Алланың сендерге берген нығметін және: «Естідік, бой ұсындық» деп байлаған сертеріңді еске алыңдар! Әрі Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алла көкіректегілерді толық білуші.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі Аллаһтың сендерге берген игілігін және: «Естідік, бойсұндық», - деп айтқан кездеріңде, Оның өздеріңмен бекіткен сертін еске алыңдар. Тақуа болыңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтаныңдар /. Ақиқатында, Аллаһ - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي