Surah Al-Buruj in Қазақша
سورة البروج · Verses: 22 · Meccan
Translation: Қазақша translation 1 (الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد)
-
1
وَٱلسَّمَآءِ ذَاتِ ٱلۡبُرُوجِ
Жұлдызды аспанға ант, -
2
وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡمَوۡعُودِ
Уәделі күнге, -
3
وَشَاهِدࣲ وَمَشۡهُودࣲ
Куәлік берушіге куәлік берілгенге серт. -
4
قُتِلَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡأُخۡدُودِ
Жер ошақшылардың жаны шықсын! -
5
ٱلنَّارِ ذَاتِ ٱلۡوَقُودِ
Отынмен жанған от. -
6
إِذۡ هُمۡ عَلَيۡهَا قُعُودࣱ
Ол уақытта олар оның маңында отырған; -
7
وَهُمۡ عَلَىٰ مَا يَفۡعَلُونَ بِٱلۡمُؤۡمِنِينَ شُهُودࣱ
Олар,мүміндерге істегендерін көрген. -
8
وَمَا نَقَمُواْ مِنۡهُمۡ إِلَّآ أَن يُؤۡمِنُواْ بِٱللَّهِ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡحَمِيدِ
Олардың мүміндерге өшігулерінің себебі; үстем,мақтаулы Аллаға сенулреі ғана еді. (Бір дәуірдегі кәпір патша,Мұсылмандарды ор қазып ішіне,жаққан отқа салады екен.Б.М. басқа рауаяттар да бар.) -
9
ٱلَّذِي لَهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءࣲ شَهِيدٌ
Ол сондай Алла,аспандар мен жердің иелігі Оған тән. Ол Алла.әр нәрсені көруші. -
10
إِنَّ ٱلَّذِينَ فَتَنُواْ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ وَٱلۡمُؤۡمِنَٰتِ ثُمَّ لَمۡ يَتُوبُواْ فَلَهُمۡ عَذَابُ جَهَنَّمَ وَلَهُمۡ عَذَابُ ٱلۡحَرِيقِ
Негізінде мүмін ерлер,мүмін әйелдерге жапа беріп.сосын тәубе қылмағандар,оларға тозақтың азабы; жандыратын азап бар. -
11
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَهُمۡ جَنَّٰتࣱ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُۚ ذَٰلِكَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡكَبِيرُ
Негізінен иман келтіріп,ізгі іс істегендер,оларға астарынан өзендер ағатын бейіштер бар. Осы,зор мұратқа жетушілік. -
12
إِنَّ بَطۡشَ رَبِّكَ لَشَدِيدٌ
Негізінен Раббыңның қолға алуы орасан қатты. -
13
إِنَّهُۥ هُوَ يُبۡدِئُ وَيُعِيدُ
Өйткені Ол,бастапта жаратып,әрі қайта тірілтеді. -
14
وَهُوَ ٱلۡغَفُورُ ٱلۡوَدُودُ
Ол,тым жарылқаушы,өте сүюші. -
15
ذُو ٱلۡعَرۡشِ ٱلۡمَجِيدُ
Ғаршының иесі,аса ұлы. -
16
فَعَّالࣱ لِّمَا يُرِيدُ
Ол,қалағанын бұлжытпай істеуші. -
17
هَلۡ أَتَىٰكَ حَدِيثُ ٱلۡجُنُودِ
(Мұхаммед Ғ.С) саған ләшкерлердің хабары келді ме? -
18
فِرۡعَوۡنَ وَثَمُودَ
Перғауын және Сәмүд ләшкерлерінің ? -
19
بَلِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فِي تَكۡذِيبࣲ
Дегенмен қарсы болғандар,өтіріксінуде. -
20
وَٱللَّهُ مِن وَرَآئِهِم مُّحِيطُۢ
Алла,оларды сырттай орап алған. -
21
بَلۡ هُوَ قُرۡءَانࣱ مَّجِيدࣱ
Әрине ол,ұлы бір Құран. -
22
فِي لَوۡحࣲ مَّحۡفُوظِۭ
Лаухы Махфұзда сақтаулы.