Surah Al-Lail in Қазақша
سورة الليل · Verses: 21 · Meccan
Translation: Қазақша translation 1 (الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد)
-
1
وَٱلَّيۡلِ إِذَا يَغۡشَىٰ
Қараңғылығы басқан сәтте,түнге, -
2
وَٱلنَّهَارِ إِذَا تَجَلَّىٰ
Жарқыраған сәтте күндізге, -
3
وَمَا خَلَقَ ٱلذَّكَرَ وَٱلۡأُنثَىٰٓ
Және еркек,ұрғашыны жаратқанға серт. -
4
إِنَّ سَعۡيَكُمۡ لَشَتَّىٰ
Негізінен кәсіптерің түрлі-түрлі. -
5
فَأَمَّا مَنۡ أَعۡطَىٰ وَٱتَّقَىٰ
Ал енді әлде кім (Алла жолында) берсе,тақуалық қылса, -
6
وَصَدَّقَ بِٱلۡحُسۡنَىٰ
Жақсылықты дұрыс деп білсе; -
7
فَسَنُيَسِّرُهُۥ لِلۡيُسۡرَىٰ
Сонда оның жолын оңайластырамыз. -
8
وَأَمَّا مَنۢ بَخِلَ وَٱسۡتَغۡنَىٰ
Ал енді әлде кім сараңдық істесе,елемесе, -
9
وَكَذَّبَ بِٱلۡحُسۡنَىٰ
Жақсылықты жасынға шығарса; -
10
فَسَنُيَسِّرُهُۥ لِلۡعُسۡرَىٰ
Сонда оның ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз. -
11
وَمَا يُغۡنِي عَنۡهُ مَالُهُۥٓ إِذَا تَرَدَّىٰٓ
(Тозаққа) жығылған сәтте,оның малы оған пайда бермейді. -
12
إِنَّ عَلَيۡنَا لَلۡهُدَىٰ
Негізінде тура жол көрсету бізге тән. -
13
وَإِنَّ لَنَا لَلۡأٓخِرَةَ وَٱلۡأُولَىٰ
Сөз жоқ,ақирет те дүние де біздікі. -
14
فَأَنذَرۡتُكُمۡ نَارࣰا تَلَظَّىٰ
Сондықтан сендерге жалындаған отты ескерттім. -
15
لَا يَصۡلَىٰهَآ إِلَّا ٱلۡأَشۡقَى
Оған жауыздар ғана кіреді. -
16
ٱلَّذِي كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ
Сондай өтірік деп жалтарғандар. -
17
وَسَيُجَنَّبُهَا ٱلۡأَتۡقَى
Тақуарақ болған одан ұзақтастырылады. -
18
ٱلَّذِي يُؤۡتِي مَالَهُۥ يَتَزَكَّىٰ
Сондай малын сарып қылып тазарғандар. -
19
وَمَا لِأَحَدٍ عِندَهُۥ مِن نِّعۡمَةࣲ تُجۡزَىٰٓ
Оның онда ешкімге берер еселі сыйлығы жоқ. (Біреудің өзіне істегенінің бодауы үшін емес) -
20
إِلَّا ٱبۡتِغَآءَ وَجۡهِ رَبِّهِ ٱلۡأَعۡلَىٰ
Бірақ ұлы Раббының дидарына ғана іздейді. -
21
وَلَسَوۡفَ يَرۡضَىٰ
Сондай ақ ол,таяуда разы болады.