Surah Ash-Shams in Қазақша
سورة الشمس · Verses: 15 · Meccan
Translation: Қазақша translation 1 (الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد)
-
1
وَٱلشَّمۡسِ وَضُحَىٰهَا
Күнге және оның жарығына, -
2
وَٱلۡقَمَرِ إِذَا تَلَىٰهَا
Ай,күнге ерген сәтте, -
3
وَٱلنَّهَارِ إِذَا جَلَّىٰهَا
Жарқыраған сәтте күндізге, -
4
وَٱلَّيۡلِ إِذَا يَغۡشَىٰهَا
Күнідізді жапқан кезде түнге. -
5
وَٱلسَّمَآءِ وَمَا بَنَىٰهَا
Аспанға және оны жасағанға, -
6
وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا طَحَىٰهَا
Жерге және оны жайғанға, -
7
وَنَفۡسࣲ وَمَا سَوَّىٰهَا
Кісіге және оны толықтағанға, -
8
فَأَلۡهَمَهَا فُجُورَهَا وَتَقۡوَىٰهَا
Сонда оған жамандық әрі тақуалық қабілеті бергенге серт.(90-С.10-А) -
9
قَدۡ أَفۡلَحَ مَن زَكَّىٰهَا
Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды да; -
10
وَقَدۡ خَابَ مَن دَسَّىٰهَا
Әлде кім оны кірлетсе қор болды. -
11
كَذَّبَتۡ ثَمُودُ بِطَغۡوَىٰهَآ
Сәмүдтің азғындары өтіріксінді. -
12
إِذِ ٱنۢبَعَثَ أَشۡقَىٰهَا
Оның ең жауызы қарсы шыққанда, -
13
فَقَالَ لَهُمۡ رَسُولُ ٱللَّهِ نَاقَةَ ٱللَّهِ وَسُقۡيَٰهَا
Сонда Алланың елшісі оларға: «Алланың түйесіне әрі оның суарылуына килікпеңдер» деді. -
14
فَكَذَّبُوهُ فَعَقَرُوهَا فَدَمۡدَمَ عَلَيۡهِمۡ رَبُّهُم بِذَنۢبِهِمۡ فَسَوَّىٰهَا
Бірақ олар оны жасынға шығарып,түйені өлтіріп тастады.Ал,сонда Раббылары оларға қылмыстарының салдарынан апат жіберіп,жермен жексен қылды. -
15
وَلَا يَخَافُ عُقۡبَٰهَا
Алла,оның соңынан қорықпайды.