Surah Al-Mutaffifin in Қазақша
سورة المطففين · Verses: 36 · Meccan
Translation: Қазақша translation 1 (الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد)
-
1
وَيۡلࣱ لِّلۡمُطَفِّفِينَ
Өлшеу,тартуда кеміткендерге нендей өкініш! -
2
ٱلَّذِينَ إِذَا ٱكۡتَالُواْ عَلَى ٱلنَّاسِ يَسۡتَوۡفُونَ
Олар қашан өлшеп алса,толық өлшеп алады да; -
3
وَإِذَا كَالُوهُمۡ أَو وَّزَنُوهُمۡ يُخۡسِرُونَ
Қашан олар,өлшеп немесе тартып беретін болса; кемітеді. -
4
أَلَا يَظُنُّ أُوْلَٰٓئِكَ أَنَّهُم مَّبۡعُوثُونَ
Олар қайта тірілетіндіктерін ойламай ма? -
5
لِيَوۡمٍ عَظِيمࣲ
Ол зор күн үшін ; -
6
يَوۡمَ يَقُومُ ٱلنَّاسُ لِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Ол күні адамдар,бүкіл әлменің Раббының алдында тұрады. -
7
كَلَّآ إِنَّ كِتَٰبَ ٱلۡفُجَّارِ لَفِي سِجِّينࣲ
Олай емес. Негізінен бұзықтардың дәптері төменгі орында болады. -
8
وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا سِجِّينࣱ
Төменгі орынның не екенін қайдан білесің? -
9
كِتَٰبࣱ مَّرۡقُومࣱ
Ол жазулы бір кітап. -
10
وَيۡلࣱ يَوۡمَئِذࣲ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Ол күні,жасынға шығарушыларға нендей өкініш! -
11
ٱلَّذِينَ يُكَذِّبُونَ بِيَوۡمِ ٱلدِّينِ
Олар,сондай қиямет күнін өтіріксінгендер. -
12
وَمَا يُكَذِّبُ بِهِۦٓ إِلَّا كُلُّ مُعۡتَدٍ أَثِيمٍ
Оны,шектен шыққан,күнәкар өтіріксінеді. -
13
إِذَا تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِ ءَايَٰتُنَا قَالَ أَسَٰطِيرُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Қашан оған аяттарымыз оқылса: ''Бұрынғылардың ертегісі'' деді. -
14
كَلَّاۖ بَلۡۜ رَانَ عَلَىٰ قُلُوبِهِم مَّا كَانُواْ يَكۡسِبُونَ
Жоқ,бәкім олардың жүректерін істеген қылықтарының таты басты. -
15
كَلَّآ إِنَّهُمۡ عَن رَّبِّهِمۡ يَوۡمَئِذࣲ لَّمَحۡجُوبُونَ
Жоқ,олай емес. Негізінде олар ол күні Раббыларының дидарыннан махрұм қалады. -
16
ثُمَّ إِنَّهُمۡ لَصَالُواْ ٱلۡجَحِيمِ
Сосын олар,әлбетте тозаққа кіреді. -
17
ثُمَّ يُقَالُ هَٰذَا ٱلَّذِي كُنتُم بِهِۦ تُكَذِّبُونَ
Сосын: ''Міне сендердің өтірік дегендерің осы!'', -деліндеді. -
18
كَلَّآ إِنَّ كِتَٰبَ ٱلۡأَبۡرَارِ لَفِي عِلِّيِّينَ
Жоқ, олай емес. Негізінен ізгілердің дәптері әрине жоғарғы орында болады. -
19
وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا عِلِّيُّونَ
Жоғарғы орынның не екенін қайдан білесің? -
20
كِتَٰبࣱ مَّرۡقُومࣱ
Ол жазулы бір кітап. -
21
يَشۡهَدُهُ ٱلۡمُقَرَّبُونَ
Оны,Аллаға жақын періштелер бақылайды. -
22
إِنَّ ٱلۡأَبۡرَارَ لَفِي نَعِيمٍ
Негізінен ізгілер,әрине нығымет ішінде болады. -
23
عَلَى ٱلۡأَرَآئِكِ يَنظُرُونَ
Олар диувандардың үстінде (Алланың нығыметтеріне) қарайды. -
24
تَعۡرِفُ فِي وُجُوهِهِمۡ نَضۡرَةَ ٱلنَّعِيمِ
Олардың бақытқа бөленгендіктерін шырайларынан таныйсың. -
25
يُسۡقَوۡنَ مِن رَّحِيقࣲ مَّخۡتُومٍ
Олар,мөрленген ішімдіктен сусындатылады. -
26
خِتَٰمُهُۥ مِسۡكࣱۚ وَفِي ذَٰلِكَ فَلۡيَتَنَافَسِ ٱلۡمُتَنَٰفِسُونَ
Оның сарқыны жұпар аңқиды.Жарысушылар,осыған жарыссын. -
27
وَمِزَاجُهُۥ مِن تَسۡنِيمٍ
Оның қоры, Тәсним бастауынан. -
28
عَيۡنࣰا يَشۡرَبُ بِهَا ٱلۡمُقَرَّبُونَ
Ол бастаудан Аллаға жақын болғандар ішеді. -
29
إِنَّ ٱلَّذِينَ أَجۡرَمُواْ كَانُواْ مِنَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ يَضۡحَكُونَ
Расында күнәкарлар,иман келтіргендерге күлетін еді. -
30
وَإِذَا مَرُّواْ بِهِمۡ يَتَغَامَزُونَ
Олар жандарынан өткенде,ымдасатын еді. -
31
وَإِذَا ٱنقَلَبُوٓاْ إِلَىٰٓ أَهۡلِهِمُ ٱنقَلَبُواْ فَكِهِينَ
Олар үйлеріне қайтып барған кезде,күңкілдесетін еді. -
32
وَإِذَا رَأَوۡهُمۡ قَالُوٓاْ إِنَّ هَٰٓؤُلَآءِ لَضَآلُّونَ
Қашан олар Мұсылмандарды көрсе :«Сөз жоқ, адасқандар » дейтін еді. -
33
وَمَآ أُرۡسِلُواْ عَلَيۡهِمۡ حَٰفِظِينَ
Олар,Мұсылмандарға бақылаушы етіліп жіберілмеді. -
34
فَٱلۡيَوۡمَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مِنَ ٱلۡكُفَّارِ يَضۡحَكُونَ
Ал енді бүгін мүміндер.кәпірлерге күледі. -
35
عَلَى ٱلۡأَرَآئِكِ يَنظُرُونَ
Олар тақтардың үстінде қарайды; -
36
هَلۡ ثُوِّبَ ٱلۡكُفَّارُ مَا كَانُواْ يَفۡعَلُونَ
«Кәпірлер,істегендерінің пайдасын көрді ме?»