Surah Ar-Ra'd in Қазақша

سورة الرعد

Medinan Verses: 43 Juz 13 Page 249 Revelation order: 96
Translation:
Khalifa Altai Association

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

الٓمٓرۚ تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱلۡكِتَٰبِۗ وَٱلَّذِيٓ أُنزِلَ إِلَيۡكَ مِن رَّبِّكَ ٱلۡحَقُّ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يُؤۡمِنُونَ ١

Әлиф Ләм Ра. / Ей, Мұхаммед! / Бұл Кітаптың аяттары. Әрі Раббыңнан саған түсірілгендер ақиқат. Алайда, адамдардың көбі сенбейді.

ٱللَّهُ ٱلَّذِي رَفَعَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ بِغَيۡرِ عَمَدࣲ تَرَوۡنَهَاۖ ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰ عَلَى ٱلۡعَرۡشِۖ وَسَخَّرَ ٱلشَّمۡسَ وَٱلۡقَمَرَۖ كُلࣱّ يَجۡرِي لِأَجَلࣲ مُّسَمࣰّىۚ يُدَبِّرُ ٱلۡأَمۡرَ يُفَصِّلُ ٱلۡأٓيَٰتِ لَعَلَّكُم بِلِقَآءِ رَبِّكُمۡ تُوقِنُونَ ٢

Аллаһ Ол аспандарды тірексіз көтерген, оны / тіректі / болғанда көретін едіңдер, кейін Аршыға көтерілді. Әрі күн мен айды бағынышты етті. Олардың әрқайсысы белгіленген бір мерзімге дейін қозғалады. Ол бүкіл істерді басқарады әрі өздеріңнің Раббыңа жолығуға айқын сенулерің үшін белгі-дәлелдерді анық етіп түсіндіреді.

وَهُوَ ٱلَّذِي مَدَّ ٱلۡأَرۡضَ وَجَعَلَ فِيهَا رَوَٰسِيَ وَأَنۡهَٰرࣰاۖ وَمِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِ جَعَلَ فِيهَا زَوۡجَيۡنِ ٱثۡنَيۡنِۖ يُغۡشِي ٱلَّيۡلَ ٱلنَّهَارَۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتࣲ لِّقَوۡمࣲ يَتَفَكَّرُونَ ٣

Әрі Ол жерді созып / жайып / және он­да берік орнатылғандарды / тауларды / әрі өзендерді пайда қылған және онда жемістердің әрбірінен жұп етіп екеу жасаған. Ол түнмен күндізді жабады. Ақиқатында, осыларда ойланып қарайтын адамдар үшін белгі-дәлелдер бар.

وَفِي ٱلۡأَرۡضِ قِطَعࣱ مُّتَجَٰوِرَٰتࣱ وَجَنَّٰتࣱ مِّنۡ أَعۡنَٰبࣲ وَزَرۡعࣱ وَنَخِيلࣱ صِنۡوَانࣱ وَغَيۡرُ صِنۡوَانࣲ يُسۡقَىٰ بِمَآءࣲ وَٰحِدࣲ وَنُفَضِّلُ بَعۡضَهَا عَلَىٰ بَعۡضࣲ فِي ٱلۡأُكُلِۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتࣲ لِّقَوۡمࣲ يَعۡقِلُونَ ٤

Әрі жерде бір-біріне көршілес жатқан бөліктер бар және жүзім бақтары, егіндер, бір тамырдан бірнеше болып және жалғыз болып шығатын құрма ағаштары бар. Олар бір сумен суғарылады, бірақ оларды тамақ ретінде бірінен-бірін артық етеміз. Ақиқатында, бұларда ақылмен ұғынатын адамдар үшін дәл елдер бар.

۞ وَإِن تَعۡجَبۡ فَعَجَبࣱ قَوۡلُهُمۡ أَءِذَا كُنَّا تُرَٰبًا أَءِنَّا لَفِي خَلۡقࣲ جَدِيدٍۗ أُوْلَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِرَبِّهِمۡۖ وَأُوْلَٰٓئِكَ ٱلۡأَغۡلَٰلُ فِيٓ أَعۡنَاقِهِمۡۖ وَأُوْلَٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ ٥

Ей, Мұхаммед! / Егер сен таң қалатын болсаң, олардың: «Біз топырақ болып кеткенімізде, жаңадан жаратыламыз ба?» дегендері таң қаларлық сөз. Міне, солар өздерінің Раббысына күпірлік еткендер / сенбеген, қарсы келгендер /. Әрі олар мойындарында бұғаулар болатындар және солар оттағылар. Олар ол жерде мәңгі қалушылар.

وَيَسۡتَعۡجِلُونَكَ بِٱلسَّيِّئَةِ قَبۡلَ ٱلۡحَسَنَةِ وَقَدۡ خَلَتۡ مِن قَبۡلِهِمُ ٱلۡمَثُلَٰتُۗ وَإِنَّ رَبَّكَ لَذُو مَغۡفِرَةࣲ لِّلنَّاسِ عَلَىٰ ظُلۡمِهِمۡۖ وَإِنَّ رَبَّكَ لَشَدِيدُ ٱلۡعِقَابِ ٦

Олар сені жақсылыққа қарағанда жамандыққа / оның тез болуын сұрап / асықтырады. Оларға дейін осы секілді ғибрат аларлық жазалар болып өткен еді. Анығында, Раббың адамдарға, олардың әділетсіздік етіп жатқанына қарамастан кешірім Иесі. Негізінде, Раббың жазаны беруде де қатты.

وَيَقُولُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَوۡلَآ أُنزِلَ عَلَيۡهِ ءَايَةࣱ مِّن رَّبِّهِۦٓۗ إِنَّمَآ أَنتَ مُنذِرࣱۖ وَلِكُلِّ قَوۡمٍ هَادٍ ٧

Әрі сондай күпірлік етушілер / қарсы келушілер / :«Неге оған Раббысынан бір мұғжиза түсірілмейді?» дейді. Шын мәнінде, сен бір ескертуші ғанасың. Әрі әрбір ел үшін / тура жолға шақыратын / жетекші бар.

ٱللَّهُ يَعۡلَمُ مَا تَحۡمِلُ كُلُّ أُنثَىٰ وَمَا تَغِيضُ ٱلۡأَرۡحَامُ وَمَا تَزۡدَادُۚ وَكُلُّ شَيۡءٍ عِندَهُۥ بِمِقۡدَارٍ ٨

Аллаһ әрбір ұрғашының нені көтеріп жүргенін және жатырлардың нені кемітіп, арттыратынын біледі. Әрбір нәрсе Оның алдында өлшеулі.

عَٰلِمُ ٱلۡغَيۡبِ وَٱلشَّهَٰدَةِ ٱلۡكَبِيرُ ٱلۡمُتَعَالِ ٩

Ол ғайып пен анық нәрсені Білуші, өте Үлкен, бәрінен Жоғары.

سَوَآءࣱ مِّنكُم مَّنۡ أَسَرَّ ٱلۡقَوۡلَ وَمَن جَهَرَ بِهِۦ وَمَنۡ هُوَ مُسۡتَخۡفِۭ بِٱلَّيۡلِ وَسَارِبُۢ بِٱلنَّهَارِ ١٠

Сендерден кім сөзді жасырса да, не оны жария сөйлесе де және кім түнде жасырынып, күндіз ашық шықса да / Оған / бәрі бірдей.

لَهُۥ مُعَقِّبَٰتࣱ مِّنۢ بَيۡنِ يَدَيۡهِ وَمِنۡ خَلۡفِهِۦ يَحۡفَظُونَهُۥ مِنۡ أَمۡرِ ٱللَّهِۗ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُغَيِّرُ مَا بِقَوۡمٍ حَتَّىٰ يُغَيِّرُواْ مَا بِأَنفُسِهِمۡۗ وَإِذَآ أَرَادَ ٱللَّهُ بِقَوۡمࣲ سُوٓءࣰا فَلَا مَرَدَّ لَهُۥۚ وَمَا لَهُم مِّن دُونِهِۦ مِن وَالٍ ١١

Оның / әрбір адамның / алдында әрі артында, Аллаһтың әмірі бойынша қорғайтын муъаққибат / одан айрылмай жүретін періштелер / п77 бар. Анығында, адамдар өздеріңдегіні / иман, бойсұну, ізгі амалдар, шүкіршілігін т. б. / 1178 өзгертпейінше, Аллаһ олардағыны өзгертпейді. Ал, Аллаһ бір елге жамандық қаласа, онда оны еш нәрсе қайтара алмайды. Әрі Одан өзге оларға ешбір қамқорлық етуші жоқ.

هُوَ ٱلَّذِي يُرِيكُمُ ٱلۡبَرۡقَ خَوۡفࣰا وَطَمَعࣰا وَيُنشِئُ ٱلسَّحَابَ ٱلثِّقَالَ ١٢

Ол / Аллаһ! сендерге найзағайды қорқыныш және үміт ретінде көрсетеді әрі ауыр бұлттарды пайда қылады.

وَيُسَبِّحُ ٱلرَّعۡدُ بِحَمۡدِهِۦ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ مِنۡ خِيفَتِهِۦ وَيُرۡسِلُ ٱلصَّوَٰعِقَ فَيُصِيبُ بِهَا مَن يَشَآءُ وَهُمۡ يُجَٰدِلُونَ فِي ٱللَّهِ وَهُوَ شَدِيدُ ٱلۡمِحَالِ ١٣

Күннің күркіреуі Оны мақтап, дәріптейді және Одан қорыққандықтан періштелер де. Әрі Ол саъиқа жіберіп, онымен қалағанын ұрады. Ал олар / мүшріктер / болса, Аллаһ жайында сөз таластырады. Ал, Ол жазалауда өте қатты.

لَهُۥ دَعۡوَةُ ٱلۡحَقِّۚ وَٱلَّذِينَ يَدۡعُونَ مِن دُونِهِۦ لَا يَسۡتَجِيبُونَ لَهُم بِشَيۡءٍ إِلَّا كَبَٰسِطِ كَفَّيۡهِ إِلَى ٱلۡمَآءِ لِيَبۡلُغَ فَاهُ وَمَا هُوَ بِبَٰلِغِهِۦۚ وَمَا دُعَآءُ ٱلۡكَٰفِرِينَ إِلَّا فِي ضَلَٰلࣲ ١٤

Ақиқаттың шақыруы / сиыну, дұға-тілектер / Оған / арналады!. Ал Одан өзге шақырылғандар еш нәрсемен жауап бермейді. / Серік қосушылар / суды аузына әкелу үшін екі қолын созған біреу тәрізді, алайда су оның аузына жетпейді. Кәпірлердің тілегі тек адасушылық ішінде.

وَلِلَّهِۤ يَسۡجُدُۤ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ طَوۡعࣰا وَكَرۡهࣰا وَظِلَٰلُهُم بِٱلۡغُدُوِّ وَٱلۡأٓصَالِ۩ ١٥

Аспандардағы және жердегі әрбіреу ерікті және еріксіз түрде, таңертең және күндіздің соңында1'84 Аллаһқа сәжде жасайды әрі олардың көлеңкелері де.

قُلۡ مَن رَّبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ قُلِ ٱللَّهُۚ قُلۡ أَفَٱتَّخَذۡتُم مِّن دُونِهِۦٓ أَوۡلِيَآءَ لَا يَمۡلِكُونَ لِأَنفُسِهِمۡ نَفۡعࣰا وَلَا ضَرࣰّاۚ قُلۡ هَلۡ يَسۡتَوِي ٱلۡأَعۡمَىٰ وَٱلۡبَصِيرُ أَمۡ هَلۡ تَسۡتَوِي ٱلظُّلُمَٰتُ وَٱلنُّورُۗ أَمۡ جَعَلُواْ لِلَّهِ شُرَكَآءَ خَلَقُواْ كَخَلۡقِهِۦ فَتَشَٰبَهَ ٱلۡخَلۡقُ عَلَيۡهِمۡۚ قُلِ ٱللَّهُ خَٰلِقُ كُلِّ شَيۡءࣲ وَهُوَ ٱلۡوَٰحِدُ ٱلۡقَهَّٰرُ ١٦

Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аспандардың және жердің Раббысы кім?» деп. Айт: «Аллаһ!» деп. Айт: «Сендер өздеріне не пайда, не зиян келтіре алмайтын біреулерді, Одан өзге қамқоршылар етіп алдыңдар ма?» деп. Айт: «Соқыр мен көруші тең бе немесе қараңғылықтар мен жарық тең бе? Я болмаса, олар Аллаһқа, Оның жаратқанындай жарататын, жаратулары Аллаһтың жаратуына ұқсас келетін ортақтар қоса ма?» деп. Айт: «Аллаһ барлық нәрсенің Жаратушысы. Әрі Ол Жалғыз, Біреу , бәрін Бағындырушы / ».

أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءࣰ فَسَالَتۡ أَوۡدِيَةُۢ بِقَدَرِهَا فَٱحۡتَمَلَ ٱلسَّيۡلُ زَبَدࣰا رَّابِيࣰاۖ وَمِمَّا يُوقِدُونَ عَلَيۡهِ فِي ٱلنَّارِ ٱبۡتِغَآءَ حِلۡيَةٍ أَوۡ مَتَٰعࣲ زَبَدࣱ مِّثۡلُهُۥۚ كَذَٰلِكَ يَضۡرِبُ ٱللَّهُ ٱلۡحَقَّ وَٱلۡبَٰطِلَۚ فَأَمَّا ٱلزَّبَدُ فَيَذۡهَبُ جُفَآءࣰۖ وَأَمَّا مَا يَنفَعُ ٱلنَّاسَ فَيَمۡكُثُ فِي ٱلۡأَرۡضِۚ كَذَٰلِكَ يَضۡرِبُ ٱللَّهُ ٱلۡأَمۡثَالَ ١٧

Ол аспаннан су түсіріп, аңғарлар өз мөлшеріне сай суға толды. Сонда, сел көпірген көбіктерді алып кетті. Сондай-ақ олардың әшекей немесе бір бұйым / жасауды / қалап, от ішіне салып еріткендерінен де сондай көбік / пайда / болады. Аллаһ ақиқат пен жалғанды осылай етіп келтіреді. Көбік тарап жоғалады да адамдарға пайда келтіретін нәрсе жерде қалады. Аллаһ мысалдарды міне осылай береді.

لِلَّذِينَ ٱسۡتَجَابُواْ لِرَبِّهِمُ ٱلۡحُسۡنَىٰۚ وَٱلَّذِينَ لَمۡ يَسۡتَجِيبُواْ لَهُۥ لَوۡ أَنَّ لَهُم مَّا فِي ٱلۡأَرۡضِ جَمِيعࣰا وَمِثۡلَهُۥ مَعَهُۥ لَٱفۡتَدَوۡاْ بِهِۦٓۚ أُوْلَٰٓئِكَ لَهُمۡ سُوٓءُ ٱلۡحِسَابِ وَمَأۡوَىٰهُمۡ جَهَنَّمُۖ وَبِئۡسَ ٱلۡمِهَادُ ١٨

Өздерінің Раббысына жауап бергендер үшін ең жақсысы / Жәннат / бар. Ал, Оған жауап бермегендер, жердегі нәрселердің барлығы және сонымен бірге тағы сондай нәрсе өздерінде болса, / құтылу үшін / оны өтем етіп төлер еді. Міне, осыларға есептің жаманы болады, олардың тұрағы Жаһаннам. Ол неткен жаман орын.

۞ أَفَمَن يَعۡلَمُ أَنَّمَآ أُنزِلَ إِلَيۡكَ مِن رَّبِّكَ ٱلۡحَقُّ كَمَنۡ هُوَ أَعۡمَىٰٓۚ إِنَّمَا يَتَذَكَّرُ أُوْلُواْ ٱلۡأَلۡبَٰبِ ١٩

Ей, Мұхаммед! / Саған Раббыңнан түсірілгеннің ақиқат екенін білетін адам, соқыр адам секілді ме? Негізінде, мұны ақыл иелері естеріне алады.

ٱلَّذِينَ يُوفُونَ بِعَهۡدِ ٱللَّهِ وَلَا يَنقُضُونَ ٱلۡمِيثَٰقَ ٢٠

Солар Аллаһпен болған уәделерін орындайтын әрі келісімдерін бұзбайтындар,

وَٱلَّذِينَ يَصِلُونَ مَآ أَمَرَ ٱللَّهُ بِهِۦٓ أَن يُوصَلَ وَيَخۡشَوۡنَ رَبَّهُمۡ وَيَخَافُونَ سُوٓءَ ٱلۡحِسَابِ ٢١

және солар Аллаһ жалғануын бұйырғанды жалғайтын және өздерінің Раббысынан қорқатын әрі Есептің жаман болуынан қауіптенетіндер,

وَٱلَّذِينَ صَبَرُواْ ٱبۡتِغَآءَ وَجۡهِ رَبِّهِمۡ وَأَقَامُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَأَنفَقُواْ مِمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡ سِرࣰّا وَعَلَانِيَةࣰ وَيَدۡرَءُونَ بِٱلۡحَسَنَةِ ٱلسَّيِّئَةَ أُوْلَٰٓئِكَ لَهُمۡ عُقۡبَى ٱلدَّارِ ٢٢

және солар өздерінің Раббысының дидарын / разылығы мен сыйын / іздеп сабыр ететін және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтын әрі өздеріне ризық етіп бергенімізден құпия және жария түрде жұмсайтын және жамандықты жақсылықпен кетіретіндер. Міне, солар үшін соңғы мекен -

جَنَّٰتُ عَدۡنࣲ يَدۡخُلُونَهَا وَمَن صَلَحَ مِنۡ ءَابَآئِهِمۡ وَأَزۡوَٰجِهِمۡ وَذُرِّيَّٰتِهِمۡۖ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ يَدۡخُلُونَ عَلَيۡهِم مِّن كُلِّ بَابࣲ ٢٣

’Адн Жәннатының бақтары. Оған олар әкелері / ата-аналары / , жұбайлары және ұрпақтарының ізгі болғандарымен бірге кіреді. Оларға періштелер барлық қақпалардан кіріп:

سَلَٰمٌ عَلَيۡكُم بِمَا صَبَرۡتُمۡۚ فَنِعۡمَ عُقۡبَى ٱلدَّارِ ٢٤

«Сабыр еткендерің үшін сендерге «сәлем» / амандық болсын / !» дейді. бұл соңғы тұрақ қандай керемет.

وَٱلَّذِينَ يَنقُضُونَ عَهۡدَ ٱللَّهِ مِنۢ بَعۡدِ مِيثَٰقِهِۦ وَيَقۡطَعُونَ مَآ أَمَرَ ٱللَّهُ بِهِۦٓ أَن يُوصَلَ وَيُفۡسِدُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ أُوْلَٰٓئِكَ لَهُمُ ٱللَّعۡنَةُ وَلَهُمۡ سُوٓءُ ٱلدَّارِ ٢٥

Ал, Аллаһпен уәде бекіткеннен кейін оны бұзатындар және Аллаһ жалғауды бұйырғанды / туыстық қатынасты / үзетіндер әрі жер бетінде бұзу-бүлдірушілік істейтіндерге лағнет және тұрақтың жаманы / тозақ / бар.

ٱللَّهُ يَبۡسُطُ ٱلرِّزۡقَ لِمَن يَشَآءُ وَيَقۡدِرُۚ وَفَرِحُواْ بِٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَمَا ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَا فِي ٱلۡأٓخِرَةِ إِلَّا مَتَٰعࣱ ٢٦

Аллаһ қалаған құлына ризықты кеңітіп не тарылтып қояды. Ал, олар / қарсы келушілер / осы өмірге қуанып, мәз болуда. Бірақ осы өмір кейінгі соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / қарағанда уақытша пайдалану ғана.

وَيَقُولُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَوۡلَآ أُنزِلَ عَلَيۡهِ ءَايَةࣱ مِّن رَّبِّهِۦۚ قُلۡ إِنَّ ٱللَّهَ يُضِلُّ مَن يَشَآءُ وَيَهۡدِيٓ إِلَيۡهِ مَنۡ أَنَابَ ٢٧

Әрі сондай күпірлік етушілер / иманға
келмегендер / :«Оған неге Раббысынан
бір мұғжиза түсірілмейді?» дейді. / Ей,
Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ қалаған құлын адастырып, ал Өзіне бойсұнып қайтушыны / тәубеге келушіні / тура жолға салады», деп.

ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَتَطۡمَئِنُّ قُلُوبُهُم بِذِكۡرِ ٱللَّهِۗ أَلَا بِذِكۡرِ ٱللَّهِ تَطۡمَئِنُّ ٱلۡقُلُوبُ ٢٨

Солар иманға келгендер және Аллаһтың Еске салуымен / Құранмен / жүректері тыныштық тауып, орныққандар. Біліңдер! Жүректер Аллаһтың Еске салуымен / Құранмен / тыныштық тауып, орнығады.

ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ طُوبَىٰ لَهُمۡ وَحُسۡنُ مَـَٔابࣲ ٢٩

Сондай иманға келген және ізгі амал жасағандарға Туба (Жәннаттағы игі ағаш) әрі қайтар орынның көркемі бар.

كَذَٰلِكَ أَرۡسَلۡنَٰكَ فِيٓ أُمَّةࣲ قَدۡ خَلَتۡ مِن قَبۡلِهَآ أُمَمࣱ لِّتَتۡلُوَاْ عَلَيۡهِمُ ٱلَّذِيٓ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ وَهُمۡ يَكۡفُرُونَ بِٱلرَّحۡمَٰنِۚ قُلۡ هُوَ رَبِّي لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ عَلَيۡهِ تَوَكَّلۡتُ وَإِلَيۡهِ مَتَابِ ٣٠

Ей, Мұхаммед И Осылай етіп Біз сені өзіңе уахи еткенімізді оқуың үшін өздерінен бұрын / өзге / үмметтер өткен елге жібердік. Ал, олар әр-Рахманға / аса Мейірімдіге / күпірлік етуде / сенбеуде, қарсы келуде /. Айт: «Ол менің Раббым, Одан басқа ешқандай құдай жоқ. Мен Аллаһқа жүгініп, Оған ісімді тапсырдым / тәуекел еттім / әрі Оған тәубе етемін / бойсұнуға қайтамын / », деп.

وَلَوۡ أَنَّ قُرۡءَانࣰا سُيِّرَتۡ بِهِ ٱلۡجِبَالُ أَوۡ قُطِّعَتۡ بِهِ ٱلۡأَرۡضُ أَوۡ كُلِّمَ بِهِ ٱلۡمَوۡتَىٰۗ بَل لِّلَّهِ ٱلۡأَمۡرُ جَمِيعًاۗ أَفَلَمۡ يَاْيۡـَٔسِ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَن لَّوۡ يَشَآءُ ٱللَّهُ لَهَدَى ٱلنَّاسَ جَمِيعࣰاۗ وَلَا يَزَالُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ تُصِيبُهُم بِمَا صَنَعُواْ قَارِعَةٌ أَوۡ تَحُلُّ قَرِيبࣰا مِّن دَارِهِمۡ حَتَّىٰ يَأۡتِيَ وَعۡدُ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُخۡلِفُ ٱلۡمِيعَادَ ٣١

Әрі олар / :«Егер, бір Кітап болып, ол арқылы таулар жүргізіліп, немесе онымен жер тілімдене айрылып немесе онымен өліктер сөйлетілетін болғанда?» деді. Жоқ! Барлық әмір / билік, бұйрық, іс / Аллаһта. Иманға келгендер, Аллаһ егер қалағанда, адамдардың барлығын тура жолмен жүргізетінін білмей ме? Ал, сондай күпірлік еткендерге / Аллаһқақарсы келгендерге / істеген істері үшін пәлекеттер тиеді немесе олардың тұрақ, мекендеріне жақын жерде болады. Бұл Аллаһтың уәдесі келгенге дейін жалғасады. Ақиқатында, Аллаһ уәдені бұзбайды.

وَلَقَدِ ٱسۡتُهۡزِئَ بِرُسُلࣲ مِّن قَبۡلِكَ فَأَمۡلَيۡتُ لِلَّذِينَ كَفَرُواْ ثُمَّ أَخَذۡتُهُمۡۖ فَكَيۡفَ كَانَ عِقَابِ ٣٢

Ей, Мұхаммед! / Анығында, сенен бұрынғы елшілер де келеке етілген еді. Мен сондай күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / уақыт беріп, кейін оларды ұстадым / жазаға тарттым /. Жазалауым қандай екен?

أَفَمَنۡ هُوَ قَآئِمٌ عَلَىٰ كُلِّ نَفۡسِۭ بِمَا كَسَبَتۡۗ وَجَعَلُواْ لِلَّهِ شُرَكَآءَ قُلۡ سَمُّوهُمۡۚ أَمۡ تُنَبِّـُٔونَهُۥ بِمَا لَا يَعۡلَمُ فِي ٱلۡأَرۡضِ أَم بِظَٰهِرࣲ مِّنَ ٱلۡقَوۡلِۗ بَلۡ زُيِّنَ لِلَّذِينَ كَفَرُواْ مَكۡرُهُمۡ وَصُدُّواْ عَنِ ٱلسَّبِيلِۗ وَمَن يُضۡلِلِ ٱللَّهُ فَمَا لَهُۥ مِنۡ هَادࣲ ٣٣

Барлық жанды істеген ісімен бірге бақылап тұрушы Ол өзгелермен бірдей ме? Ал, олар Аллаһқа серіктер қосты. Айт: «Оларды атаңдаршы. Әлде сендер Оған жер бетінде Ол білмейтін бір нәрсенің хабарын бермекшісіңдер ме, әлде бұл бос сөз бе?» деп. Жоқ, керісінше, сондай күпірлік еткендерге / Аллаһқа серік қосқандарға / қулықтары әдемі етіп көрсетіліп, олар жолдан тосылды. Ал, кімді Аллаһ адастырса, оған тура жол көрсетуші жоқ.

لَّهُمۡ عَذَابࣱ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۖ وَلَعَذَابُ ٱلۡأٓخِرَةِ أَشَقُّۖ وَمَا لَهُم مِّنَ ٱللَّهِ مِن وَاقࣲ ٣٤

Оларға осы өмірде азап бар. Ал соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / азабы одан да ауыр. Әрі оларды Аллаһтан қорғаушы жоқ.

۞ مَّثَلُ ٱلۡجَنَّةِ ٱلَّتِي وُعِدَ ٱلۡمُتَّقُونَۖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُۖ أُكُلُهَا دَآئِمࣱ وَظِلُّهَاۚ تِلۡكَ عُقۡبَى ٱلَّذِينَ ٱتَّقَواْۚ وَّعُقۡبَى ٱلۡكَٰفِرِينَ ٱلنَّارُ ٣٥

Тақуаларға / Аллаһқабойсұнып, жаза­сынан қорқып, сақтанатындарға / уәде етілген жәннат бақтарының мысалы оның астынан өзендер ағып жатады, оның жемістері және көлеңкелері әрдайым тұрақты. Тақуалардың / Раббысының жазасынан қорқып, сақтанатындардың / нәтижесі міне осындай. Ал, кәпірлердің соңы От / тозақ /.

وَٱلَّذِينَ ءَاتَيۡنَٰهُمُ ٱلۡكِتَٰبَ يَفۡرَحُونَ بِمَآ أُنزِلَ إِلَيۡكَۖ وَمِنَ ٱلۡأَحۡزَابِ مَن يُنكِرُ بَعۡضَهُۥۚ قُلۡ إِنَّمَآ أُمِرۡتُ أَنۡ أَعۡبُدَ ٱللَّهَ وَلَآ أُشۡرِكَ بِهِۦٓۚ إِلَيۡهِ أَدۡعُواْ وَإِلَيۡهِ مَـَٔابِ ٣٦

Ей, Мұхаммед! / Біз Кітап бергендерден саған түсірілгенге / Құранға / қуанатындар әрі / Аллаһтың Елшісіне қарсы / одақтас топтардың ішінде оның / Құранның / бір бөлігін теріске шығаратындар бар. Айт: «Шын мәнінде, мен Аллаһқа құлшылық етуге және Онымен қатар өзгелерге табынбауға / серік қоспауға / бұйырылдым. Әрі мен Оған шақырамын және Оған қайтамын», деп.

وَكَذَٰلِكَ أَنزَلۡنَٰهُ حُكۡمًا عَرَبِيࣰّاۚ وَلَئِنِ ٱتَّبَعۡتَ أَهۡوَآءَهُم بَعۡدَ مَا جَآءَكَ مِنَ ٱلۡعِلۡمِ مَا لَكَ مِنَ ٱللَّهِ مِن وَلِيࣲّ وَلَا وَاقࣲ ٣٧

Осылай Біз оны / Құранды / үкім етіп, арабша түсірдік. Егер өзіңе білім келгеннен кейін олардың көңілқұмарлығына ерсең, сені Аллаһтан / Оның жазасынан / арашалайтын бір жәрдемші де, қорғаушы да болмайды.

وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا رُسُلࣰا مِّن قَبۡلِكَ وَجَعَلۡنَا لَهُمۡ أَزۡوَٰجࣰا وَذُرِّيَّةࣰۚ وَمَا كَانَ لِرَسُولٍ أَن يَأۡتِيَ بِـَٔايَةٍ إِلَّا بِإِذۡنِ ٱللَّهِۗ لِكُلِّ أَجَلࣲ كِتَابࣱ ٣٨

Ей, Мұхаммед! / Сенен бұрын да елшілер жібердік әрі оларға жұбайлар мен ұрпақтар бердік. Бірде-бір Елшінің Аллаһтың рұқсатымен болмаса, қандай да бір белгі-мұғжиза келтіруі мүмкін емес. Әрбір мерзімнің уақыты жазулы.

يَمۡحُواْ ٱللَّهُ مَا يَشَآءُ وَيُثۡبِتُۖ وَعِندَهُۥٓ أُمُّ ٱلۡكِتَٰبِ ٣٩

Аллаһ қалаған нәрсесін өшіреді әрі / қалағанын / бекітеді. Кітаптың анасы / түпнұсқасы / Оның құзырында.

وَإِن مَّا نُرِيَنَّكَ بَعۡضَ ٱلَّذِي نَعِدُهُمۡ أَوۡ نَتَوَفَّيَنَّكَ فَإِنَّمَا عَلَيۡكَ ٱلۡبَلَٰغُ وَعَلَيۡنَا ٱلۡحِسَابُ ٤٠

Ей, Мұхаммед! / Саған оларға уәде етіп отырғанымыздың кейбірін көрсетсек те, немесе сенің жаныңды алсақ та, негізіңде саған жеткізу ғана міндет. Ал есеп алу Біздің міндетімізде.

أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّا نَأۡتِي ٱلۡأَرۡضَ نَنقُصُهَا مِنۡ أَطۡرَافِهَاۚ وَٱللَّهُ يَحۡكُمُ لَا مُعَقِّبَ لِحُكۡمِهِۦۚ وَهُوَ سَرِيعُ ٱلۡحِسَابِ ٤١

Біздің жерді әр тарапынан кемітіп жатқанымызды олар көрмей ме?! Аллаһ үкім етеді, Оның үкімін қайтарушы жоқ. Ол есеп алуда жылдам.

وَقَدۡ مَكَرَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ فَلِلَّهِ ٱلۡمَكۡرُ جَمِيعࣰاۖ يَعۡلَمُ مَا تَكۡسِبُ كُلُّ نَفۡسࣲۗ وَسَيَعۡلَمُ ٱلۡكُفَّٰرُ لِمَنۡ عُقۡبَى ٱلدَّارِ ٤٢

Негізінде олардан бұрынғылар да айла-шарғы жасаған еді. Ал, амал-тәсілдердің барлығы Аллаһта. Ол әрбір жанның не жинап жатқанын біледі. Кәпірлер жақында, соңғы тұрақтың / Жәннаттың / кімдікі болатынын біледі.

وَيَقُولُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَسۡتَ مُرۡسَلࣰاۚ قُلۡ كَفَىٰ بِٱللَّهِ شَهِيدَۢا بَيۡنِي وَبَيۡنَكُمۡ وَمَنۡ عِندَهُۥ عِلۡمُ ٱلۡكِتَٰبِ ٤٣

Ей, Мұхаммед! / Әрі сондай күпірлік етушілер / Елшіні теріске шығарушылар / :«Сен жіберілген / елші / емессің», дейді. Айт: «Мені мен сендердің арамызға, куә ретінде Аллаһ жеткілікті және өздерінде Кітап білімі барлар», деп.

Other translations of this surah

Tafsir of this surah in Arabic Khalifa Altai Association

Surahs

1 Al-Fatihah 7 verses · Meccan Juz 1 · Revealed 5 الفاتحة 2 Al-Baqarah 286 verses · Medinan Juz 1 · Revealed 87 البقرة 3 Al-Imran 200 verses · Medinan Juz 3 · Revealed 89 آل عمران 4 An-Nisa' 176 verses · Medinan Juz 4 · Revealed 92 النساء 5 Al-Ma'idah 120 verses · Medinan Juz 6 · Revealed 112 المائدة 6 Al-An'am 165 verses · Meccan Juz 7 · Revealed 55 الأنعام 7 Al-A'raf 206 verses · Meccan Juz 8 · Revealed 39 الأعراف 8 Al-Anfal 75 verses · Medinan Juz 9 · Revealed 88 الأنفال 9 At-Taubah 129 verses · Medinan Juz 10 · Revealed 113 التوبة 10 Yunus 109 verses · Meccan Juz 11 · Revealed 51 يونس 11 Hood 123 verses · Meccan Juz 11 · Revealed 52 هود 12 Yusuf 111 verses · Meccan Juz 12 · Revealed 53 يوسف 13 Ar-Ra'd 43 verses · Medinan Juz 13 · Revealed 96 الرعد 14 Ibrahim 52 verses · Meccan Juz 13 · Revealed 72 إبراهيم 15 Al-Hijr 99 verses · Meccan Juz 14 · Revealed 54 الحجر 16 An-Nahl 128 verses · Meccan Juz 14 · Revealed 70 النحل 17 Al-Isra 111 verses · Meccan Juz 15 · Revealed 50 الإسراء 18 Al-Kahf 110 verses · Meccan Juz 15 · Revealed 69 الكهف 19 Maryam 98 verses · Meccan Juz 16 · Revealed 44 مريم 20 Ta­Ha 135 verses · Meccan Juz 16 · Revealed 45 طه 21 Al-Anbiya' 112 verses · Meccan Juz 17 · Revealed 73 الأنبياء 22 Al-Hajj 78 verses · Medinan Juz 17 · Revealed 103 الحج 23 Al-Mu'minun 118 verses · Meccan Juz 18 · Revealed 74 المؤمنون 24 An-Nur 64 verses · Medinan Juz 18 · Revealed 102 النور 25 Al-Furqan 77 verses · Meccan Juz 18 · Revealed 42 الفرقان 26 Ash-Shu'ara' 227 verses · Meccan Juz 19 · Revealed 47 الشعراء 27 An-Naml 93 verses · Meccan Juz 19 · Revealed 48 النمل 28 Al-Qasas 88 verses · Meccan Juz 20 · Revealed 49 القصص 29 Al-'Ankabut 69 verses · Meccan Juz 20 · Revealed 85 العنكبوت 30 Ar­Room 60 verses · Meccan Juz 21 · Revealed 84 الروم 31 Luqman 34 verses · Meccan Juz 21 · Revealed 57 لقمان 32 As­Sajdah 30 verses · Meccan Juz 21 · Revealed 75 السجدة 33 Al­Ahzab 73 verses · Medinan Juz 21 · Revealed 90 الأحزاب 34 Saba' 54 verses · Meccan Juz 22 · Revealed 58 سبأ 35 Fatir 45 verses · Meccan Juz 22 · Revealed 43 فاطر 36 Ya­Sin 83 verses · Meccan Juz 22 · Revealed 41 يس 37 As-Saffat 182 verses · Meccan Juz 23 · Revealed 56 الصافات 38 Sad 88 verses · Meccan Juz 23 · Revealed 38 ص 39 Az-Zumar 75 verses · Meccan Juz 23 · Revealed 59 الزمر 40 Ghafir 85 verses · Meccan Juz 24 · Revealed 60 غافر 41 Fussilat 54 verses · Meccan Juz 24 · Revealed 61 فصلت 42 Ash-Shura 53 verses · Meccan Juz 25 · Revealed 62 الشورى 43 Az-Zukhruf 89 verses · Meccan Juz 25 · Revealed 63 الزخرف 44 Ad-Dukhan 59 verses · Meccan Juz 25 · Revealed 64 الدخان 45 Al-Jathiya 37 verses · Meccan Juz 25 · Revealed 65 الجاثية 46 Al-Ahqaf 35 verses · Meccan Juz 26 · Revealed 66 الأحقاف 47 Muhammad 38 verses · Medinan Juz 26 · Revealed 96 محمد 48 Al-Fath 29 verses · Medinan Juz 26 · Revealed 111 الفتح 49 Al-Hujurat 18 verses · Medinan Juz 26 · Revealed 106 الحجرات 50 Qaf 45 verses · Meccan Juz 26 · Revealed 34 ق 51 Az-Zariyat 60 verses · Meccan Juz 26 · Revealed 67 الذاريات 52 At-Tur 49 verses · Meccan Juz 27 · Revealed 76 الطور 53 An-Najm 62 verses · Meccan Juz 27 · Revealed 23 النجم 54 Al-Qamar 55 verses · Meccan Juz 27 · Revealed 37 القمر 55 Ar-Rahman 78 verses · Medinan Juz 27 · Revealed 97 الرحمن 56 Al-Waqi'ah 96 verses · Meccan Juz 27 · Revealed 46 الواقعة 57 Al-Hadid 29 verses · Medinan Juz 27 · Revealed 94 الحديد 58 Al-Mujadilah 22 verses · Medinan Juz 28 · Revealed 105 المجادلة 59 Al-Hashr 24 verses · Medinan Juz 28 · Revealed 101 الحشر 60 Al-Mumtahinah 13 verses · Medinan Juz 28 · Revealed 91 الممتحنة 61 As-Saff 14 verses · Medinan Juz 28 · Revealed 109 الصف 62 Al-Jumu'ah 11 verses · Medinan Juz 28 · Revealed 110 الجمعة 63 Al-Munafiqun 11 verses · Medinan Juz 28 · Revealed 104 المنافقون 64 At-Taghabun 18 verses · Medinan Juz 28 · Revealed 108 التغابن 65 At-Talaq 12 verses · Medinan Juz 28 · Revealed 99 الطلاق 66 At-Tahrim 12 verses · Medinan Juz 28 · Revealed 107 التحريم 67 Al-Mulk 30 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 77 الملك 68 Al-Qalam 52 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 2 القلم 69 Al-Haqqah 52 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 87 الحاقة 70 Al-Ma'arij 44 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 79 المعارج 71 Nooh 28 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 71 نوح 72 Al-Jinn 28 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 40 الجن 73 Al-Muzzammil 20 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 3 المزمل 74 Al-Muddaththir 56 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 4 المدثر 75 Al-Qiyamah 40 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 31 القيامة 76 Al-Insan 31 verses · Medinan Juz 29 · Revealed 98 الإنسان 77 Al-Mursalat 50 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 33 المرسلات 78 An-Naba' 40 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 80 النبأ 79 An-Nazi'at 46 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 81 النازعات 80 'Abasa 42 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 24 عبس 81 At-Takwir 29 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 7 التكوير 82 Al-Infitar 19 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 82 الإنفطار 83 Al-Mutaffifin 36 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 86 المطففين 84 Al-Inshiqaq 25 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 83 الإنشقاق 85 Al-Buruj 22 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 27 البروج 86 At-Tariq 17 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 36 الطارق 87 Al-A'la 19 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 8 الأعلى 88 Al-Ghashiyah 26 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 68 الغاشية 89 Al-Fajr 30 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 10 الفجر 90 Al-Balad 20 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 35 البلد 91 Ash-Shams 15 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 26 الشمس 92 Al-Lail 21 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 9 الليل 93 Ad-Duha 11 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 11 الضحى 94 Ash-Sharh 8 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 12 الشرح 95 At-Tin 8 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 28 التين 96 Al-'Alaq 19 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 1 العلق 97 Al-Qadr 5 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 25 القدر 98 Al-Baiyinah 8 verses · Medinan Juz 30 · Revealed 100 البينة 99 Az-Zalzalah 8 verses · Medinan Juz 30 · Revealed 93 الزلزلة 100 Al-'Adiyat 11 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 14 العاديات 101 Al-Qari'ah 11 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 30 القارعة 102 At-Takathur 8 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 16 التكاثر 103 Al-'Asr 3 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 13 العصر 104 Al-Humazah 9 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 32 الهمزة 105 Al-Fil 5 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 19 الفيل 106 Quraish 4 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 29 قريش 107 Al-Ma'un 7 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 17 الماعون 108 Al-Kauthar 3 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 15 الكوثر 109 Al-Kafirun 6 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 18 الكافرون 110 An-Nasr 3 verses · Medinan Juz 30 · Revealed 114 النصر 111 Al-Masad 5 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 6 المسد 112 Al-Ikhlas 4 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 22 الإخلاص 113 Al-Falaq 5 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 20 الفلق 114 An-Nas 6 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 21 الناس

Reading settings

View
Compare with

Pick up to two more translations to show under each verse.

Arabic size
100%
Translation size
100%
Line spacing
Theme

Verse

Arabic tafsir
Highlight

Highlights stay in this browser and are listed on the bookmarks page. /bookmarks