Surah Al-Balad in Қазақша
سورة البلد · Verses: 20 · Meccan
Translation: Қазақша translation 1 (الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد)
-
1
لَآ أُقۡسِمُ بِهَٰذَا ٱلۡبَلَدِ
Жоқ,осы(Мекке) қаласына ант етемін; -
2
وَأَنتَ حِلُّۢ بِهَٰذَا ٱلۡبَلَدِ
(Мұхаммед Ғ.С) сен осы қалада отырасың. -
3
وَوَالِدࣲ وَمَا وَلَدَ
Әкеге,балаға (Адам Ғ.С мен балаларына) серт! -
4
لَقَدۡ خَلَقۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ فِي كَبَدٍ
Расында адамзатты әбігер жараттық. -
5
أَيَحۡسَبُ أَن لَّن يَقۡدِرَ عَلَيۡهِ أَحَدࣱ
Өзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма? -
6
يَقُولُ أَهۡلَكۡتُ مَالࣰا لُّبَدًا
«Толып жатқан мал ысырап еттім» дейді. -
7
أَيَحۡسَبُ أَن لَّمۡ يَرَهُۥٓ أَحَدٌ
Оны біреу көрмеді дей ойлай ма? -
8
أَلَمۡ نَجۡعَل لَّهُۥ عَيۡنَيۡنِ
Оған екі көз жаратпадық па? -
9
وَلِسَانࣰا وَشَفَتَيۡنِ
Әрі бір тіл,екі ерін ? -
10
وَهَدَيۡنَٰهُ ٱلنَّجۡدَيۡنِ
Оған екі жол көрсетпедік пе? -
11
فَلَا ٱقۡتَحَمَ ٱلۡعَقَبَةَ
Сонда ол,кедергіні асуға тырыспады. -
12
وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا ٱلۡعَقَبَةُ
Кедергінің не екенін қайдан білесің? -
13
فَكُّ رَقَبَةٍ
Ол;құл азат ету, -
14
أَوۡ إِطۡعَٰمࣱ فِي يَوۡمࣲ ذِي مَسۡغَبَةࣲ
Немесе ашаршылық күнде тамақтандыру; -
15
يَتِيمࣰا ذَا مَقۡرَبَةٍ
Жақындағы болған бір жетімді, -
16
أَوۡ مِسۡكِينࣰا ذَا مَتۡرَبَةࣲ
Немесе шаң топырақтағы сорлыны. -
17
ثُمَّ كَانَ مِنَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَتَوَاصَوۡاْ بِٱلصَّبۡرِ وَتَوَاصَوۡاْ بِٱلۡمَرۡحَمَةِ
Сосын иман келтіріп,бір-біріне сабыр меңзегендерден және өзара мейірімділік кеңесін бергендерден болу. -
18
أُوْلَٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡمَيۡمَنَةِ
Міне осылар; оңшылдар. -
19
وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِـَٔايَٰتِنَا هُمۡ أَصۡحَٰبُ ٱلۡمَشۡـَٔمَةِ
Сондай аяттарымызға қарсы шыққандар,олар; солшылдар. -
20
عَلَيۡهِمۡ نَارࣱ مُّؤۡصَدَةُۢ
Олар тозаққа қамалады.