(Мұхаммед Р.С.) саған осылайша әмірімізден бір "Рұх" (Құран. Ж.М.Р.) уахи еттік. Сен, Кітап не? Иман не? Білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр , қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Біз осылай етіп саған Өз әмірімізден бір Рухты / Құранды / * уахи еттік. Сен / ол кезде / Кітаптың да, иманның да не екенін білмейтін едің. Алайда, Біз оны / Құранды / құлдарымыздан қалағандарымызды тура жолмен жүргізетін нұр еттік. Әрі шын мәнінде, сен, тура жолға бастайсың,
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي