(Мұхаммед Ғ.С.) Ғад елінің туысын (Ћүд Ғ.С. ды) есіңе ал; сол уақытта Ахқафтагы еліне ескерткен еді. Расында одан бұрын да кейін де ескертушілер өткен еді. Ол, еліне: "Алладан басқаға құлшылық қылмаңдар. Шын мәнінде мен сендерге (келетін) зор күннің азабынан қорқамын" (деді.)
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Ад елінің ағайынын / Һұдты / есіңе ал. Сол кезде ол Ахқафтағы еліне, өзінен бұрын және кейін өткен ескертушілер секілді: «Аллаһтан басқаға табынбаңдар! Мен сендер үшін ұлы Күннің азабынан қорқамын», - деп ескерткен еді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي