Surah Yusuf in Қазақша

سورة يوسف

Meccan Verses: 111 Juz 12 Page 235 Revelation order: 53
Translation:
Khalifa Altai Association

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

الٓرۚ تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱلۡكِتَٰبِ ٱلۡمُبِينِ ١

Әлиф, Ләм, Ра. бұлар - анық Кітаптың аяттары.

إِنَّآ أَنزَلۡنَٰهُ قُرۡءَٰنًا عَرَبِيࣰّا لَّعَلَّكُمۡ تَعۡقِلُونَ ٢

Ақиқатында, Біз оны ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін арабша Құран етіп түсірдік.

نَحۡنُ نَقُصُّ عَلَيۡكَ أَحۡسَنَ ٱلۡقَصَصِ بِمَآ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانَ وَإِن كُنتَ مِن قَبۡلِهِۦ لَمِنَ ٱلۡغَٰفِلِينَ ٣

Ей, Мұхаммед! / Біз саған осы Құранды уахи етіп, оқиғалардың ең жақсысын баян етеміз. Негізінде, сен бұдан бұрын хабарсыздардан едің.

إِذۡ قَالَ يُوسُفُ لِأَبِيهِ يَٰٓأَبَتِ إِنِّي رَأَيۡتُ أَحَدَ عَشَرَ كَوۡكَبࣰا وَٱلشَّمۡسَ وَٱلۡقَمَرَ رَأَيۡتُهُمۡ لِي سَٰجِدِينَ ٤

Кезінде Йусуф әкесіне: «Әкешім! Мен түсімде он бір аспан денесін / ғаламшарды / , күнді және айды көрдім. Олардың маған сәжде етіп тұрғанын көрдім», - деді.

قَالَ يَٰبُنَيَّ لَا تَقۡصُصۡ رُءۡيَاكَ عَلَىٰٓ إِخۡوَتِكَ فَيَكِيدُواْ لَكَ كَيۡدًاۖ إِنَّ ٱلشَّيۡطَٰنَ لِلۡإِنسَٰنِ عَدُوࣱّ مُّبِينࣱ ٥

Ол / әкесі / :«Әй, балам! Түсіңді бауырларыңа айтпа! Әйтпесе, олар саған бір құлық ойластырар. Анығында, шайтан - адам баласына анық жау», - деді.

وَكَذَٰلِكَ يَجۡتَبِيكَ رَبُّكَ وَيُعَلِّمُكَ مِن تَأۡوِيلِ ٱلۡأَحَادِيثِ وَيُتِمُّ نِعۡمَتَهُۥ عَلَيۡكَ وَعَلَىٰٓ ءَالِ يَعۡقُوبَ كَمَآ أَتَمَّهَا عَلَىٰٓ أَبَوَيۡكَ مِن قَبۡلُ إِبۡرَٰهِيمَ وَإِسۡحَٰقَۚ إِنَّ رَبَّكَ عَلِيمٌ حَكِيمࣱ ٦

Міне, осылай Раббың сені таңдап, саған түстердің жоруын үйретеді. Әрі алдыңғы аталарың Ибраһим және Исқаққа игілігін толық етіп бергендей, саған және Йаъқубтың әулетіне де игілігін жеткізіп, толық етіп береді. Ақиқатында, Раббың - бәрін Білуші, аса Дана.

۞ لَّقَدۡ كَانَ فِي يُوسُفَ وَإِخۡوَتِهِۦٓ ءَايَٰتࣱ لِّلسَّآئِلِينَ ٧

Шын мәнінде, Йусуф пен оның бауырларында сұраушылар үшін белгі-ғибраттар бар.

إِذۡ قَالُواْ لَيُوسُفُ وَأَخُوهُ أَحَبُّ إِلَىٰٓ أَبِينَا مِنَّا وَنَحۡنُ عُصۡبَةٌ إِنَّ أَبَانَا لَفِي ضَلَٰلࣲ مُّبِينٍ ٨

Кезінде олар / ағалары / :«Біз бір топ болсақ та, Йусуф және оның інісі әкеміз үшін бізден гөрі сүйіктірек. Негізінде, әкеміз анық адасуда», - деді.

ٱقۡتُلُواْ يُوسُفَ أَوِ ٱطۡرَحُوهُ أَرۡضࣰا يَخۡلُ لَكُمۡ وَجۡهُ أَبِيكُمۡ وَتَكُونُواْ مِنۢ بَعۡدِهِۦ قَوۡمࣰا صَٰلِحِينَ ٩

«Йусуфты өлтіріңдер немесе оны бір жерге апарып тастаңдар. Сонда әкелеріңнің жүзі сендерге бұрылады. Ал, содан кейін түзу адамдардан боласыңдар».

قَالَ قَآئِلࣱ مِّنۡهُمۡ لَا تَقۡتُلُواْ يُوسُفَ وَأَلۡقُوهُ فِي غَيَٰبَتِ ٱلۡجُبِّ يَلۡتَقِطۡهُ بَعۡضُ ٱلسَّيَّارَةِ إِن كُنتُمۡ فَٰعِلِينَ ١٠

Олардың ішіндегі біреуі: «Йусуфты өлтірмеңдер, егер бірнәрсе істейтіндей болсаңдар, оны құлықтың түбіне тастаңдар, жүргінші керуеннің бірі тауып алсын», - деді.

قَالُواْ يَٰٓأَبَانَا مَا لَكَ لَا تَأۡمَ۬نَّا عَلَىٰ يُوسُفَ وَإِنَّا لَهُۥ لَنَٰصِحُونَ ١١

Олар / Йаъқубқа келіп / :«Әй, әкеміз! Йусуфке байланысты бізге сенбейтіндей саған не болды? Негізінде, біз - оған жақсылық тілеушіміз.

أَرۡسِلۡهُ مَعَنَا غَدࣰا يَرۡتَعۡ وَيَلۡعَبۡ وَإِنَّا لَهُۥ لَحَٰفِظُونَ ١٢

Ертең оны бізбен бірге жібер. Жүгірсін, ойнасын. Біз оны қорғаушымыз», - десті.

قَالَ إِنِّي لَيَحۡزُنُنِيٓ أَن تَذۡهَبُواْ بِهِۦ وَأَخَافُ أَن يَأۡكُلَهُ ٱلذِّئۡبُ وَأَنتُمۡ عَنۡهُ غَٰفِلُونَ ١٣

Ол / Йаъқуб / :«Сендердің оны алып кетулерің мені уайымға салады. Әрі сендер қаперсіз қалғандарыңда, оны қасқыр жеп кетуінен қорқамын», - деді.

قَالُواْ لَئِنۡ أَكَلَهُ ٱلذِّئۡبُ وَنَحۡنُ عُصۡبَةٌ إِنَّآ إِذࣰا لَّخَٰسِرُونَ ١٤

Олар: «Біз бір топ бола тұра оны қасқыр жесе, онда біз зиянға ұшыраушылардан боламыз», - десті.

فَلَمَّا ذَهَبُواْ بِهِۦ وَأَجۡمَعُوٓاْ أَن يَجۡعَلُوهُ فِي غَيَٰبَتِ ٱلۡجُبِّۚ وَأَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡهِ لَتُنَبِّئَنَّهُم بِأَمۡرِهِمۡ هَٰذَا وَهُمۡ لَا يَشۡعُرُونَ ١٥

Сонда олар оны алып кетіп, құлықтың түбіне тастауға келісті. Біз оған / Йусуфке / :«Әлбетте, сен / әлі / оларға осы істерінің хабарын бересің, олар сені сезбейді», - деп уахи еттік.

وَجَآءُوٓ أَبَاهُمۡ عِشَآءࣰ يَبۡكُونَ ١٦

Олар кешке әкелеріне жылап келді.

قَالُواْ يَٰٓأَبَانَآ إِنَّا ذَهَبۡنَا نَسۡتَبِقُ وَتَرَكۡنَا يُوسُفَ عِندَ مَتَٰعِنَا فَأَكَلَهُ ٱلذِّئۡبُۖ وَمَآ أَنتَ بِمُؤۡمِنࣲ لَّنَا وَلَوۡ كُنَّا صَٰدِقِينَ ١٧

Олар: «Уа, әкеміз! Біз жарысып кеткенде, Йусуфты заттарымыздың қасында қалдырған едік, сонда оны қасқыр жеп кетіпті. Енді шын сөзділерден болсақ та, сен бізге сенбейсің», - деді.

وَجَآءُو عَلَىٰ قَمِيصِهِۦ بِدَمࣲ كَذِبࣲۚ قَالَ بَلۡ سَوَّلَتۡ لَكُمۡ أَنفُسُكُمۡ أَمۡرࣰاۖ فَصَبۡرࣱ جَمِيلࣱۖ وَٱللَّهُ ٱلۡمُسۡتَعَانُ عَلَىٰ مَا تَصِفُونَ ١٨

Сондай-ақ олар оның көйлегіне өтірік қан жағып әкелді. Ол: «Жоқ, олай емес! Сендерге көңілдерің бір істі әдемі көрсетіп, қызықтырған екен. Енді көркем сабыр / керек /. Сендер айтқан жағдайға байланысты тек бір Аллаһтан ғана көмек сұралады», - деді.

وَجَآءَتۡ سَيَّارَةࣱ فَأَرۡسَلُواْ وَارِدَهُمۡ فَأَدۡلَىٰ دَلۡوَهُۥۖ قَالَ يَٰبُشۡرَىٰ هَٰذَا غُلَٰمࣱۚ وَأَسَرُّوهُ بِضَٰعَةࣰۚ وَٱللَّهُ عَلِيمُۢ بِمَا يَعۡمَلُونَ ١٩

Сонда бір керуен келіп, су тасушысын жіберді де ол қауғасын құдыққа са­лып: «Ой, сүйінші! Бұл - бір ұл бала», - деді. Олар оны сауда заты ретінде жасырып қойды. Ал, Аллаһ - олардың не істеп жатқандарын Білуші.

وَشَرَوۡهُ بِثَمَنِۭ بَخۡسࣲ دَرَٰهِمَ مَعۡدُودَةࣲ وَكَانُواْ فِيهِ مِنَ ٱلزَّٰهِدِينَ ٢٠

Сөйтіп / ағалары / Олар одан құтылу үшін оны болмашы бағаға - санаулы дирхамға сатты.

وَقَالَ ٱلَّذِي ٱشۡتَرَىٰهُ مِن مِّصۡرَ لِٱمۡرَأَتِهِۦٓ أَكۡرِمِي مَثۡوَىٰهُ عَسَىٰٓ أَن يَنفَعَنَآ أَوۡ نَتَّخِذَهُۥ وَلَدࣰاۚ وَكَذَٰلِكَ مَكَّنَّا لِيُوسُفَ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلِنُعَلِّمَهُۥ مِن تَأۡوِيلِ ٱلۡأَحَادِيثِۚ وَٱللَّهُ غَالِبٌ عَلَىٰٓ أَمۡرِهِۦ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ ٢١

Оны сатып алған мысырлық өз әйеліне: «Оған жақсылап қара. Мүмкін ол бізге пайда әкелер немесе бала етіп алармыз», - деді. Осылай оны ол жерде / Мысырда / орнықтырдық әрі оған түстердің жоруын үйрету үшін. Аллаһ - ісін соңына жеткізуші, алайда, адамдардың көбі білмейді.

وَلَمَّا بَلَغَ أَشُدَّهُۥٓ ءَاتَيۡنَٰهُ حُكۡمࣰا وَعِلۡمࣰاۚ وَكَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ ٢٢

Ал, ол ержеткен кезде, Біз оған үкім және білім бердік. Жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйын Біз осылай береміз.

وَرَٰوَدَتۡهُ ٱلَّتِي هُوَ فِي بَيۡتِهَا عَن نَّفۡسِهِۦ وَغَلَّقَتِ ٱلۡأَبۡوَٰبَ وَقَالَتۡ هَيۡتَ لَكَۚ قَالَ مَعَاذَ ٱللَّهِۖ إِنَّهُۥ رَبِّيٓ أَحۡسَنَ مَثۡوَايَۖ إِنَّهُۥ لَا يُفۡلِحُ ٱلظَّٰلِمُونَ ٢٣

Ол тұрған үйдің әйелі оның көңілін өзіне тартпақшы болды. Сөйтіп есіктерді жауып: «Бері кел!» - деді. Ол: «Пана тілеп, Аллаһқа сиынамын. Ақиқатында, ол / күйеуің / менің қожайыным, маған қарап, жақсы орын берді. Шын мәнінде, әділетсіздер мұратына жетпейді», - деді.

وَلَقَدۡ هَمَّتۡ بِهِۦۖ وَهَمَّ بِهَا لَوۡلَآ أَن رَّءَا بُرۡهَٰنَ رَبِّهِۦۚ كَذَٰلِكَ لِنَصۡرِفَ عَنۡهُ ٱلسُّوٓءَ وَٱلۡفَحۡشَآءَۚ إِنَّهُۥ مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُخۡلَصِينَ ٢٤

Ол / әйел / оны қалады. Егер Раббысының белгісін көрмегенде, оның да / Йусуфтың да / оған ойы кетер еді. Біз одан жамандықты және жиіркенішті нәрсені бұруымыз үшін осылай еттік. Өйткені, ол тазартылған, ықыласты құлдарымыздан еді.

وَٱسۡتَبَقَا ٱلۡبَابَ وَقَدَّتۡ قَمِيصَهُۥ مِن دُبُرࣲ وَأَلۡفَيَا سَيِّدَهَا لَدَا ٱلۡبَابِۚ قَالَتۡ مَا جَزَآءُ مَنۡ أَرَادَ بِأَهۡلِكَ سُوٓءًا إِلَّآ أَن يُسۡجَنَ أَوۡ عَذَابٌ أَلِيمࣱ ٢٥

Сонда екеуі есікке жүгірді де әйел оның көйлегін арт жағынан жыртты. Есік алдында екеуі оның / әйелдің / қожайынына тап болды. Ол / әйел еріне / :«Сенің жұбайыңа жамандық қалаған біреуге түрме немесе қинаушы азаптан басқа жаза жоқ», - деді.

قَالَ هِيَ رَٰوَدَتۡنِي عَن نَّفۡسِيۚ وَشَهِدَ شَاهِدࣱ مِّنۡ أَهۡلِهَآ إِن كَانَ قَمِيصُهُۥ قُدَّ مِن قُبُلࣲ فَصَدَقَتۡ وَهُوَ مِنَ ٱلۡكَٰذِبِينَ ٢٦

Йусуф / :«Ол менің көңілімді өзіне тартпақ болды», - деді. Әйелдің үй-ішінен біреуі куәлік беріп: «Егер оның көйлегі алдынан жыртылса, онда әйел шын айтты, ал, ол өтірікшілерден.

وَإِن كَانَ قَمِيصُهُۥ قُدَّ مِن دُبُرࣲ فَكَذَبَتۡ وَهُوَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ ٢٧

Ал, егер оның көйлегі артынан жыртылса, онда әйел өтірік айтты да, ол - шын сөзділерден», - деді.

فَلَمَّا رَءَا قَمِيصَهُۥ قُدَّ مِن دُبُرࣲ قَالَ إِنَّهُۥ مِن كَيۡدِكُنَّۖ إِنَّ كَيۡدَكُنَّ عَظِيمࣱ ٢٨

Оның көйлегінің арт жағынан жыртылғанын көрген кезде ол / күйеуі / :Негізінде, бұл - сендердің / әйелдердің / қулық-сұмдықтарыңнан. Ақиқатында, сендердің қулық-сұмдықтарың өте үлкен.

يُوسُفُ أَعۡرِضۡ عَنۡ هَٰذَاۚ وَٱسۡتَغۡفِرِي لِذَنۢبِكِۖ إِنَّكِ كُنتِ مِنَ ٱلۡخَاطِـِٔينَ ٢٩

Йусуф! бұл істен теріс бұрыл. Ал сен / қатын / , күнәң үшін кешірім тіле. Анығында, сен әдейі қателесушілерден / күнәһарлардан / болдың», - деді.

۞ وَقَالَ نِسۡوَةࣱ فِي ٱلۡمَدِينَةِ ٱمۡرَأَتُ ٱلۡعَزِيزِ تُرَٰوِدُ فَتَىٰهَا عَن نَّفۡسِهِۦۖ قَدۡ شَغَفَهَا حُبًّاۖ إِنَّا لَنَرَىٰهَا فِي ضَلَٰلࣲ مُّبِينࣲ ٣٠

Қаладағы әйелдер: «құрметті кісінің әйелі жас қызметшісін еліктіріп, азғырғысы келіпті. Ол әйел оған қатты құмар болыпты. Біз оны анық адасушылықта көреміз», - десті.

فَلَمَّا سَمِعَتۡ بِمَكۡرِهِنَّ أَرۡسَلَتۡ إِلَيۡهِنَّ وَأَعۡتَدَتۡ لَهُنَّ مُتَّكَـࣰٔا وَءَاتَتۡ كُلَّ وَٰحِدَةࣲ مِّنۡهُنَّ سِكِّينࣰا وَقَالَتِ ٱخۡرُجۡ عَلَيۡهِنَّۖ فَلَمَّا رَأَيۡنَهُۥٓ أَكۡبَرۡنَهُۥ وَقَطَّعۡنَ أَيۡدِيَهُنَّ وَقُلۡنَ حَٰشَ لِلَّهِ مَا هَٰذَا بَشَرًا إِنۡ هَٰذَآ إِلَّا مَلَكࣱ كَرِيمࣱ ٣١

Ол / әйел / олардың құлықтары жайлы естіген кезде, оларға / шақыру / жіберді. Әрі олар үшін сүйеніп отыратын орын әзірледі. Сөйтіп әрбіреуіне / жемістерді аршу, кесу үшін / пышақ беріп, / Йусуфке / олардың алдына: «Шық», - деді. Олар оны көрген кезде / таңырқай / оны ұлы санап, өз қолдарын кесіп алды. Олар: «Аллаһ пәк! Мынау адам емес, бұл 6ір құрметті періште ғой», - деді.

قَالَتۡ فَذَٰلِكُنَّ ٱلَّذِي لُمۡتُنَّنِي فِيهِۖ وَلَقَدۡ رَٰوَدتُّهُۥ عَن نَّفۡسِهِۦ فَٱسۡتَعۡصَمَۖ وَلَئِن لَّمۡ يَفۡعَلۡ مَآ ءَامُرُهُۥ لَيُسۡجَنَنَّ وَلَيَكُونࣰا مِّنَ ٱلصَّٰغِرِينَ ٣٢

Ол / әйел / :«Мені осы себепті айыптадыңдар. Мен оны азғырғым келді, алайда, ол өзіне берік болды. Егер ол мен бұйырғанды істемесе, түрмеге жабылады әрі қор болушылардан болады», - деді.

قَالَ رَبِّ ٱلسِّجۡنُ أَحَبُّ إِلَيَّ مِمَّا يَدۡعُونَنِيٓ إِلَيۡهِۖ وَإِلَّا تَصۡرِفۡ عَنِّي كَيۡدَهُنَّ أَصۡبُ إِلَيۡهِنَّ وَأَكُن مِّنَ ٱلۡجَٰهِلِينَ ٣٣

Йусуф / :«Раббым! түрме маған олардың шақырып тұрғанынан сүйкімдірек. Егер, Сен менен олардың қулық-сұмдықтарын бұрмасаң, онда мен оларға қарай ауып, надандардың қатарында боламын», - деді.

فَٱسۡتَجَابَ لَهُۥ رَبُّهُۥ فَصَرَفَ عَنۡهُ كَيۡدَهُنَّۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ ٣٤

Сонда Раббысы оның тілегіне жауап беріп / тілегін қабыл етіп / , одан олардың қулық-сұмдықтарын қайтарды. Ақиқатында, Ол - бәрін Естуші ,бәрін Білуші.

ثُمَّ بَدَا لَهُم مِّنۢ بَعۡدِ مَا رَأَوُاْ ٱلۡأٓيَٰتِ لَيَسۡجُنُنَّهُۥ حَتَّىٰ حِينࣲ ٣٥

Содан соң, дәлелдерді көргендерінен кейін де, олар оны уақытша түрмеге жабуды жөн көрді.

وَدَخَلَ مَعَهُ ٱلسِّجۡنَ فَتَيَانِۖ قَالَ أَحَدُهُمَآ إِنِّيٓ أَرَىٰنِيٓ أَعۡصِرُ خَمۡرࣰاۖ وَقَالَ ٱلۡأٓخَرُ إِنِّيٓ أَرَىٰنِيٓ أَحۡمِلُ فَوۡقَ رَأۡسِي خُبۡزࣰا تَأۡكُلُ ٱلطَّيۡرُ مِنۡهُۖ نَبِّئۡنَا بِتَأۡوِيلِهِۦٓۖ إِنَّا نَرَىٰكَ مِنَ ٱلۡمُحۡسِنِينَ ٣٦

түрмеге онымен бірге екі жігіт түсті. Олардың бірі: «Мен түсімде шарап сығып жатқанымды көрдім», - деді. Екіншісі: «Мен басымда нан көтеріп жүргенімді көрдім. Одан құстар жеп жатыр екен. Бізге оның жоруын айтып бер. Ақиқатында, біз сені жақсылықты ықыласпен істеушілерден көреміз», - деді.

قَالَ لَا يَأۡتِيكُمَا طَعَامࣱ تُرۡزَقَانِهِۦٓ إِلَّا نَبَّأۡتُكُمَا بِتَأۡوِيلِهِۦ قَبۡلَ أَن يَأۡتِيَكُمَاۚ ذَٰلِكُمَا مِمَّا عَلَّمَنِي رَبِّيٓۚ إِنِّي تَرَكۡتُ مِلَّةَ قَوۡمࣲ لَّا يُؤۡمِنُونَ بِٱللَّهِ وَهُم بِٱلۡأٓخِرَةِ هُمۡ كَٰفِرُونَ ٣٧

Ол: «Сендерге ризық етіп берілетін қандай да бір тағам келмесін, әлбетте ол келгенге дейін, оны түсіндіріп, екеуіңе айтып беремін. бұл маған Раббымның үйреткендерінен. Ақиқатында, мен Аллаһқа сенбейтін адамдардың дінін тәрк еттім және олар Ақирет күніне күпірлік етушілер / оны теріске шығарушылар /.

وَٱتَّبَعۡتُ مِلَّةَ ءَابَآءِيٓ إِبۡرَٰهِيمَ وَإِسۡحَٰقَ وَيَعۡقُوبَۚ مَا كَانَ لَنَآ أَن نُّشۡرِكَ بِٱللَّهِ مِن شَيۡءࣲۚ ذَٰلِكَ مِن فَضۡلِ ٱللَّهِ عَلَيۡنَا وَعَلَى ٱلنَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَشۡكُرُونَ ٣٨

Әрі мен аталарым Ибраһимнің, Исқақтың және Йаъқубтың дініне ердім. Бізге Аллаһқа бір нәрсені серік етіп қосуымызға болмайды. бұл Аллаһтың бізге әрі адамдарға жасаған ұлы кеңшілігінен. Алайда, адамдардың көбі шүкір етпейді / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмейді / т

يَٰصَٰحِبَيِ ٱلسِّجۡنِ ءَأَرۡبَابࣱ مُّتَفَرِّقُونَ خَيۡرٌ أَمِ ٱللَّهُ ٱلۡوَٰحِدُ ٱلۡقَهَّارُ ٣٩

Ей, түрмелес жолдастарым. Бөлек-бөлек, түрлі иелер жақсы ма, әлде Жалғыз, бәрін Бағындырушы Аллаһ жақсы ма?

مَا تَعۡبُدُونَ مِن دُونِهِۦٓ إِلَّآ أَسۡمَآءࣰ سَمَّيۡتُمُوهَآ أَنتُمۡ وَءَابَآؤُكُم مَّآ أَنزَلَ ٱللَّهُ بِهَا مِن سُلۡطَٰنٍۚ إِنِ ٱلۡحُكۡمُ إِلَّا لِلَّهِ أَمَرَ أَلَّا تَعۡبُدُوٓاْ إِلَّآ إِيَّاهُۚ ذَٰلِكَ ٱلدِّينُ ٱلۡقَيِّمُ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ ٤٠

Сендердің Одан өзге табынатындарың өздерің және аталарың ат қойып алған бір есімдер ғана. Аллаһ олар жайында ешбір дәлел түсірмеген. Үкім ету билігі тек бір Аллаһта. Ол Өзінен басқа ешкімге құлшылық етпеулеріңді бұйырды. Міне, осы - тура дін. Бірақ адамдардың көбі білмейді.

يَٰصَٰحِبَيِ ٱلسِّجۡنِ أَمَّآ أَحَدُكُمَا فَيَسۡقِي رَبَّهُۥ خَمۡرࣰاۖ وَأَمَّا ٱلۡأٓخَرُ فَيُصۡلَبُ فَتَأۡكُلُ ٱلطَّيۡرُ مِن رَّأۡسِهِۦۚ قُضِيَ ٱلۡأَمۡرُ ٱلَّذِي فِيهِ تَسۡتَفۡتِيَانِ ٤١

Ей, түрмелес жолдастарым. Сендердің бірің қожайынына шарап құйып беретін болады. Ал, екіншің дар ағашқа керіліп, оның басынан құстар шоқиды. Сендер менен жайын сұраған іс шешіліп қойылған.

وَقَالَ لِلَّذِي ظَنَّ أَنَّهُۥ نَاجࣲ مِّنۡهُمَا ٱذۡكُرۡنِي عِندَ رَبِّكَ فَأَنسَىٰهُ ٱلشَّيۡطَٰنُ ذِكۡرَ رَبِّهِۦ فَلَبِثَ فِي ٱلسِّجۡنِ بِضۡعَ سِنِينَ ٤٢

Ол өзі құтылады деп білген біреуіне: «Қожайыныңның жанында мені еске ал», - деді. Алайда, шайтан оған қожайынының алдында оны еске алуды ұмыттырды да ол түрмеде бірнеше жыл қалып қойды.

وَقَالَ ٱلۡمَلِكُ إِنِّيٓ أَرَىٰ سَبۡعَ بَقَرَٰتࣲ سِمَانࣲ يَأۡكُلُهُنَّ سَبۡعٌ عِجَافࣱ وَسَبۡعَ سُنۢبُلَٰتٍ خُضۡرࣲ وَأُخَرَ يَابِسَٰتࣲۖ يَٰٓأَيُّهَا ٱلۡمَلَأُ أَفۡتُونِي فِي رُءۡيَٰيَ إِن كُنتُمۡ لِلرُّءۡيَا تَعۡبُرُونَ ٤٣

Патша / бір күні / :«Мен түсімде, жеті семіз сиырды жеті арық / сиырдың / жеп жатқанын және жеті жасыл масақты тағы сонша қурағандарын көрдім. Ей, уәзір, бектер! Егер түс жоритын болсаңдар, маған түсімнің жай-жапсарын айтып беріңдер», - деді.

قَالُوٓاْ أَضۡغَٰثُ أَحۡلَٰمࣲۖ وَمَا نَحۡنُ بِتَأۡوِيلِ ٱلۡأَحۡلَٰمِ بِعَٰلِمِينَ ٤٤

Олар: «Бұл шым-шытырық түс екен. Біз мұндай түстердің жоруын білмейміз», - деді.

وَقَالَ ٱلَّذِي نَجَا مِنۡهُمَا وَٱدَّكَرَ بَعۡدَ أُمَّةٍ أَنَا۠ أُنَبِّئُكُم بِتَأۡوِيلِهِۦ فَأَرۡسِلُونِ ٤٥

Сонда әлгі екеудің құтылғаны, біршама уақыт өткеннен соң есіне / Йусуфты / алып: «Мен сендерге оның жоруының хабарын беремін, мені / Йусуфке / жіберіңдер», - деді.

يُوسُفُ أَيُّهَا ٱلصِّدِّيقُ أَفۡتِنَا فِي سَبۡعِ بَقَرَٰتࣲ سِمَانࣲ يَأۡكُلُهُنَّ سَبۡعٌ عِجَافࣱ وَسَبۡعِ سُنۢبُلَٰتٍ خُضۡرࣲ وَأُخَرَ يَابِسَٰتࣲ لَّعَلِّيٓ أَرۡجِعُ إِلَى ٱلنَّاسِ لَعَلَّهُمۡ يَعۡلَمُونَ ٤٦

«Ей, Йусуф! Ей, шыншыл! Бізге, жеті семіз сиырды жеті арығы жеп жатқандығын және жеті жасыл масақ пен сонша қурағандарының мәнісін айтып бер. Мен адамдарға қайта барармын, мүмкін олар / қадіріңді / білер», - деді

قَالَ تَزۡرَعُونَ سَبۡعَ سِنِينَ دَأَبࣰا فَمَا حَصَدتُّمۡ فَذَرُوهُ فِي سُنۢبُلِهِۦٓ إِلَّا قَلِيلࣰا مِّمَّا تَأۡكُلُونَ ٤٧

Ол / Йусуф / :«Жеті жыл қатарынан егін егесіңдер. Орып алғандарыңды, тек өздерің жейтін азынан басқасын масағында қалдырыңдар.

ثُمَّ يَأۡتِي مِنۢ بَعۡدِ ذَٰلِكَ سَبۡعࣱ شِدَادࣱ يَأۡكُلۡنَ مَا قَدَّمۡتُمۡ لَهُنَّ إِلَّا قَلِيلࣰا مِّمَّا تُحۡصِنُونَ ٤٨

Одан кейін жеті ауыр жыл келеді де, алдын ала жинап қамдағандарыңды жейді, тек сақтап қойған азынан басқа.

ثُمَّ يَأۡتِي مِنۢ بَعۡدِ ذَٰلِكَ عَامࣱ فِيهِ يُغَاثُ ٱلنَّاسُ وَفِيهِ يَعۡصِرُونَ ٤٩

Осыдан кейін адамдарға жаңбыр жаудырылып және олар / жеміс / сығатын жыл келеді», - деді.

وَقَالَ ٱلۡمَلِكُ ٱئۡتُونِي بِهِۦۖ فَلَمَّا جَآءَهُ ٱلرَّسُولُ قَالَ ٱرۡجِعۡ إِلَىٰ رَبِّكَ فَسۡـَٔلۡهُ مَا بَالُ ٱلنِّسۡوَةِ ٱلَّٰتِي قَطَّعۡنَ أَيۡدِيَهُنَّۚ إِنَّ رَبِّي بِكَيۡدِهِنَّ عَلِيمࣱ ٥٠

Патша: «Оны маған алып келіндер», - деді. Өзіне жіберілген кісі келген кезде, ол / Йусуф / :«Қожайыныңа қайтып бар. Одан, қолдарын кескен әйелдердің жай-жапсарын сұра. Ақиқатында, Раббым олардың қулық-сұмдығын Білуші», - деді.

قَالَ مَا خَطۡبُكُنَّ إِذۡ رَٰوَدتُّنَّ يُوسُفَ عَن نَّفۡسِهِۦۚ قُلۡنَ حَٰشَ لِلَّهِ مَا عَلِمۡنَا عَلَيۡهِ مِن سُوٓءࣲۚ قَالَتِ ٱمۡرَأَتُ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡـَٰٔنَ حَصۡحَصَ ٱلۡحَقُّ أَنَا۠ رَٰوَدتُّهُۥ عَن نَّفۡسِهِۦ وَإِنَّهُۥ لَمِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ ٥١

Патша: «Сендер Йусуфты азғырған кезде не жағдай болған еді», - деп стра­ды. Олар / әйелдер / :«Аллаһ пәк! Біз ол жайында ешбір жамандық білмедік», - десті. Уәзірдің әйелі: «Қазір шындық ортаға шықты. Мен оны азғырған едім. Ал, ол шын сөзділерден», - деді.

ذَٰلِكَ لِيَعۡلَمَ أَنِّي لَمۡ أَخُنۡهُ بِٱلۡغَيۡبِ وَأَنَّ ٱللَّهَ لَا يَهۡدِي كَيۡدَ ٱلۡخَآئِنِينَ ٥٢

Йусуф / :«Бұл оның / уәзірдің / менің оған жасырын / сыртынан / қиянат жасамағанымды білуі үшін. Аллаһ қиянатшылдардың қулық-сұмдығын оңғармайды / көмектеспейді /.

۞ وَمَآ أُبَرِّئُ نَفۡسِيٓۚ إِنَّ ٱلنَّفۡسَ لَأَمَّارَةُۢ بِٱلسُّوٓءِ إِلَّا مَا رَحِمَ رَبِّيٓۚ إِنَّ رَبِّي غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ ٥٣

Мен өз жанымды ақтамаймын. Егер Раббым мейірім етпесе, шын мәнінде, адам жаны - жамандыққа бұйырушы. Ақиқатында, Раббым - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.

وَقَالَ ٱلۡمَلِكُ ٱئۡتُونِي بِهِۦٓ أَسۡتَخۡلِصۡهُ لِنَفۡسِيۖ فَلَمَّا كَلَّمَهُۥ قَالَ إِنَّكَ ٱلۡيَوۡمَ لَدَيۡنَا مَكِينٌ أَمِينࣱ ٥٤

Патша: «Оны маған алып келіңдер. Мен оны өз адамым етіп аламын», - деді. Ол онымен сөйлескен кезде: «Анығында, сен бүгін біздің алдымызда мәртебеге ие, сенімді адамсың», - деді.

قَالَ ٱجۡعَلۡنِي عَلَىٰ خَزَآئِنِ ٱلۡأَرۡضِۖ إِنِّي حَفِيظٌ عَلِيمࣱ ٥٥

Ол / Йусуф / :«Мені осы жердің / елдің / қазыналарын үстінен / басқарушы етіп / қой. Негізінде, мен сақтауды / дұрыс жұмсауды / білушімін», - деді.

وَكَذَٰلِكَ مَكَّنَّا لِيُوسُفَ فِي ٱلۡأَرۡضِ يَتَبَوَّأُ مِنۡهَا حَيۡثُ يَشَآءُۚ نُصِيبُ بِرَحۡمَتِنَا مَن نَّشَآءُۖ وَلَا نُضِيعُ أَجۡرَ ٱلۡمُحۡسِنِينَ ٥٦

Біз осылай Йусуфты сол жерде / Мысырда / , өзі қалаған орынға жайғаса алатын етіп орнықтырдық. Біз мейірімімізді қалаған адамымызға нәсіп етеміз. Әрі Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын зая кетірмейміз.

وَلَأَجۡرُ ٱلۡأٓخِرَةِ خَيۡرࣱ لِّلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَكَانُواْ يَتَّقُونَ ٥٧

Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / сыйы болса - иманға келгендер және тақуалық еткендер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар / үшін одан да қайырлы.

وَجَآءَ إِخۡوَةُ يُوسُفَ فَدَخَلُواْ عَلَيۡهِ فَعَرَفَهُمۡ وَهُمۡ لَهُۥ مُنكِرُونَ ٥٨

Бірде / Йусуфтың бауырлары келіп, оның алдына кірді. Сонда, ол оларды таныды. Ал, олар оны танымады.

وَلَمَّا جَهَّزَهُم بِجَهَازِهِمۡ قَالَ ٱئۡتُونِي بِأَخࣲ لَّكُم مِّنۡ أَبِيكُمۡۚ أَلَا تَرَوۡنَ أَنِّيٓ أُوفِي ٱلۡكَيۡلَ وَأَنَا۠ خَيۡرُ ٱلۡمُنزِلِينَ ٥٩

Ол олардың жүктерін әзірлеткен кезде: «Бір әкедентуған бауырларыңды маған алып келіңдер. Менің өлшеуді толықтырып беретінімді әрі қонақ қабылдаушылардың қайырлысы екенімді көрдіңдер ғой?

فَإِن لَّمۡ تَأۡتُونِي بِهِۦ فَلَا كَيۡلَ لَكُمۡ عِندِي وَلَا تَقۡرَبُونِ ٦٠

Егер оны маған әкелмесеңдер, менің сендерге өлшеп берерім жоқ әрі маған жақындамаңдар», - деді.

قَالُواْ سَنُرَٰوِدُ عَنۡهُ أَبَاهُ وَإِنَّا لَفَٰعِلُونَ ٦١

Олар: «Біз оның әкесінің көңілін аулап, оны сұрап алуға тырысамыз әрі мұны, әлбетте, орындаймыз», - деді.

وَقَالَ لِفِتۡيَٰنِهِ ٱجۡعَلُواْ بِضَٰعَتَهُمۡ فِي رِحَالِهِمۡ لَعَلَّهُمۡ يَعۡرِفُونَهَآ إِذَا ٱنقَلَبُوٓاْ إِلَىٰٓ أَهۡلِهِمۡ لَعَلَّهُمۡ يَرۡجِعُونَ ٦٢

Ол / Йусуф / қызметкерлеріне: «Олардың / бидайға төлеген / заттарын жүктерінің ішіне салып жіберіңдер. Бәлкім, олар үйлеріне оралған кезде, мұны таныр әрі мүмкін қайтып келер», - деді.

فَلَمَّا رَجَعُوٓاْ إِلَىٰٓ أَبِيهِمۡ قَالُواْ يَٰٓأَبَانَا مُنِعَ مِنَّا ٱلۡكَيۡلُ فَأَرۡسِلۡ مَعَنَآ أَخَانَا نَكۡتَلۡ وَإِنَّا لَهُۥ لَحَٰفِظُونَ ٦٣

Сөйтіп олар әкелеріне қайтып барғандарында: «Әй, әке! Бізге өлшеу тоқтатылды / астық берілмейтін болды /. Бауырымызды бізбен бірге жібер, сонда өлшемімізді аламыз. Анығында, біз - оны қорғаушымыз», - деді.

قَالَ هَلۡ ءَامَنُكُمۡ عَلَيۡهِ إِلَّا كَمَآ أَمِنتُكُمۡ عَلَىٰٓ أَخِيهِ مِن قَبۡلُ فَٱللَّهُ خَيۡرٌ حَٰفِظࣰاۖ وَهُوَ أَرۡحَمُ ٱلرَّٰحِمِينَ ٦٤

Ол / Йаъқуб / :«Бұдан бұрын оның бауырын сендерге сеніп тапсырғаным секілді, оны да сеніп тапсырайын ба? Аллаһ қорғауда бәрінен жақсы. Ол - мейірімділердің ең Мейірімдісі», - деді.

وَلَمَّا فَتَحُواْ مَتَٰعَهُمۡ وَجَدُواْ بِضَٰعَتَهُمۡ رُدَّتۡ إِلَيۡهِمۡۖ قَالُواْ يَٰٓأَبَانَا مَا نَبۡغِيۖ هَٰذِهِۦ بِضَٰعَتُنَا رُدَّتۡ إِلَيۡنَاۖ وَنَمِيرُ أَهۡلَنَا وَنَحۡفَظُ أَخَانَا وَنَزۡدَادُ كَيۡلَ بَعِيرࣲۖ ذَٰلِكَ كَيۡلࣱ يَسِيرࣱ ٦٥

Олар жүктерін ашқан кезде, заттарының өздеріне қайтарылғанын көріп: «Әй, әкеміз! Енді не қалаймыз! Міне, мына заттарымыз да өзімізге қайтарылыпты, біз отбасымызды азықпен қамдаймыз және бауырымызды қорғаймыз. Әрі бір түйелік өлшеуді артық аламыз. Бұл - бір жеңіл өлшеу», - деді.

قَالَ لَنۡ أُرۡسِلَهُۥ مَعَكُمۡ حَتَّىٰ تُؤۡتُونِ مَوۡثِقࣰا مِّنَ ٱللَّهِ لَتَأۡتُنَّنِي بِهِۦٓ إِلَّآ أَن يُحَاطَ بِكُمۡۖ فَلَمَّآ ءَاتَوۡهُ مَوۡثِقَهُمۡ قَالَ ٱللَّهُ عَلَىٰ مَا نَقُولُ وَكِيلࣱ ٦٦

Ол / Йаъқуб / :«Мен оны маған қайтып алып келетіндеріңе Аллаһпен уәде бергендеріңе дейін сендермен бірге жібермеймін, бірақ өздерің қоршауға түсіп қалсаңдар, амал жоқ», деді. Олар уәделерін берген кезде, ол: «Айтқан сөздерімізге Аллаһ кепіл», деді.

وَقَالَ يَٰبَنِيَّ لَا تَدۡخُلُواْ مِنۢ بَابࣲ وَٰحِدࣲ وَٱدۡخُلُواْ مِنۡ أَبۡوَٰبࣲ مُّتَفَرِّقَةࣲۖ وَمَآ أُغۡنِي عَنكُم مِّنَ ٱللَّهِ مِن شَيۡءٍۖ إِنِ ٱلۡحُكۡمُ إِلَّا لِلَّهِۖ عَلَيۡهِ تَوَكَّلۡتُۖ وَعَلَيۡهِ فَلۡيَتَوَكَّلِ ٱلۡمُتَوَكِّلُونَ ٦٧

Ол: «Әй, балаларым! Бір қақпадан кірмеңдер, бөлек-бөлек қақпалардан кіріндер. Мен сендерге Аллаһтан келгенге көмек бере алмаймын. Үкім ету иелігі Аллаһта ғана, мен Аллаһқа жүгініп, Оған ісімді тапсырдым / тәуекел еттім /. Біреуге жүгініп, сенім артушылар / тәуекел етушілер / Оған / Аллаһқа / жүгініп, істерін тапсырсын / тәуекел етсін / », деді.

وَلَمَّا دَخَلُواْ مِنۡ حَيۡثُ أَمَرَهُمۡ أَبُوهُم مَّا كَانَ يُغۡنِي عَنۡهُم مِّنَ ٱللَّهِ مِن شَيۡءٍ إِلَّا حَاجَةࣰ فِي نَفۡسِ يَعۡقُوبَ قَضَىٰهَاۚ وَإِنَّهُۥ لَذُو عِلۡمࣲ لِّمَا عَلَّمۡنَٰهُ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ ٦٨

Олар, әкелері бұйырған жерден кірген кезде, бұл оларды Аллаһтан келгеннен құтқара алмады. Тек Йаъқубтың көңіліндегі бір қажеті орындалды. Ақиқатында, Біз үйреткендігімізден ол білім иесі болды, алайда адамдардың көбі білмейді.

وَلَمَّا دَخَلُواْ عَلَىٰ يُوسُفَ ءَاوَىٰٓ إِلَيۡهِ أَخَاهُۖ قَالَ إِنِّيٓ أَنَا۠ أَخُوكَ فَلَا تَبۡتَئِسۡ بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ ٦٩

Сонда олар Йусуфке кірген кезде, ол інісін қасына алып: «Шынында, мен сенің бауырыңмын. Олардың істегендеріне қайғырма», деді.

فَلَمَّا جَهَّزَهُم بِجَهَازِهِمۡ جَعَلَ ٱلسِّقَايَةَ فِي رَحۡلِ أَخِيهِ ثُمَّ أَذَّنَ مُؤَذِّنٌ أَيَّتُهَا ٱلۡعِيرُ إِنَّكُمۡ لَسَٰرِقُونَ ٧٠

Олардың жүктерін әзірлеген кезде, ол / Йусуф / тостағанын інісінің жүгінің ішіне салып қойды. Кейін бір жаршы: «Әй, керуендегілер! Сендер ұрысыңдар!» деп айғайлады.

قَالُواْ وَأَقۡبَلُواْ عَلَيۡهِم مَّاذَا تَفۡقِدُونَ ٧١

Оларға / ағалары / бұрылып: «Не жоғалттыңдар?» деді.

قَالُواْ نَفۡقِدُ صُوَاعَ ٱلۡمَلِكِ وَلِمَن جَآءَ بِهِۦ حِمۡلُ بَعِيرࣲ وَأَنَا۠ بِهِۦ زَعِيمࣱ ٧٢

Олардың бірі: / «Патшаның ыдысын жоғалттық. Оны әкелген кісіге бір түйе жүк сыйлық бар. Ал мен осыған жауаптымын», деді.

قَالُواْ تَٱللَّهِ لَقَدۡ عَلِمۡتُم مَّا جِئۡنَا لِنُفۡسِدَ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَمَا كُنَّا سَٰرِقِينَ ٧٣

Ағалары: / «Аллаһпен ант етеміз. Біздің бұл жерге бұзықтық тарату үшін келмегенімізді сендер білесіңдер. Біз ұры емеспіз», деді.

قَالُواْ فَمَا جَزَٰٓؤُهُۥٓ إِن كُنتُمۡ كَٰذِبِينَ ٧٤

Олар: «Егер өтірікші болсаңдар, оның жазасы не болмақ?» деді.

قَالُواْ جَزَٰٓؤُهُۥ مَن وُجِدَ فِي رَحۡلِهِۦ فَهُوَ جَزَٰٓؤُهُۥۚ كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلظَّٰلِمِينَ ٧٥

Ағалары: / «Оның жазасы кімнің жүгінде табылса, соның өзі қайтарым болады. Біз әділетсіздердің қайтарым жазасын осылай береміз», деді.

فَبَدَأَ بِأَوۡعِيَتِهِمۡ قَبۡلَ وِعَآءِ أَخِيهِ ثُمَّ ٱسۡتَخۡرَجَهَا مِن وِعَآءِ أَخِيهِۚ كَذَٰلِكَ كِدۡنَا لِيُوسُفَۖ مَا كَانَ لِيَأۡخُذَ أَخَاهُ فِي دِينِ ٱلۡمَلِكِ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُۚ نَرۡفَعُ دَرَجَٰتࣲ مَّن نَّشَآءُۗ وَفَوۡقَ كُلِّ ذِي عِلۡمٍ عَلِيمࣱ ٧٦

Ол інісінің жүгінен алдын, олардың жүгін ақтара бастады. Кейін оны / ұрланған затты / бауырыныңжүгінен шығарды. Біз осылай Йусуфкеәдіс жасауды білдірдік. Патшаның заңы бойынша, ол бауырын алып қала алмайтын еді, егер Аллаһтың қалағаны болмағанда.1146 Біз қалаған құлымыздың дәрежесін жоғарылатамыз. Әрбір білім иесінің үстінде білуші бар.

۞ قَالُوٓاْ إِن يَسۡرِقۡ فَقَدۡ سَرَقَ أَخࣱ لَّهُۥ مِن قَبۡلُۚ فَأَسَرَّهَا يُوسُفُ فِي نَفۡسِهِۦ وَلَمۡ يُبۡدِهَا لَهُمۡۚ قَالَ أَنتُمۡ شَرࣱّ مَّكَانࣰاۖ وَٱللَّهُ أَعۡلَمُ بِمَا تَصِفُونَ ٧٧

Ағалары: / «Егер ол ұрласа, ілгеріде оның бауыры да ұрлық жасаған еді», деді. Сонда Йусуф бұны көңілінде жасырып, оларға жарияламай / ішінен / :«Сендердің орындарың бұдан да жаман. Аллаһ айтып тұрғандарыңды жақсы Білуші», деді.

قَالُواْ يَٰٓأَيُّهَا ٱلۡعَزِيزُ إِنَّ لَهُۥٓ أَبࣰا شَيۡخࣰا كَبِيرࣰا فَخُذۡ أَحَدَنَا مَكَانَهُۥٓۖ إِنَّا نَرَىٰكَ مِنَ ٱلۡمُحۡسِنِينَ ٧٨

Олар: «Уа, мырза! Бұның жасы келген қарт әкесі бар. Сондықтан оның орнына біздің біреуімізді ал. Шын мәнінде, біз сені жақсылықты ықыласпен істеушілерден көреміз», деді.

قَالَ مَعَاذَ ٱللَّهِ أَن نَّأۡخُذَ إِلَّا مَن وَجَدۡنَا مَتَٰعَنَا عِندَهُۥٓ إِنَّآ إِذࣰا لَّظَٰلِمُونَ ٧٩

Ол: «Затымызды жанынан тапқанның орнына өзгені алудан бізді Аллаһ сақтасын. Біз онда, әлбетте әділетсіздерден боламыз», деді.

فَلَمَّا ٱسۡتَيۡـَٔسُواْ مِنۡهُ خَلَصُواْ نَجِيࣰّاۖ قَالَ كَبِيرُهُمۡ أَلَمۡ تَعۡلَمُوٓاْ أَنَّ أَبَاكُمۡ قَدۡ أَخَذَ عَلَيۡكُم مَّوۡثِقࣰا مِّنَ ٱللَّهِ وَمِن قَبۡلُ مَا فَرَّطتُمۡ فِي يُوسُفَۖ فَلَنۡ أَبۡرَحَ ٱلۡأَرۡضَ حَتَّىٰ يَأۡذَنَ لِيٓ أَبِيٓ أَوۡ يَحۡكُمَ ٱللَّهُ لِيۖ وَهُوَ خَيۡرُ ٱلۡحَٰكِمِينَ ٨٠

Олар үмітсіздікке түсіп, оңашаланып кеңесті. Олардың үлкені: «Әкелерінің сен­дерден Аллаһтың алдында серт алғанын білмейсіңдер ме? Әрі бұрын Йусуфке байланысты қателік жасадыңдар. Әкем рұқсат бергенге немесе мен үшін Аллаһ бір үкім шығарғанға дейін осы жерден кетпеймін. Ол үкім шығарушылардың ең қайырлысы.

ٱرۡجِعُوٓاْ إِلَىٰٓ أَبِيكُمۡ فَقُولُواْ يَٰٓأَبَانَآ إِنَّ ٱبۡنَكَ سَرَقَ وَمَا شَهِدۡنَآ إِلَّا بِمَا عَلِمۡنَا وَمَا كُنَّا لِلۡغَيۡبِ حَٰفِظِينَ ٨١

Әкелеріңе қайтып барып: «Әй, әкеміз! Шын мәнінде, ұлың ұрлық жасады. Біз білгенімізге ғана куәміз. Әрі біз ғайыпқа күзетші емеспіз / ғайыпты білмейміз /.

وَسۡـَٔلِ ٱلۡقَرۡيَةَ ٱلَّتِي كُنَّا فِيهَا وَٱلۡعِيرَ ٱلَّتِيٓ أَقۡبَلۡنَا فِيهَاۖ وَإِنَّا لَصَٰدِقُونَ ٨٢

Біз болған қаладан және біз бірге кел­ген керуеннен сұра. Негізінде, біз шын сөздіміз», деп айтыңдар», деді.

قَالَ بَلۡ سَوَّلَتۡ لَكُمۡ أَنفُسُكُمۡ أَمۡرࣰاۖ فَصَبۡرࣱ جَمِيلٌۖ عَسَى ٱللَّهُ أَن يَأۡتِيَنِي بِهِمۡ جَمِيعًاۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡعَلِيمُ ٱلۡحَكِيمُ ٨٣

Ол / Йаъқуб / :«Сендерге көңілдерің бұл істі әдемі көрсетіп, қызықтырған екен. Енді көркем сабыр / керек /. Аллаһ олардың бәрін өзіме әкелуін үміт етемін. Ақиқатында, Ол бәрін Білуші , аса Дана », деді.

وَتَوَلَّىٰ عَنۡهُمۡ وَقَالَ يَٰٓأَسَفَىٰ عَلَىٰ يُوسُفَ وَٱبۡيَضَّتۡ عَيۡنَاهُ مِنَ ٱلۡحُزۡنِ فَهُوَ كَظِيمࣱ ٨٤

Ол олардан теріс бұрылып: «Ах, Йусуф!» деп күйінгенде, көздеріне ақ түсті, ол / қайғысын жұтып / төзімділік танытты.

قَالُواْ تَٱللَّهِ تَفۡتَؤُاْ تَذۡكُرُ يُوسُفَ حَتَّىٰ تَكُونَ حَرَضًا أَوۡ تَكُونَ مِنَ ٱلۡهَٰلِكِينَ ٨٥

Олар: «Аллаһқа ант етеміз, ауру болғаныңа немесе құрып таусылғаныңа дейін Йусуфты еске алуды қоймайсың», деді.

قَالَ إِنَّمَآ أَشۡكُواْ بَثِّي وَحُزۡنِيٓ إِلَى ٱللَّهِ وَأَعۡلَمُ مِنَ ٱللَّهِ مَا لَا تَعۡلَمُونَ ٨٦

Ол: «Мен күйзелісімді де, күйінішімді де Аллаһқа ғана шағамын. Әрі Аллаһ­тан сендер білмейтін нәрсені білемін», деді.

يَٰبَنِيَّ ٱذۡهَبُواْ فَتَحَسَّسُواْ مِن يُوسُفَ وَأَخِيهِ وَلَا تَاْيۡـَٔسُواْ مِن رَّوۡحِ ٱللَّهِۖ إِنَّهُۥ لَا يَاْيۡـَٔسُ مِن رَّوۡحِ ٱللَّهِ إِلَّا ٱلۡقَوۡمُ ٱلۡكَٰفِرُونَ ٨٧

«Әй, ұлдарым! Барып Йусуф пен оның бауырын іздеңдер! Әрі Аллаһтың мейірімінен үміт үзбеңдер. Анығында, Аллаһтың мейірімінен кәпір адамдар ғана үмітін үзеді», деді.

فَلَمَّا دَخَلُواْ عَلَيۡهِ قَالُواْ يَٰٓأَيُّهَا ٱلۡعَزِيزُ مَسَّنَا وَأَهۡلَنَا ٱلضُّرُّ وَجِئۡنَا بِبِضَٰعَةࣲ مُّزۡجَىٰةࣲ فَأَوۡفِ لَنَا ٱلۡكَيۡلَ وَتَصَدَّقۡ عَلَيۡنَآۖ إِنَّ ٱللَّهَ يَجۡزِي ٱلۡمُتَصَدِّقِينَ ٨٨

Олар оның / Йусуфтың / алдына кірген кезде: «Уа, мырза! Бізге және үй-ішімізге қиыншылық тиді. Әрі біз аз затпен келген едік. Сонда да бізге толық өлшеп әрі бізге қайыр-садақа бер. Ақиқатында, Аллаһ садақа берушілерге қайтарым сыйын береді», деді.

قَالَ هَلۡ عَلِمۡتُم مَّا فَعَلۡتُم بِيُوسُفَ وَأَخِيهِ إِذۡ أَنتُمۡ جَٰهِلُونَ ٨٩

Йусуф: / «Сендер надан болған кездерінде Йусуфке және оның інісіне не істегендеріңді білесіңдер ме?»-деді.

قَالُوٓاْ أَءِنَّكَ لَأَنتَ يُوسُفُۖ قَالَ أَنَا۠ يُوسُفُ وَهَٰذَآ أَخِيۖ قَدۡ مَنَّ ٱللَّهُ عَلَيۡنَآۖ إِنَّهُۥ مَن يَتَّقِ وَيَصۡبِرۡ فَإِنَّ ٱللَّهَ لَا يُضِيعُ أَجۡرَ ٱلۡمُحۡسِنِينَ ٩٠

Олар: «Сен, шынымен Йусуфсың ба?»-деді. Ол: «Мен Йусуфпын, ал мынау інім. Аллаһ бізге игілік етті. Кім тақуалық етсе / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақ­танса / және сабыр етсе, ақиқатында, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілердің ақысын зая кетірмейді», деді.

قَالُواْ تَٱللَّهِ لَقَدۡ ءَاثَرَكَ ٱللَّهُ عَلَيۡنَا وَإِن كُنَّا لَخَٰطِـِٔينَ ٩١

Олар: «Аллаһпен ант етеміз. Аллаһ сені бізден жоғары қойды. Ал біз біле тұра қателесушілерден / күнәһарлардан / болдық»,-деді.

قَالَ لَا تَثۡرِيبَ عَلَيۡكُمُ ٱلۡيَوۡمَۖ يَغۡفِرُ ٱللَّهُ لَكُمۡۖ وَهُوَ أَرۡحَمُ ٱلرَّٰحِمِينَ ٩٢

Ол: «Бүгін сендер жазғырылмайсыңдар. Аллаһ сендерді кешірсін, өйткені Ол мейірімділердің ең Мейірімдісі.

ٱذۡهَبُواْ بِقَمِيصِي هَٰذَا فَأَلۡقُوهُ عَلَىٰ وَجۡهِ أَبِي يَأۡتِ بَصِيرࣰا وَأۡتُونِي بِأَهۡلِكُمۡ أَجۡمَعِينَ ٩٣

Менің көйлегімді алып барып, әкемнің бетіне тастаңдар, сонда ол көретін болады. Әрі барлығың үй-іштеріңмен маған келіңдер», деді.

وَلَمَّا فَصَلَتِ ٱلۡعِيرُ قَالَ أَبُوهُمۡ إِنِّي لَأَجِدُ رِيحَ يُوسُفَۖ لَوۡلَآ أَن تُفَنِّدُونِ ٩٤

Керуен шыққан кезде олардың әкесі: «Егер мені алжыды демесеңдер, ақиқатында, мен Йусуфтың иісін / тынысын / сезіп тұрмын», деді.

قَالُواْ تَٱللَّهِ إِنَّكَ لَفِي ضَلَٰلِكَ ٱلۡقَدِيمِ ٩٥

Олар / жанындағылар / :«Аллаһпен ант етеміз. Әрине, сен бұрынғы адасуыңдасың», деді.

فَلَمَّآ أَن جَآءَ ٱلۡبَشِيرُ أَلۡقَىٰهُ عَلَىٰ وَجۡهِهِۦ فَٱرۡتَدَّ بَصِيرࣰاۖ قَالَ أَلَمۡ أَقُل لَّكُمۡ إِنِّيٓ أَعۡلَمُ مِنَ ٱللَّهِ مَا لَا تَعۡلَمُونَ ٩٦

Сүйінші хабар жеткізуші келген кезде ол көйлекті оның бетіне тастады, сонда ол қайтадан көретін болды. Ол: «Мен сендерге Аллаһ тарапынан сендер білмейтінді білемін демеп пе едім?» деді.

قَالُواْ يَٰٓأَبَانَا ٱسۡتَغۡفِرۡ لَنَا ذُنُوبَنَآ إِنَّا كُنَّا خَٰطِـِٔينَ ٩٧

Олар / ұлдары / :«Әй, әкеміз! Біз үшін күнәларымыздың кешірілуін тіле! Шын мәнінде, біз біле тұра қателесушілерден болдық», деді.

قَالَ سَوۡفَ أَسۡتَغۡفِرُ لَكُمۡ رَبِّيٓۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡغَفُورُ ٱلرَّحِيمُ ٩٨

Ол: «Сендер үшін Раббымнан кешірім тілейтін боламын. Ақиқатында, Ол өте Кешірімді, ерекше Мейірімді», деді.

فَلَمَّا دَخَلُواْ عَلَىٰ يُوسُفَ ءَاوَىٰٓ إِلَيۡهِ أَبَوَيۡهِ وَقَالَ ٱدۡخُلُواْ مِصۡرَ إِن شَآءَ ٱللَّهُ ءَامِنِينَ ٩٩

Олар Йусуфқа келгенде, ол ата-анасын жанына алды. Әрі: «Мысырға кіріңдер, Аллаһ қаласа амандықта болып», деді.

وَرَفَعَ أَبَوَيۡهِ عَلَى ٱلۡعَرۡشِ وَخَرُّواْ لَهُۥ سُجَّدࣰاۖ وَقَالَ يَٰٓأَبَتِ هَٰذَا تَأۡوِيلُ رُءۡيَٰيَ مِن قَبۡلُ قَدۡ جَعَلَهَا رَبِّي حَقࣰّاۖ وَقَدۡ أَحۡسَنَ بِيٓ إِذۡ أَخۡرَجَنِي مِنَ ٱلسِّجۡنِ وَجَآءَ بِكُم مِّنَ ٱلۡبَدۡوِ مِنۢ بَعۡدِ أَن نَّزَغَ ٱلشَّيۡطَٰنُ بَيۡنِي وَبَيۡنَ إِخۡوَتِيٓۚ إِنَّ رَبِّي لَطِيفࣱ لِّمَا يَشَآءُۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡعَلِيمُ ٱلۡحَكِيمُ ١٠٠

Сөйтіп ол ата-анасын жоғары, биік орынға отырғызды. Әрі олар оған / құрмет ретінде / маңдайларын жерге тигізді. Ол:«Уа, әкешім! Міне, бұрынғы көрген түсімнің жоруы осы. Раббым оны шындыққа шығарды. Әрі мені мен бауырларымның арасын шайтан наз'ғ (бұзу, араны бұзу) қылғаннан кейін / іріткі са­лып, бұзған соң / , Ол / Аллаһ / мені түрмеден шығарып сендерді шөл даладан келтіріп, маған игілік жасады. Ақиқатында, Раббым қалаған құлына өте Мейірбан.Ол бәрін Білуші, аса Дана.

۞ رَبِّ قَدۡ ءَاتَيۡتَنِي مِنَ ٱلۡمُلۡكِ وَعَلَّمۡتَنِي مِن تَأۡوِيلِ ٱلۡأَحَادِيثِۚ فَاطِرَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ أَنتَ وَلِيِّۦ فِي ٱلدُّنۡيَا وَٱلۡأٓخِرَةِۖ تَوَفَّنِي مُسۡلِمࣰا وَأَلۡحِقۡنِي بِٱلصَّٰلِحِينَ ١٠١

Раббым! Сен маған билік бердің және түстердің жоруын үйреттің. Аспандар мен жердің Жаратушысы! Сен осы дүние және соңғы, мәңгілік өмірдегі / ақиреттегі / қамқоршымсың. Менің жанымды Мұсылман / Өзіңе бойсұнған / күйімде ал әрі мені ізгілерге қос!» / деді /.

ذَٰلِكَ مِنۡ أَنۢبَآءِ ٱلۡغَيۡبِ نُوحِيهِ إِلَيۡكَۖ وَمَا كُنتَ لَدَيۡهِمۡ إِذۡ أَجۡمَعُوٓاْ أَمۡرَهُمۡ وَهُمۡ يَمۡكُرُونَ ١٠٢

Ей, Мұхаммед! / Міне, бұлар ғайып хабарлардан, саған оны уахи етіп жеткіземіз. Олар құлық ойлап, не істейтіндеріне шешім қабылдаған кезде сен олардың қасында болмаған едің.

وَمَآ أَكۡثَرُ ٱلنَّاسِ وَلَوۡ حَرَصۡتَ بِمُؤۡمِنِينَ ١٠٣

Әрі сен қанша қалап, тырыссаң да адамдардың көбі иманға келмейді.

وَمَا تَسۡـَٔلُهُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۚ إِنۡ هُوَ إِلَّا ذِكۡرࣱ لِّلۡعَٰلَمِينَ ١٠٤

Сондай-ақ сен ол / Құран / үшін олардан ақы сұрамайсың. Ол бүкіл әлемдер үшін еске салу / ескерту / ғана.

وَكَأَيِّن مِّنۡ ءَايَةࣲ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ يَمُرُّونَ عَلَيۡهَا وَهُمۡ عَنۡهَا مُعۡرِضُونَ ١٠٥

Әрі аспандарда және жерде қанша белгі-дәлелдер бар.Олар / имансыздар / оның жанынан өткенмен, оған назар салмайды.

وَمَا يُؤۡمِنُ أَكۡثَرُهُم بِٱللَّهِ إِلَّا وَهُم مُّشۡرِكُونَ ١٠٦

Әрі, олардың көбі Аллаһқа, Оған серік қатқан түрде ғана сенеді.

أَفَأَمِنُوٓاْ أَن تَأۡتِيَهُمۡ غَٰشِيَةࣱ مِّنۡ عَذَابِ ٱللَّهِ أَوۡ تَأۡتِيَهُمُ ٱلسَّاعَةُ بَغۡتَةࣰ وَهُمۡ لَا يَشۡعُرُونَ ١٠٧

Олар өздеріне Аллаһтың орап алушы азабының келуінен немесе Сағаттың / Қайта тірілу күнінің / кенеттен, өздері сезбеген түрде келіп қалуынан қауіпсіз болды ма?

قُلۡ هَٰذِهِۦ سَبِيلِيٓ أَدۡعُوٓاْ إِلَى ٱللَّهِۚ عَلَىٰ بَصِيرَةٍ أَنَا۠ وَمَنِ ٱتَّبَعَنِيۖ وَسُبۡحَٰنَ ٱللَّهِ وَمَآ أَنَا۠ مِنَ ٱلۡمُشۡرِكِينَ ١٠٨

Ей, Мұхаммед! / Айт: «Менің жолым осы. Мен Аллаһқа айқын дәлел үстінде шақырамын әрі маған ергендер де. Аллаһ / барлық кемшіліктен / пәк. Мен Аллаһқа біреуді / Оның иелігіндегі бір нәрседе үлесі бар деп / серік етіп қосушылардан емеспін», деп.

وَمَآ أَرۡسَلۡنَا مِن قَبۡلِكَ إِلَّا رِجَالࣰا نُّوحِيٓ إِلَيۡهِم مِّنۡ أَهۡلِ ٱلۡقُرَىٰٓۗ أَفَلَمۡ يَسِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَيَنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۗ وَلَدَارُ ٱلۡأٓخِرَةِ خَيۡرࣱ لِّلَّذِينَ ٱتَّقَوۡاْۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ ١٠٩

Ей, Мұхаммед! / Сенен бұрын да, Біз тек елді мекен тұрғындарынан болған ер адамдарға уахи түсіріп, жібердік. Ал, енді олар жер бетінде жүріп, өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанына назар салмай ма? Шын мәнінде, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / жұрты тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін қайырлы. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма?

حَتَّىٰٓ إِذَا ٱسۡتَيۡـَٔسَ ٱلرُّسُلُ وَظَنُّوٓاْ أَنَّهُمۡ قَدۡ كُذِبُواْ جَآءَهُمۡ نَصۡرُنَا فَنُجِّيَ مَن نَّشَآءُۖ وَلَا يُرَدُّ بَأۡسُنَا عَنِ ٱلۡقَوۡمِ ٱلۡمُجۡرِمِينَ ١١٠

Елшілер үмітін үзген және өздерін өтірікшіге шығарылдық деп есептеген кезде, оларға жәрдеміміз келіп, Біздің қалағандарымыз ғана құтқарылды. Біздің азабымыз қылмыскер адамдардан қайтарылмайды.

لَقَدۡ كَانَ فِي قَصَصِهِمۡ عِبۡرَةࣱ لِّأُوْلِي ٱلۡأَلۡبَٰبِۗ مَا كَانَ حَدِيثࣰا يُفۡتَرَىٰ وَلَٰكِن تَصۡدِيقَ ٱلَّذِي بَيۡنَ يَدَيۡهِ وَتَفۡصِيلَ كُلِّ شَيۡءࣲ وَهُدࣰى وَرَحۡمَةࣰ لِّقَوۡمࣲ يُؤۡمِنُونَ ١١١

Олар / пайғамбарлар / жайлы хабарларда ақыл иелері үшін ғибрат бар. бұл / Құран / ойдан шығарылған әңгіме емес, ол өзінен алдыңғыны растаушы, барлық нәрсенің анық түсіндірмесі әрі иманға келген адамдар үшін / тура жолды ұстануға / басшылық және мейірім.

Other translations of this surah

Tafsir of this surah in Arabic Khalifa Altai Association

Surahs

1 Al-Fatihah 7 verses · Meccan Juz 1 · Revealed 5 الفاتحة 2 Al-Baqarah 286 verses · Medinan Juz 1 · Revealed 87 البقرة 3 Al-Imran 200 verses · Medinan Juz 3 · Revealed 89 آل عمران 4 An-Nisa' 176 verses · Medinan Juz 4 · Revealed 92 النساء 5 Al-Ma'idah 120 verses · Medinan Juz 6 · Revealed 112 المائدة 6 Al-An'am 165 verses · Meccan Juz 7 · Revealed 55 الأنعام 7 Al-A'raf 206 verses · Meccan Juz 8 · Revealed 39 الأعراف 8 Al-Anfal 75 verses · Medinan Juz 9 · Revealed 88 الأنفال 9 At-Taubah 129 verses · Medinan Juz 10 · Revealed 113 التوبة 10 Yunus 109 verses · Meccan Juz 11 · Revealed 51 يونس 11 Hood 123 verses · Meccan Juz 11 · Revealed 52 هود 12 Yusuf 111 verses · Meccan Juz 12 · Revealed 53 يوسف 13 Ar-Ra'd 43 verses · Medinan Juz 13 · Revealed 96 الرعد 14 Ibrahim 52 verses · Meccan Juz 13 · Revealed 72 إبراهيم 15 Al-Hijr 99 verses · Meccan Juz 14 · Revealed 54 الحجر 16 An-Nahl 128 verses · Meccan Juz 14 · Revealed 70 النحل 17 Al-Isra 111 verses · Meccan Juz 15 · Revealed 50 الإسراء 18 Al-Kahf 110 verses · Meccan Juz 15 · Revealed 69 الكهف 19 Maryam 98 verses · Meccan Juz 16 · Revealed 44 مريم 20 Ta­Ha 135 verses · Meccan Juz 16 · Revealed 45 طه 21 Al-Anbiya' 112 verses · Meccan Juz 17 · Revealed 73 الأنبياء 22 Al-Hajj 78 verses · Medinan Juz 17 · Revealed 103 الحج 23 Al-Mu'minun 118 verses · Meccan Juz 18 · Revealed 74 المؤمنون 24 An-Nur 64 verses · Medinan Juz 18 · Revealed 102 النور 25 Al-Furqan 77 verses · Meccan Juz 18 · Revealed 42 الفرقان 26 Ash-Shu'ara' 227 verses · Meccan Juz 19 · Revealed 47 الشعراء 27 An-Naml 93 verses · Meccan Juz 19 · Revealed 48 النمل 28 Al-Qasas 88 verses · Meccan Juz 20 · Revealed 49 القصص 29 Al-'Ankabut 69 verses · Meccan Juz 20 · Revealed 85 العنكبوت 30 Ar­Room 60 verses · Meccan Juz 21 · Revealed 84 الروم 31 Luqman 34 verses · Meccan Juz 21 · Revealed 57 لقمان 32 As­Sajdah 30 verses · Meccan Juz 21 · Revealed 75 السجدة 33 Al­Ahzab 73 verses · Medinan Juz 21 · Revealed 90 الأحزاب 34 Saba' 54 verses · Meccan Juz 22 · Revealed 58 سبأ 35 Fatir 45 verses · Meccan Juz 22 · Revealed 43 فاطر 36 Ya­Sin 83 verses · Meccan Juz 22 · Revealed 41 يس 37 As-Saffat 182 verses · Meccan Juz 23 · Revealed 56 الصافات 38 Sad 88 verses · Meccan Juz 23 · Revealed 38 ص 39 Az-Zumar 75 verses · Meccan Juz 23 · Revealed 59 الزمر 40 Ghafir 85 verses · Meccan Juz 24 · Revealed 60 غافر 41 Fussilat 54 verses · Meccan Juz 24 · Revealed 61 فصلت 42 Ash-Shura 53 verses · Meccan Juz 25 · Revealed 62 الشورى 43 Az-Zukhruf 89 verses · Meccan Juz 25 · Revealed 63 الزخرف 44 Ad-Dukhan 59 verses · Meccan Juz 25 · Revealed 64 الدخان 45 Al-Jathiya 37 verses · Meccan Juz 25 · Revealed 65 الجاثية 46 Al-Ahqaf 35 verses · Meccan Juz 26 · Revealed 66 الأحقاف 47 Muhammad 38 verses · Medinan Juz 26 · Revealed 96 محمد 48 Al-Fath 29 verses · Medinan Juz 26 · Revealed 111 الفتح 49 Al-Hujurat 18 verses · Medinan Juz 26 · Revealed 106 الحجرات 50 Qaf 45 verses · Meccan Juz 26 · Revealed 34 ق 51 Az-Zariyat 60 verses · Meccan Juz 26 · Revealed 67 الذاريات 52 At-Tur 49 verses · Meccan Juz 27 · Revealed 76 الطور 53 An-Najm 62 verses · Meccan Juz 27 · Revealed 23 النجم 54 Al-Qamar 55 verses · Meccan Juz 27 · Revealed 37 القمر 55 Ar-Rahman 78 verses · Medinan Juz 27 · Revealed 97 الرحمن 56 Al-Waqi'ah 96 verses · Meccan Juz 27 · Revealed 46 الواقعة 57 Al-Hadid 29 verses · Medinan Juz 27 · Revealed 94 الحديد 58 Al-Mujadilah 22 verses · Medinan Juz 28 · Revealed 105 المجادلة 59 Al-Hashr 24 verses · Medinan Juz 28 · Revealed 101 الحشر 60 Al-Mumtahinah 13 verses · Medinan Juz 28 · Revealed 91 الممتحنة 61 As-Saff 14 verses · Medinan Juz 28 · Revealed 109 الصف 62 Al-Jumu'ah 11 verses · Medinan Juz 28 · Revealed 110 الجمعة 63 Al-Munafiqun 11 verses · Medinan Juz 28 · Revealed 104 المنافقون 64 At-Taghabun 18 verses · Medinan Juz 28 · Revealed 108 التغابن 65 At-Talaq 12 verses · Medinan Juz 28 · Revealed 99 الطلاق 66 At-Tahrim 12 verses · Medinan Juz 28 · Revealed 107 التحريم 67 Al-Mulk 30 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 77 الملك 68 Al-Qalam 52 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 2 القلم 69 Al-Haqqah 52 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 87 الحاقة 70 Al-Ma'arij 44 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 79 المعارج 71 Nooh 28 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 71 نوح 72 Al-Jinn 28 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 40 الجن 73 Al-Muzzammil 20 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 3 المزمل 74 Al-Muddaththir 56 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 4 المدثر 75 Al-Qiyamah 40 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 31 القيامة 76 Al-Insan 31 verses · Medinan Juz 29 · Revealed 98 الإنسان 77 Al-Mursalat 50 verses · Meccan Juz 29 · Revealed 33 المرسلات 78 An-Naba' 40 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 80 النبأ 79 An-Nazi'at 46 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 81 النازعات 80 'Abasa 42 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 24 عبس 81 At-Takwir 29 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 7 التكوير 82 Al-Infitar 19 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 82 الإنفطار 83 Al-Mutaffifin 36 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 86 المطففين 84 Al-Inshiqaq 25 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 83 الإنشقاق 85 Al-Buruj 22 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 27 البروج 86 At-Tariq 17 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 36 الطارق 87 Al-A'la 19 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 8 الأعلى 88 Al-Ghashiyah 26 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 68 الغاشية 89 Al-Fajr 30 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 10 الفجر 90 Al-Balad 20 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 35 البلد 91 Ash-Shams 15 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 26 الشمس 92 Al-Lail 21 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 9 الليل 93 Ad-Duha 11 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 11 الضحى 94 Ash-Sharh 8 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 12 الشرح 95 At-Tin 8 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 28 التين 96 Al-'Alaq 19 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 1 العلق 97 Al-Qadr 5 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 25 القدر 98 Al-Baiyinah 8 verses · Medinan Juz 30 · Revealed 100 البينة 99 Az-Zalzalah 8 verses · Medinan Juz 30 · Revealed 93 الزلزلة 100 Al-'Adiyat 11 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 14 العاديات 101 Al-Qari'ah 11 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 30 القارعة 102 At-Takathur 8 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 16 التكاثر 103 Al-'Asr 3 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 13 العصر 104 Al-Humazah 9 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 32 الهمزة 105 Al-Fil 5 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 19 الفيل 106 Quraish 4 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 29 قريش 107 Al-Ma'un 7 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 17 الماعون 108 Al-Kauthar 3 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 15 الكوثر 109 Al-Kafirun 6 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 18 الكافرون 110 An-Nasr 3 verses · Medinan Juz 30 · Revealed 114 النصر 111 Al-Masad 5 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 6 المسد 112 Al-Ikhlas 4 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 22 الإخلاص 113 Al-Falaq 5 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 20 الفلق 114 An-Nas 6 verses · Meccan Juz 30 · Revealed 21 الناس

Reading settings

View
Compare with

Pick up to two more translations to show under each verse.

Arabic size
100%
Translation size
100%
Line spacing
Theme

Verse

Arabic tafsir
Highlight

Highlights stay in this browser and are listed on the bookmarks page. /bookmarks