Мәрйем ұлы Мәсих; бір пайғамбар ғана. Одан бұрын да пайғамбарлар өткен. Оның анасы шыншыл. Екеуі де тамақ жейтұғын. (Әй Мұхаммед !) қара! Оларға аяттарымызды қалай ашық баян етеміз. Сонсоң қалай бұрылып бара жатқандарын көр!
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Мәриям ұлы Мәсих - бір Елші ғана. Негізінде, одан бұрын да елшілер өткен. Ал, оның анасы шыншыл еді. Екеуі де тамақ жейтін еді. Біз оларға аяттарды қалай анық баян еткенімізге қара да, кейін олардың қайда бұрылып бара жатқандарына назар сал!
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي