Расында: «Алланы, Мәрйем ұлы мәсих» дегендер кәпір Болды. «Егер Алла, Мәрйем ұлы Мәсихты және оның шешесін де, тіпті жер жүзіндегі біртұтас жан иесін жоқ етуді қаласа, Алладан құтқаруға кім ие?»,- де. Көктер мен жердің және екеуінің арасындағылардың иелігі Аллаға тән. ол қалағанын жаратады әрі Алланың әр нәрсеге толық күші жетуші.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ақиқатында, «Аллаһ, ол - Мәриям ұлы Мәсих», - деп айтқандар кәпір болды. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер Аллаһ Мәриям ұлы Мәсихті әрі оның анасын және жер жүзіндегілердің барлығын жойып жіберуді қаласа, Аллаһтан болған нәрсеге / азапқа / кім иелік ете алады?!» - деп. Аспандар мен жердің және ол екеуінің арасындағылардың билігі Аллаһта. Ол қалағанын жаратады әрі Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي