Оны көрген күні, әрбір емізуші емізулісін ұмытады, әрбір жүкті ішіндегісін тастайды. Әрі сен адамдарды мас болған күйде көресің, ал олар мас емес, бірақ Аллаһтың азабы қатты.
Оған / шайтанға / қатысты: «Кім оны дос, жақын етіп алса, ол оны адастырады және оны Саъир тозағының азабына жетелейді», - деп алдын ала бекітіліп жазылды.
Ей, адамдар! Егер қайта тірілуге күмәнда болсаңдар, күмәнсіз Біз сендерге баяндап түсіндіру үшін, сендерді / Адам атаны / топырақтан, кейін / оның ұрпағын / тамшы судан / ұрық суынан / , содан кейін ұйыған қаннан, содан соң жаратылуы кескінделген не кескінделмеген / шайналған секілді / еттен жараттық. Әрі Біз қалағанымызды жатырларда белгіленген мерзімге дейін орналастырамыз. Содан соң сендерді ержетулерің үшін нәресте күйлеріңде шығарамыз. Сендерден / кейбірің / қайтыс болып және / кейбірің / білгенінен кейін еш нәрсені білмей қалатын / дәрежедегі / өмірдің ең нашарына / қаусағанкәрілікке / 1778 қайтарылатындар бар. Сен жерді қуарған, тіршіліксіз күйде көресің. Ал, қашан оған су түсіргенімізде, / тіршілік бітіп / ол қопсып, көтеріліп, әрбір түрден көркем етіп / өнім / өсіреді.
Ол, Аллаһтың жолынан адастыру үшін паңсына бетін теріс бұрады. Оған осы дүниеде қорлық бар. Ал, Қайта тірілу күні оған жандырушы оттың азабын таттырамыз.
Әрі адамдардың ішінде / иман мен имансыздықтың / ара шегінде тұрып Аллаһқа құлшылық етуші де бар. Егер оған бір жақсылық келсе, ол онымен тынышталады. Ал, егер бір сынақ келсе, ол артына бет бұрып, бұл дүниесін де әрі соңғы мәңгілік өмірін де / ақиретін / жоғалтады. Міне, осы - анық зиян.
Ақиқатында, Аллаһ иманға келген және ізгі амал істегендерді астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Әрі шын мәнінде, Аллаһ Өзі қалағанын жасайды.
Кімде-кім, Аллаһ оған / Мұхаммедке / осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / көмектеспейді деп ойласа, / қолынан келсе / аспанға бір арқанды созып, содан кейін / оны / үзсін. Сөйтіп қарасын, айласы өзін ызаландырған нәрсені кетіре ме екен?!
Күмәнсіз, Аллаһ Қайта тірілу күні иманға келгендердің және иудейлер, сабилер, христиандар, мәжусилердің / отқа табынушылар / әрі серік қосушылардың арасында үкім етеді. Ақиқатында, Аллаһ - әрбір нәрсеге куә.
Ей, Мұхаммед! / Сен аспандардағы және жердегілердің, күн мен ай, жұлдыздар, таулар, ағаштар, жануарлар әрі көп адамдардың Аллаһқа сәжде ететінін көрмедің бе / білмедің бе / ? Сондай-ақ, көбіне азап хақ / лайық / болды. Аллаһ кімді қор етсе, онда оны кұрметтеуші болмайды. Ақиқатында, Аллаһ Өзі қалағанын жасайды.
Міне, екі жақ өздерінің Раббысы жайында тартысты. Сондай күпірлік етушілер үшін / имансыздарға, қарсы келушілерге / оттан киім пішіледі, бастарының үстінен қайнап тұрған су құйылады.
9. Күмәнсіз, Аллаһ иманға келген және ізгі амал жасағандарды астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Олар онда алтын білезіктер және інжумен безендіріледі. Ал ондағы киімдері жібектен болады.
Ақиқатында, сондай күпірлік етушілерге / иманға келмегендерге / және Аллаһтың жолынан тосушыларға әрі Біз адамдар үшін - ол жерде тұрушылар және сырттан келушілерге - бірдей еткен әл-Харам мешітінен тосатындарға, сондай-ақ, кім ол жерде әділетсіздік етіп / ақиқаттан / ауытқуды қаласа, Біз оған қинаушы азапты таттырамыз.
Міне, кезінде Біз Ибраһимге Үйдің / Қағбаның / орнын көрсетіп: «Маған ешнәрсені серік етіп қоспа және Үйімді тәуап етушілер, / намазда / тұрушы, рукуғ, сәжде жасаушылар үшін тазала.
Әрі адамдардың арасында қажылық жайында хабарла. Олар саған жаяу және түрлі жүдеген / жануарлар / үстінде алыс жерлерден / жердің түкпір-түкпірінен / келеді.
Олар өздері үшін пайдалы нәрселерге куә болсын және белгілі күндерде өздеріне Ол / Аллаһ / ризық етіп берген малдардың үстінен / шалатын кезде / 1792 Аллаһтың атын еске алсын. Одан өздерің де жеңдер және жоқ-жітікке жегізіңдер.
Міне, осы / сендерге Аллаһтың бұйырғаны / ,Әрі кім Аллаһтың тыйым салғандары өте үлкен нәрсе деп білсе,1796 бұл Раббысының алдында оның өзі үшін қайырлы. Сендерге / тыйым салынғаны туралы / оқылғаннан басқа малдар рұқсат / халал / етілді. Пұттардың ластығынан аулақ болыңдар әрі өтірік сөзден аулақ болыңдар,
Аллаһқа ханиф (бұл жерде жалпы тыйым салынған амалдардан аулақ жүрушілер) болған және Оған еш нәрсені серік етіп қоспаған күйлеріңде. Ал, Аллаһқа біреуді серік етіп қосқан, ол бейне бір аспаннан құлап түсіп, оны кұс іліп әкеткен не жел алысқа ұшырып кеткен бір нәрсе секілді.
Әрбір үммет үшін өздеріне ризық етіп берген малдарды / шалатын кезде / Аллаһтың атын еске алу үшін Біз, / қажылықтағы / құрбандық шалу орнын / Мекке маңайын / белгіледік. Сендердің құдайларың бір ғана құдай. Оған бойсұныңдар. / Ей, Мұхаммед! / / Аллаһқа / беріле бойсұнушыларды сүйіншіле -
солар, Аллаһ еске алынғанда жүректері діріл қагатындар және өздеріне келген ауыртпашылыққа сабыр ететіндер және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтындар және Біз ризық етіп бергеннен жұмсайтындар.
Біз құрбандыққа / сою үшін / алынған ірі малдарды / түйе мен сиырды / Ш6 сендерге Аллаһтың белгілерінен еттік. Сендер үшін оларда қайыр бар. Тұрғызылып қойылған кезде / сойылғанда / олардың үстінен Аллаһтың атын еске алыңдар. Ал, жамбастары жерге тиген / жан шығарған / кезде, олардан жеңдер және сұрауға ұялып / азға да / қанағат етуші мен мұқтаждығы себепті сұрайтындарға жегізіңдер. Біз оларды / малдарды / шүкір етулерің / берген игіліктерімізге алғыс білдірулерің / үшін сендерге осылай бағындырдық.
Аллаһқа олардың / құрбандыққа сойылған малдардың / еттері де, қандары да жетіп бармайды. Бірақ, Оған сендердің тақуалықтарың / Оған бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандықтарың / жетеді. Сендерді тура жолмен жүргізгендігіне, Аллаһты ұлықтауларың үшін оларды / малдарды / сендерге осылай бағындырып берді. IЕй, Мұхаммед!! Жақсылықты ықыласпен істеушілерді қуандыр!
Олар елдерінен, «Раббымыз - Аллаһ» дегендері үшін жазықсыз шығарылды. Аллаһ адамдардың бірін өзгелері арқылы қорғамағанда монахтар табынатын орындар / келья / , шіркеулер, синагогтар және ішінде Аллаһтың аты көп еске алынатын мешіттер қиратылар еді. Аллаһ Өзіне / дініне / көмек көрсеткенге, әлбетте көмектеседі. Ақиқатында Аллаһ өте Күшті, аса Үстем.
Егер оларды / Аллаһ жолына көмектесетіндерді / жер бетінде орнықтырып, бекемдесек, олар намазды толық орындайды, зекетті береді, құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарады. Ал, істердің соңы - Аллаһта.
Мәдиян тұрғындары да / Шұғайыпты /. Мұса да өтірікшіге шығарылды. Мен кәпірлерге уақыт беріп, кейін оларды ұстадым / жазаладым /. Сонда Менің құптамауым / жазалауым / т4 қалай болды?
Қаншама елді мекендерді әділетсіз болған күйлерінде жойып жібердік. Олардың қабырғалары іргесіне құлаған шатырына жығылды. Қаншама құлықтар мен биік сарайлар / иесіз / қалды.
Олар жер бетінде сапарға шықпады ма, сонда олардың үғынатын жүректері не еститін құлақтары болмады ма? Негізінде соқыр болған көздер емес, керісінше кеуделердегі жүректер соқыр болды.
Әрі олар сенен азаптың тез болуын сұрайды, бірақ Аллаһ уәдесін ешқашан бұзбайды. Әрі ақиқатында, Раббыңның қасындағы бір күн, сендердің есептеулеріңмен мың жылға тең.
Ей, Мұхаммед! / Сенен бұрын да бір Елші / расул / не Пайғамбар / нәби / жіберсек, ол оқыған кезде шайтан оның оқығанына / бір нәрсе / лақтырады. Бірақ, Аллаһ шайтанның тастайтынын жояды. Кейін Аллаһ Өз аяттарын бекітеді. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана.
Шайтанның тастайтынын жүректерінде дерті барларға және жүректері қатып қалғандарға фитна / сынақ / ету үшін / жасады /. Ақиқатында, әділетсіздер ұзақ / қатты / қайшылықта.
Әрі / бұл / білім берілгендер мұның Раббыңнан ақиқат екенін білуі, оған сенулері және жүректерінің бойсұна берілуі үшін. Ақиқатында, Аллаһ иманға келгендерді тура жолмен жүргізеді.
Ал, сондай күпірлік етушілер / Пайғамбарға түсірілгенге күмән келтірушілер / өздеріне кенеттен Сағат / Қайта тірілу күні / келгенге дейін немесе қысыр / жалғаспайтын / күннің азабы келгенге дейін оған күмәнда болуда қала береді.
Сондай-ақ, Аллаһ жолында қоныс аударып / һижра жасап / , содан кейін / соғыста / өлтірілген немесе / үйінде / қайтыс болғандарға сөзсіз, Аллаһ көркем ризық береді. Ақиқатында, Аллаһ -ризық берушілердің ең қайырлысы.
Міне осылай, кім өзі жазаланғандай жазалап, содан кейін оған әділетсіздік жасалса, Аллаһ оған міндетті түрде жәрдем береді. Аллаһ - жазаламай Кешіріп жіберуші , өте Кешірімді.
Аллаһтың сендерге жердегі нәрселерді және теңізде Өзінің әмірімен жүзетін кемелерді бағындырғанын көрмедің бе? Ол аспанды, Өзінің рұқсатынсыз жерге құлап түсуден ұстап тұрады. Ақиқатында, Аллаһ адамдарға өте Мейірбан , ерекше Мейірімді.
Әрі Ол сондай -сендерге өмір береді, кейін жандарыңды алады, содан кейін қайтатірілтеді. Негізінде адам баласы шүкіршілік етпеуші / игіліктерге алғыс білдірмеуші /.
Біз әрбір / пайғамбар жіберілген / үммет үшін - олар ұстанатын құлшылық ету ереже-қағидаларын белгіледік. / Ей, Мұхаммед! / Сондықтан олар бұл мәселе жайында сенімен таласпасын. / Адамдарды / Раббыңа шақыр. Ақиқатында сен тура жолдасың.
Әрі олар Аллаһтың орнына, Ол ешбір дәл ел түсірмеген әрі өздерінде / ол жайлы / білімі болмаған нәрсеге табынады. Әділетсіздерге көмек беруші болмайды.
Ей, Мұхаммед! / Ал, Оларға анық аяттарымыз оқылған кезде, күпірлік етушілердің / оны мойындамаушылардың / жүзінен теріске шығаруды байқайсың. Олар өздеріне аяттарымызды оқығандарға қарсы күш көрсетуге дайын. Айт: «Сендерге бұдан жаман нәрсені хабарлайын ба? Ол - От. Аллаһ оны күпірлік етушілерге / имансыздарға / уәде етті. Ол - баратын жердің өте жаманы»,- деп.
Ей, адамдар! Бір мысал келтірілді, енді оған құлақ салыңдар. Негізінде, солар, Аллаһтан өзге тілек етіп табынғандарыңның, барлығы бірігіп жиналса да ешқашан бір шыбынды да жарата алмайды. Егер шыбын олардан бір нәрсені алып кететін болса, олар одан / шыбыннан / оны кері қайтарып ала алмайды. Талап етуші де, талап етілуші де әлсіз.
Аллаһ жолында,Оған лайықты түрде болған ынта-жігермен күресіңдер, Ол сендерді таңдады әрі Ол сендерге дінде ешбір қиындық жасамады. Бұл - аталарың Ибраһимның діні. Елшінің сендерге куә болуы әрі сендердің адамдарға куә болуларың үшін Ол бұдан бұрын және осында сендерді Мұсылмандар / бойсұнушылар / деп атады. Намазды / барлық шарттарын сақтап, ықыласпен, беріле! толық орындаңдар, зекетті беріңдер және Аллаһтан мықтап ұстаңдар. Ол - сендердің қамқоршыларың. Ол - қандай жақсы қамқоршы әрі қандай жақсы көмек беруші.