәяммүм соғыңдар; онымен беті- қолдарыңды сипаңдар. Өйткені, Алла, сендерге ауыршылық қаламайды. Бірақ, сендерді тазартуды сондай-ақ шүкірлік етулерің үшін сендерге нығметтерін тамамдауды қалайды.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, иманға келгендер! Қашан намазға тұратын болсаңдар, беттеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар, бастарыңа мәсих тартыңдар / сұлы қолмен сипаңдар / әрі аяқтарыңды тобықтарға дейін / жуыңдар /. Егер жүніп болсаңдар, тазаланыңдар /ғұсыл құйыныңдар /. Ал, егер науқас не сапарда болсаңдар, не сендерден біреу дәретке отырып келсе немесе әйелдеріңе жақындасқан болсаңдар, сонда су таба алмасаңдар, таза топыраққа тәяммум соғып / алақандарыңды ұрып / , онымен беттеріңді және қолдарыңды сипаңдар. Аллаһ сендерге ауыртпашылықты қаламайды, Ол сендердің шүкір етулерің / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін сендерді тазартуды әрі сендерге деген игілігін соңына жеткізуді қалайды.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي