(Сол уақта) Алла: «Әй Мәрйем ұлы Ғиса! Адамдарға, Алланы қойып, мені әрі анамды екі тәңір етіп алыңдар деп сен айттың ба?»,- дейді. (Ғиса Ғ.С.): «Әй Алла! сені пәктеймін. Тиісті болмаған нәрсені айту маған жараспайды. Егер деген болсам, сонда Сен, оны анық білесің. Сондай-ақ менің ішімдегіні Сен білесің, мен Сенікін білмеймін. Сен шынайы түрде көместерді толык білушісің» дейді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі / Қиямет күні / Аллаһ: «Ей, Мәриямның ұлы Иса! Адамдарға: «Мені және анамды Аллаһтан басқа екі құдай етіп алыңдар», - деп айтқан сен бе?» - дегенде, / Иса / :«Сен / кемшілік атаулыдан / пәксің! Өзімнің құқым болмаған нәрсені айту маған лайық емес. Егер айтқан болсам, ақиқатында, Сен оны, әлбетте білуші едің. Сен менің ішімдегіні білесің, ал мен Сендегіні білмеймін. Ақиқатында, Сен - Өзің ғана ғайыптарды Білушісің.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي