(Мұхаммед Ғ.С.) өздеріне Кітап бергендеріміз; (иман келтіргендері; Б.Ж.М.Р.Х.Т.) саған түсірілген Құранға қуанады. Онымен қатар қарсы топтардан Құранның кей жерін мойындамайтындар да бар. Оларға: “Шын мәнінде Аллаға құлшылық қылуға әрі Оған ешбір ортақ қоспауға бұйырылдым. Мен Ол жаққа шақырамын. Және қайтар жерім де Сол жақ” де.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Біз Кітап бергендерден саған түсірілгенге / Құранға / қуанатындар әрі / Аллаһтың Елшісіне қарсы / одақтас топтардың ішінде оның / Құранның / бір бөлігін теріске шығаратындар бар. Айт: «Шын мәнінде, мен Аллаһқа құлшылық етуге және Онымен қатар өзгелерге табынбауға / серік қоспауға / бұйырылдым. Әрі мен Оған шақырамын және Оған қайтамын», деп.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي