Яһудилер мен Христиандар: «Біздер Алланың ұлдары және сүйгендеріміз» деді. Оларға айт: «Онда Алла күнәларың себепті сендерді неге азаптайды?Керісінше сендер Алланың жаратқан адамдарысыңдар.» Алла қалаған кісісін жаратып және қалаған кісісін азаптайды.Көктердің және жердің әрі екі арасындағылардың барлығы Алланың иелігінде және барар жер де Оның алды.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі иудейлер мен христиандар: «Біз - Аллаһтың ұлдарымыз және Оның сүйіктілеріміз», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Олай болса, Ол неге сендерді күнәларың үшін азаптайды? Керісінше, сендер Ол жаратқан / өзгелер секілді / адамсыңдар. Ол қалағанын кешіріп, қалағанын азаптайды. Аспандар мен жердің және ол екеуінің арасындағылардың билігі Аллаһта әрі қайту да - Оған.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي