Surah Ad-Duha in Қазақша
سورة الضحى · Verses: 11 · Meccan
Translation: Қазақша translation 1 (الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد)
-
1
وَٱلضُّحَىٰ
Сәске уақтына, -
2
وَٱلَّيۡلِ إِذَا سَجَىٰ
Тым-тырыс түнге ант. -
3
مَا وَدَّعَكَ رَبُّكَ وَمَا قَلَىٰ
Раббың сені тастамады да кейімеді. -
4
وَلَلۡأٓخِرَةُ خَيۡرࣱ لَّكَ مِنَ ٱلۡأُولَىٰ
Әрине сен үшін ахирет,дүниеден жақсы. -
5
وَلَسَوۡفَ يُعۡطِيكَ رَبُّكَ فَتَرۡضَىٰٓ
Әлбетте Раббың саған береді де разы боласың. -
6
أَلَمۡ يَجِدۡكَ يَتِيمࣰا فَـَٔاوَىٰ
Сені жетім түрде тауып орналастырмады ма? -
7
وَوَجَدَكَ ضَآلࣰّا فَهَدَىٰ
Сені абыржуда көріп, жолға салмады ма ? -
8
وَوَجَدَكَ عَآئِلࣰا فَأَغۡنَىٰ
Сені кедей көріп,байытпады ма? -
9
فَأَمَّا ٱلۡيَتِيمَ فَلَا تَقۡهَرۡ
Ендеше жетімді қорлама, -
10
وَأَمَّا ٱلسَّآئِلَ فَلَا تَنۡهَرۡ
Сұраушыны зекіме. -
11
وَأَمَّا بِنِعۡمَةِ رَبِّكَ فَحَدِّثۡ
Раббыңның нығметін білдір.