الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد кітабынан الكازاخية тілінде الأنعام сүресінің аудармасы
Verse 1
Барлық мақтау, сондай көктер мен жерді жаратқан және қараңғылықтар мен жарықты жасаған Аллаға тән. Мұның соңында да қарсы болғандар, Раббыларына (басқаларды) теңейді.
Verse 2
Ол сондай Алла сендерді балшықтан жаратып сонан соң өлім мезгілін белгіледі. Және белгілі (қиямет) мерзімі де Оның қасында. Сонда да күдіктенесіңдер ме?
Verse 3
Әрі Ол - аспандарда және жерде бір Аллаһ. Ол сырларыңды және жария еткендеріңді әрі не істейтіндеріңді де біледі.
Verse 4
Оларға Раббыларынан әрқандай аят келсе, олар одан мүлде бет бұрушы еді.
Verse 5
Тіпті оларға келген шындықты (Құранды) да жасынға шығарды. Дегенмен жақында тәлкек қылғандарға (жазасының) хабары келеді.
Verse 6
Олардан бұрын қаншалаған нәсілдерді жоқ еткенімізді көрмеді ме? Оларға жер жүзінде сендерге бермеген мүмкіншілікті берген едік. Оларға аспаннан жаңбыр жіберіп, астарынан өзендер ағыздық. Бірақ, қылмыстары себепті оларды жоқ еттік те олардан кейін басқа нәсіл жараттық.
Verse 7
(Мұхаммед Ғ.С.) егер саған қағазда жазулы бір Кітап жіберсек те, оны олар қолдарымен ұстаса еді. Әрине қарсы болғандар: «Бұл ап- ашық сиқырдан басқа емес » дер еді.
Verse 8
Бірде олар: «Пайғамбарға бір періште неге түсірілмейді?»,- деді. Егер періште түсірсек еді, (оған да қарсы келгендіктерінен) іс біткен болып оларға сонан кейін мұрса берілмес еді.
Verse 9
Егер Пайғамбарды бір періште қылсақ едік, оны да бір адам (бейнесінде) қылар едік те, оларға күдіктенген сайын шақ салған болар едік.
Verse 10
(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрыңғы пайғамбарлар да мазақталған болатын. Пайғамбарларды тәлкек қылғандарды, ажыуалаған нәрселері бастарына жетті.
Verse 11
«Жер жүзін кезіңдер де сонан соң өтірікке ұйғарушылардың соңы не болатынын көріңдер.» де.
Verse 12
(Оларға) айт: «Көктердегі және жердегі нәрселер кімдікі?», «Алланікі» де. Ол мәрхамет едуті өз міндетіне алған. Сендерді болуы күмәңсыз қиямет күнінде жинайды. Сондай өздеріне кесір тигізгендер; олар сенбейді.
Verse 13
Күндіз- түні тұрып тұрған нәрселер Онікі. Ол әр нәрсені естуші, білуші.
Verse 14
«Көктер мен жерді жаратушы Ол, өзі көректендіретін, көректенбейтін Алладан басқаны дос тұтайын ба?»,- де. «Күдіксіз мен Мұсылман болған кісінің тұңғышы болуыма бұйырылдым» де. Және әсте ортақ қошушылардан болма.
Verse 15
(Мұхаммед Ғ.С.): «Егер Раббыма қарсы келсем ұлы күннің азабынан қорқамын» де.
Verse 16
Ол күні кім азаптан сейітілсе, рас оған мәрхамет етілді. Осы анық қол жетушілік.
Verse 17
Алла егер саған бір зиян келтірсе, сонда оны өзінен басқа ешбір айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір игілік тигізсе, Оның әр нәрсеге толық күші жетуші.
Verse 18
Және Ол құлдарына өте өктем. Ол толық үкім иесі, әр нәрседен хабар алушы.
(Мұхаммед Ғ.С.) «Куәлік тұрғысынан қай нәрсе үлкен?»,- де. «Мені мен сендердің араларында Алла куә және маған осы Құран, сендерді сондай-ақ кімге жетіссе, оларды қорқытуым үшін уақи етілді; Сендер Алламен бірге басқа тәңірлер барлығына айғақ бола аласыңдар ма?»,- де. «Мен куәлік бере алмаймын! Шынайы түрде Ол, жалғыз тәңір. Күдіксіз мен сендердің қосқан ортақтарыңнан аулақпын» де.
Verse 20
Біз өздеріне кітап бергендер, оны (Мұхаммед Ғ.С. ды) ұлдарын танығандай таныйды. Сондай өздеріне зиян еткендер, олар сенбейді.
Verse 21
Және Аллаға өтірік жала қойғандардан немесе аяттарын өтірікке жорығандардан кім залымырақ? Күдіксіз Алла залымдарды құтқармайды.
Verse 22
Оларды қиямет күні түгел жинаймыз да, сонан соң: «Аллаға ойша қосқан ортақтарың қайда?» дейміз.
Verse 23
Сонан кейін олардың: «Аллаға серт! Раббымыз, біз ортақ қоспаған едік» дегеннен басқа сылтаулары болмайды.
Verse 24
Қара! Олар өздеріне қалай өтірік айтты. Және Алланың ортағы деген бұттары сөйтіп жоқ болды.
Verse 25
(Мұхаммед Ғ.С.) олардан саған кейбіреулері құлақ салады. Бірақ олардың жүректеріне ұқпайтын қалтқы қойдық әрі құлақтарында кереңдік бар. Олар әр мұғжизаны көрсе де сенбейді. Тіпті саған келсе, олар сөз таластырады да қарсы болғандар: «Бұл (Құран) бұрынғылардың ертегілерінен басқа еш нәрсе емес» дейді.
Verse 26
Олар (адамдарды) тосады да, өздері де одан ұзақтасады. Сөйтіп өздерін жояды. Бірақ олар сенбейді.
Verse 27
Олардың отқа тоқтатылғанын көрсең: «Әттең! Біз (дүниеге) қайтарылсақ, раббымыздың аяттарын өтірікке ұйғармас едік те сенушілерден болар едік» дейді.
Verse 28
Керісінше олардың бұрыннан жасырған нәрселері айқындалды. Егер олар дүниеге қайтарылса еді, әрине оларға тыйым салынған істерді қайтадан істер еді. Күдіксіз олар мүлде өтірікші.
Verse 29
Олар: «Дүние тіршілігімізден басқа ешбір өмір жоқ. Тағы бір қайта тірілуші емесбіз» деді.
Verse 30
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыларының хұзырында тоқтатылғандарын көрсең! (Алла): «Бұл шындық емес пе екен?»,- дейді. Олар: «Шын екен! Раббымызға ант етеміз» дейді. Алла, оларға: «Ендеше, қарсы болғандықтарыңның азабын татыңдар» дейді.
Verse 31
Расында сондай Аллаға жолығуды өтірікке жорығандар, зиянға ұшырады. Хатте оларға кенеттен қиямет келсе, олар: «Өкінішке орай бұл жөнінде кемшілік қылған екеміз ғой» дейді. Олар күнәларын арқаларына көтереді. Сақ болыңдар! Көтергендері нендей жаман.
Verse 32
Дүние тіршілігі еш нәрсе емес. Ойын- сауық ғана. Әрине ахырет жұрты тақуалар үшін жақсы. Сонда да түсінбейсіңдер ме?
Verse 33
Расында білеміз, күдіксіз олардың айтқандары сені кейітеді. Олар сені өтірікке санап отырған жоқ. Бірақ залымдар Алланың аяттарына қарсы келеді.
Verse 34
Расында сенен бұрыңғы пайғамбарлар да жасынға шығарылған еді. Сонда олар жалғаншы саналғандықтарына және көрген жапаларына жәрдеміміз келгенге дейін сабыр еткен болатын. Алланың сөздерін өзгертуші жоқ. Расында саған пайғамбарлардың қиссаларынан келді.
Verse 35
Егер саған олардың жүз бұрулары ауыр келсе, қане! Қолыңнан келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты іздеп тауып бір мұғжиза келтір! (Мұғжиза келтіру пайғамбарлардың еркінде емес. Алланың қалауы бойынша болады.) Егер Алла қаласа еді, оларды туралыққа жинар еді. Ендеше, сен надандардан болма.
Verse 36
Шынымен тыңдағандар қабылдайды. Сондай-ақ өліктерді Алла тірілтеді. Сонан кейін оның алдына қайтарылады.
Verse 37
Олар: «ОЛ пайғамбарға бір мұғжиза түсірілсе еді?»,- деді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Шәксіз Алланың мұғжиза түсіруге күші жетеді. Бірақ олардың көбі білмейді.» де.
Verse 38
Жердегі жүрген жандық және қанатымен ұшқан құс; (жаратылу, көректену, өмір және өлімде) сендер құсаған топтықтар. Жазуда еш нәрседен кенде етпедік. Сонан соң олар Раббыларының алдына жиналады.
Verse 39
Және сондай аяттарымызды жалғанға санағандар, саңырау, сақау қараңғылықтарда. Алла кімді қаласа оны тура жолға салады.
Verse 40
Аллаға ортақ қосушыларға: «Егер сендерге Алланың азабы келсе немесе қиямет келсе, Алладан басқаны шақырасыңдар ма? Егер сөздерің рас болса, маған білдіріңдер» де.
Verse 41
Керісінше, Ол Алланы ғана шақырасыңдар да Ол қаласа, шақырған нәрселеріңнен айықтырады. Қосқан ортақтарыңды ұмытасыңдар….
Verse 42
Расында сенен бұрыңғы үммметтерге де (пайғамбар) жіберген едік… Олар жалбарынсын деп, таршылық, қиыншылық арқылы қолға алдық.
Verse 43
Сонда оларға таршылығымыз келген заман жалбарынса еді. Бірақ олардың жүректері қатайған және шайтан оларға істегендерін әдемі көрсеткен.
Verse 44
Сөйтіп олар берілген үгітті ұмытқан кезде, оларға әр нәрсенің есігін ашып жібердік. Хатте берілген нәрсеге мәз- мейрам болғанға дейін. Оларды кенеттен қолға алғанымызда, сол уақытта олар, күдерлерін бір- ақ үзді.
Verse 45
Сонда зұлымдық қылған елдің арты кесілді. Және барлық мақтау әлемдердің Раббы Аллаға тән.
Verse 46
(Әй Мұхамед Ғ.С.): «Егер Алла есту, көру сезімдеріңді алып, жүректеріңді мөрлесе, Алладан басқа сендерге оны әкелетін тәңір кім? Маған білдіріңдер» де. Қара! Аяттарымызды қандай айырып түсіндіреміз. Одан кейінде олар, одан жүз бұрады.
Verse 47
(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: «Маған көрсетіңдер! Егер сендерге кенеттен немесе көрнеу Алланың азабы келсе, залым елден басқа кім жоқ етіледі?»
Verse 48
Елшілерімізді қуантушы әрі қорқытушы етіп жібереміз. Сонда кім иман келтіріп өзін түзелтсе, онда оларға қорқу жоқ әрі қайғырмайды.
Verse 49
Және аяттарымызды жасынға шығарғандарды зұлымдықтары себепті азап қолға алады.
Verse 50
(Әй Мұхаммед Ғ.С. Оларға) айт: «Жанымда Алланың қазынасы бар демеймін, көместі де білмеймін. Және сендерге періштемін де демеймін. Мен өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Көзді мен көзсіз тең бе? Ойламайсыңдар ма?»,- де.
Verse 51
Раббыларының алдына жиналудан қорыққандарға онымен ескерт. Олар үшін Алладан өзге бір дос та қолдаушы да жоқ. Олардың сақсынулары керек.
Verse 52
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай күндіз- түні Раббыларына жалбарынып, Оның дидарын тілегендерді қума. Олардың еесбінен саған еш нәрсе жоқ. Және сенің есебінен оларға да еш нәрсе жоқ. (бір- біріңе жауапкершілік жоқ.) Сондықтан оларды қусаң зұлымдық қылғандардан боласың.
Verse 53
(Құрайш бастықтары Пайғамбарға: « Жаныңдағы нашар адамдармен бірге отырудан арланамыз. Оларды қуып жіберсең келіп отырар едік» деген екен. Осылайша олардан кейін, кейі арқылы (Құрайштың бастықтары жарлы Мұсылмандарды): «Арамыздан Алланың игілік еткен адамдары осы ма?»,- деулері үшін сынадық. Алла (Т.) шүкірлік еткендері біледі емес пе?
Verse 54
Қашан саған аяттарымызға сенгендер келсе: «Сәламүн Ғалейкүм (Сендерге есендік болсын)» де. Раббыларың мәрхамет етуді өз үстіне алған. Шәксіз Алла, сендерден біреу, білмей бір жамандық істеп, сонан кейін тәубе қылып, өзін түзелтсе, сөз жоқ. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (54) Осылайша күнәкарлардың жолы анықталуы үшін аяттарымызды ашалап баян етеміз.
Verse 55
ﭿﮀﮁﮂﮃﮄ
ﮅ
Осылайша күнәкарлардың жолы анықталуы үшін аяттарымызды ашалап баян етеміз.
Verse 56
«Расында мен Алладан басқа сиынғандарыңа құлшылық етуден тосылдым» де. «Сендердің ойларыңа қосылмаймын. Ол уақытта адасқан сондай-ақ тура жол таппағандардан боламын» де (Мұхаммед Ғ.С.).
Verse 57
(Мұхаммед Ғ.С.): «Шынында мен Раббым тарапынан ашық дәлел үстіндемін. Сендер оны жалғандадыңдар. Сендер, жедел тілеген (азап) менде жоқ. Билік Аллаға ғана тән. Ол туралықпен үкім етеді. Және Ол үкіметушілердің ең жақсысы » де
Verse 58
«Егер сендердің асығыс тілегендерің менде болса еді, әрине сендер мен менің арамда іс біткен болар еді» де. Алла (Т.) залымдарды толык біледі.
Verse 59
Көместің кілттері Оның жанында. Оны Ол, өзі ғана біледі. Және құрылықтағы, теңіздегі нәрселерді біледі. Бір жапырақ түссе де, Алла оны біледі. Және жердің қараңғылықтарындағы құрғақ және жас ұрыққа дейін ашық Кітапта бар.
Verse 60
Ол сондай түнде сендерді өлідей ұйықтатады. Және күндіз не істегендеріңді біледі. Сонан соң сендерді белгілі бір мерзім толтыру үшін күндіз оятады. Соңыра қайтып барар жерлерің Сол жак. Одан кейін істеген істеріңді түсіндіреді.
Verse 61
Және Ол, құлдарың үстіне өктем, Сендерге қорушы (періште) лар жібереді. Біреулеріңе өлім келген сәтте, періштелеріміз жанын алады әрі еш кемістік етпейді.
Verse 62
Одан кейін хак иесі Аллаға ұсынылады. Сақ болыңдар, билік оған тән. Әрі Ол есепшілердің ең жүйрегі.
Verse 63
(Мұхаммед Ғ.С.): «Құрылықта, теңіздің қараңғылықтарынан сендерді кім құтқарады? Осыдан бізді, құтқарсаң, әлбетте шүкір етушілерден болар едік деп, оған жасырын жалынып, тілейсіңдер» де.
Verse 64
(Әй Мұхаммед ! Оларға) айт: «Сендерді бұдан әрі барлық бейнеттерден Алла құтқарады. Сонда да сендер ортақ қосасыңдар!»
Verse 65
«Ол, сендерге үстеріңнен немесе аяқтарыңның астынан азап жіберуге, не сендерді топтар түрінде ұрыстырып біріңе- біріңнің кесірін таттыруға күші жетеді» де. Қара! Олардың түсінулері үшін аяттарымызды қалай ашық баян етеміз.
Verse 66
Оны (Құранды) хақиқат бола тұра ұлтың жасынға шығарды. (Мұхаммед Ғ.С.): «Сендерге уәкіл емеспін» де
Verse 67
ﯰﯱﯲﯳﯴﯵ
ﯶ
Әр хабардың нәтижеленетін бір уақыты бар. Жақында білесіңдер.
Verse 68
(Мұхаммед Ғ.С.) аяттарымыз турасында олардың ажыуаға кіріскенін көрген сәтте, басқа сөзге кіріскендеріне шейін олардан бет бұр. Егер шайтан саған ұмытырса, есіне түскененнен кейін залымдар тобымен бірге отырма
Verse 69
Сондай сақсынғандарға олардың есебінен (жауапкершілік) еш нәрсе түспейді. Бірақ ескертуге болады. Бәлкім олар сақсынар.
Сондай діндерін ойын-сауыққа алғандарды және дүние тіршілігіне алданғандарды қойып, Құран арқылы ескерт. Біреу қылығы себепті зиянға ұшырамасын. Негізінен оған Алладан өзге ешбір дос не қолдаушы жоқ. Және әрқандай төлеу берсе де одан алынбайды. Міне сондай қылықтарының салдарынан жанышталғандар үшін қарсылықтары себепті қайнап тұрған судан, сусын әрі жан түршігерлік азап бар.
Verse 71
(Мұхаммед Ғ.С.): «Алладан басқа бізге пайда, зиян келтіре алмайтын нәрсеге сиынайық па? Алла тура жолға салғаннан кейін қайтып, шайтан баурап, жер жүзінде абыржыған жолдастары: «Біз жақтағы тура жолға кел» деп шақырып жүрген кісі құсайық па?»,- де. «Алланың жолы тура жол. Және әлемдердің Раббына бой ұсынуға бұйырылдық» де.
Verse 72
«Намазды толық орындауға, Алладан қорқуға (бұйырылдық.)» Ол сондай Алла, хұзырына барып жиналасыңдар.
Verse 73
Ол, көктер мен жерді шындықпен жаратты. Ол: «Бол» деген күні бола кетеді. Оның сөзі шын. Сұр үрілетін (қиямет) күні әкімшілік Онікі. Көместі және көрнеуді білуші әрі Ол хикмет иесі, толық хабар алушы.
Verse 74
Сол уақытта Ыбырайым әкесі Әзерге: «Бұттарды тұттыңдарма? Расында мен сені де еліңді де анық адасуда көремін» деген.
Verse 75
Осылайша Ыбырайым (Ғ.С.) ға сенушілерден болуы үшін көктердің, жердің (Ғажайып) мүліктерін көрсетттік.
Verse 76
Оны түн қаптаған сәтте, бір жұлдыз көрді де: « Осы менің Раббым» деді. Жұлдыз батқан кезде; «Бататындарды жақсы көрмеймін» деді
Verse 77
Туған айды көргенде: «Осы менің Раббым» деді. Ол батқанда: «Егер Раббым тура жолға салмаған болса еді, әрине мен де адасқан елден болар едім» деді.
Verse 78
Және шыққан күнді көргенде: « Осы менің Раббым, мынау үлкенірек» деді. Ол батқан сәтте: «Әй қаумым! Расында, сендер Аллаға ортақ қосқан нәрселерден бездім» деді.
Verse 79
«Мен шынайы түрде жүзімді көктерді, жерді жаратқанға мүлде жөнелттім. Және ортақ қосушылардан емеспін» деді.
Verse 80
Елі онымен тартысқа кірісті. «Мені рас тура жолға салған Алла жайында менімен таласасыңдар ма? Мен сендердің оған ортақ қосқан нәрселеріңнен қорықпаймын. Бірақ Раббым не нәрсе қаласа, (болады) Раббымның білімі әр нәрсені қамтыған. Ойланбайсыңдар ма?»,- деді.
Verse 81
«Сендердің қосқан ортақтарыңнан қалайша қорқамын. Сендер ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаға ортақ қосудан қорықпайсыңдар. Сенім тұрғысынан екі топтың қайсысы лайығырақ? Егер білетін болсаңдар.»
Verse 82
Сондай иман келтіріп, сенімдерін зұлымдықпен былғамағандар, міне соларда сенімділік бар. Және олар тура жолға түсірілгендер.
Verse 83
Ыбырайым (Ғ.С.) ның еліне байланысты берген дәлеліміз осы. Қалағанымыздың дәрежесін көтереміз. Күдіксіз Раббың хикмет иесі, толық білуші.
Verse 84
Және оған Ысхақ, Яғқұпты беріп, барлығын тура жолға салдық. Бұрын Нұх (Ғ.С.) ты да тура жолға салып және оның ұрпақтарынан дауыт, Сүлеймен, Әйүп, Юсып, Мұса және Һарұн (Ғ.С.) ға да (тура жол көрсеттік) Игілік істеушілерге осындай сыйлық береміз.
Verse 85
Және Зәкерия, Яхя, Ғиса және Іляс барлығы жақсылардан.
Verse 86
Және Ысмайыл, Әлясағ, Юныс әрі Лұт, барлығын әлемге ардақты қылдық.
Verse 87
Және олардың аталарынан, ұрпақтарынан, туыстарынан да таңдап алып тура жолға салдық.
Verse 88
Алланың нұсқауы осы. Құлдарынан кімді қаласа, тура жолға салады. Егер олар ортак қосса еді, әрине олардың істеген ғамалдары жойылып кетер еді.
Verse 89
Міне бұлар, өздеріне Кітап, даналық және пайғамбарлық бергендеріміз. Егер енді бұлар (Құрайштар), Қарсы келсе, қарсы келмейтін бір елді оларға уәкіл етеміз.
Verse 90
Міне солар, Алланың тура жолға салған (пайғамбар) дары. (Мұхаммед Ғ.С.) онда олардың жолын қу және: «Сендерден ақы сұрамаймын.Өйткені Құран әлемге үгіт ғана.» де.
Алланы лайықты түрде бағаламағандар, сол уақытта: «Алла, адам баласына ешбір нәрсе түсірмеді» деді. «Мұса (Ғ.С.) ның адам баласына бір нұр және туралық түрінде әкелген Кітабын кім түсірді? Сендер оны бөлшек- бөлшек қағаздар етіп, кейбірін көрсетіп, көбін жасырасыңдар. Негізінде аталарыңның әрі сендердің білмегендерің үйретілген болатын. Оны Алла түсірді» де. Сонан соң оларды қойып қой, азғындықтарында ойнасын.
Verse 92
Бұл (Құран) кенттердің анасы Меккеліктерді, маңындағы адамдарды үгіттеуің үшін біз саған түсірген өзінен бұрынғыны растаушы құтты бір Кітап. Сондай ақиретке сенгендер, бұған сенеді де, олар намаздарына сақтық істейді.
Алланы жасынға шығарған немесе өзіне ешбір уақи етілмесе де: «Маған уақи етілді» деген, және: «Алла түсірген сияқтыны мен де түсірем» дегеннен кім залымырақ? (Мұхаммед Ғ.С.) егер залымдарды өлім қиналысында, пеіштелер қолдарын созып: «Жандарыңды шығарыңдар! Бүгін Аллаға қарсы орынсыз сөйлегендерің, Оның аяттарына менменсігендерің себепті қорлаушы азаппен жазаланасыңдар» дегенде бір көрсең!
Verse 94
«Расында алғаш рет жаратқанымыздай бізге жалғыз- жалғыз келдіңдер. Сендерге берген нәрселерімізді арт жақтарыңа тастатыңдар. Сондай-ақ қолдаушы болады деп ойлаған серіктеріңді сендермен бірге көре алмаймын. Әрине араларыңдағы байланыс үзілді. Ол ойлаған нәрселерің сендерден жым- жылас болды» (Оларға деп айтылады.)
Verse 95
Күдіксіз Алла, түйірді және ұрықты жарушы. Және өліден тіріні, тіріден өліні шығарушы. Міне Алла осы. Ал сонда қайда бұрылып бара жатырсыңдар?
Verse 96
Таңды сөгуші, түнді тынығу және күн мен айды есеп үшін жаратқан. Осылар, аса үстем, толық білуші Алланың өлшеуі.
Verse 97
Ол, құрылық және теңіздің қараңғылықтарында сол арқылы жол табуларың үшін жұлдыздарды жаратқан. Расында аяттарымызды білетін елге ашық түсіндірдік.
Verse 98
Және Ол, сендерді бір- ақ кісіден жаратқан. Сендерге (атаның белінде, ананың қарнында немесе жердің үстінде, астында) уақытша тұрақ әрі орын бар. Расында ұғатын қауымға аятарымызды ашықтан- ашық баян еттік.
Және Ол, аспаннан жаңбыр жаудырды. Ол арқылы әр түрлі өсімдікті шығардық та, одан жасылдық (көк) шығарып үсті- үстіне ұйысқан түйірді шығарамыз. Және құрма ағашының қауашығынан салбыраған шумақтар және жүзім бақларын, бір-біріне ұқсаған, ұқсамаған зәйтін, анар шығарамыз. Мәуеленгенде әрі піскенде жемістеріне бір қараңдар; міне шәксіз осыларда сенген ел үшін әрине дәлелдер бар.
Verse 100
Және де олар, Алла жаратқан жындарды Оған теңеді. Және олар білместіктен Оған ұлдар, қыздар ұйғарды. Ол олардың сипаттанғандарынан пәк, жоғары.
Verse 101
Көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Оның баласы қалайша болады? Оның бір жұбайы жоқ. Барлық нәрсені жаратқан әрі Ол, ән нәрсені толық білуші.
Verse 102
Міне бұл сипаттарға ие болған Раббыларың Алла. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол, барлық нәрсені жаратушы. Ендеше Оған құлшылық қылыңдар. Ол әр нәрсеге кепіл.
Verse 103
Көздер Оған жете алмайды. Ол, көздерді көреді. Және Ол, өте жұмсақ, толық білуші.
Verse 104
Расында Сендерге Раббыларың тарапынан көрнеу дәлелдер келді. Кім оны көрсе өзі үшін. Және кім көрмесе зияны өзіне. Мен сендерге күзетші емеспін.
Verse 105
Осылайша аяттарды ашық түсіндіреміз. Олар: «Біреуден үйренген екенсің» дейді. Сөйтсе де Құранды білген елге түсіндіреміз.
Verse 106
Раббың тарапынан саған уахи етілгенге мойын ұсын, Алладан басқа тәңір жоқ. Ортақ қосушылардан жүз бұр.
Verse 107
Егер Алла қаласа еді, олар ортак қоспас еді. Сені оларға күзетші қылмадық. Сондай-ақ сен оларға кепіл де емессің.
Verse 108
Олардың Алладан өзге сиынғандарын боқтамаңдар. Олар білмей шектен шығып Аллаға тіл тигізеді. Осылайша Әр топқа өз істерін әдемі көрсеттік. Сонан соң қайтар орындары раббыларына. Сонда оларға не істегендерін білдіреді.
Verse 109
Олар өздеріне бір мұғжиэа көрсетілсе, оған міндетті түрде сенетіндіктеріне Алланың атымен қатты ант қылды. (Мұхаммед Ғ.С.): «Мұғжизалар Алланың қасында» де. Шынайы түрде оларға мұғжиза келсе де, сенбейтіндігін сезбейсіңдер ме?
Verse 110
Олардың көңілдерін, көздерін теріс айналдырамыз. Алғаш рет оған сенбегендіктері сияқты оларды сергелдеңдікте қойып қоямыз. Олар қаңғырып жүреді.
Verse 111
Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйлессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.
Verse 112
Осылайша әр пайғамбарға адамдардың және жынның шайтандарынан дұшпан қылдық. Олар алдап бір-біріне жалтыраған сөздерді сыбырлайды. Раббың қаласа еді, олар оны жасамас еді. Оларды жасанды сөздерімен қойып қой.
Verse 113
Олар, ақиретке сенбегендердің көңілдері оған ауып разы болсын да, істеген күнәларын істей берсін (деп күңкілдедйді).
Verse 114
(Мұхаммед Ғ.С.): «Ол, сендерге егжей- тегжейлі Кітап түсірді. Сонда да Алладан басқа би іздейін бе?»,- (де) Және сондай Кітап бергендеріміз, о (Құран) ның Раббың тарапынан шындықпен түсірілгенін біледі. Ендеше, әсте күдіктенушілерден болма.
Verse 115
Раббыңның сөзі (Құран) шындық әрі туралықпен тамамдалған. Оның, сөздерін өзгертуші жоқ. Ол, толық естуші, аса білуші.
Verse 116
Егер сен жер жүзіндегі адамдардың көбіне көнсең сені Алланың жолынан адастырады. Олар ойларына ғана ілеседі де, мүлде жорамалдайды.
Verse 117
Күдіксіз Раббың жолынан адасқандарды жақсы біледі. Әрі Ол, тура жолдағыларды да әбден біледі.
Verse 118
Ендеше, Алланың аяттарына сенуші болсаңдар Алланың аты айтылғаннан жеңдер. (Бауыздалғанда Алланың аты айтылған Хайуандарды жеңдер.)
Verse 119
Аллланың аты айтылғанды жемейтін сендерге не болды? Өте шарасыз болмағанда сендерге арам етілген нәрселерді ашық білдірген. Олардың көбі білместіктен ойша адастырады. Күдіксіз Раббың Ол, шектен шығушыларды жақсы біледі.
Verse 120
Күнәнің көрнеуін де көмесін де тастаңдар. Күдіксіз күнә істегендер, істегендері себепті жазаландырады.
Verse 121
Және оған, Алланың аты айтылмай Күдіксіз арам нәрсе. (Оны жеу дұрыс емес.) Расында шайтандар сендермен тартысу үшін, өз сыпайластарына сыбырлайды. Егер оларға бой ұсынсаңдар, (Аллаға) шерік қосушылардан боласыңдар.
Verse 122
Өлі біреуді тірілтіп, оған адамдардың ішінде онымен жүретін жарық қылсақ, ол, қараңғылықтарда қалып одан шыға алмайтын біреу құсаған бола ма? Осылайша кәпірлерге, істеген істері әдемі көрсетілді.
Verse 123
Сөйтіп әр кентте онда алакерлік қылулары үшін оның бұзықтарын бастық қылдық. Олар өздеріне ғана айлакерлік жасағандарын аңғармайды.
Verse 124
Оларға бір аят келген сәтте: «Алланың елшілеріне берілген сияқты бізге де берілгенге дейін иман келтірмейміз» деген. Алла елшілікті қалай басқаратынын біледі. Қылмыстылар; айлакерліктері себепті Алланың қасында қорлық әрі қатты қинуға душар болады.
Verse 125
Сонда Алла, кімді тура жолға салуды қаласа, Ислам үшін оның көңілін кеңітеді. Және біреуді адастырғысы келсе, оның көңілін көкке шығарып бара жатқандай өте тарайтады. Өстіп Алла, иман келтірмегендерді қорлайды.
Verse 126
(Мұхаммед Ғ.С.): Міне осы Раббыңның тура жолы. Расында үгіт алатын елге аяттарымызды ашық білдірдік.
Verse 127
Оларға Раббыларының қасында бейбіттік жұрты бар. Істегендері себепті Алла, олардың досы.
Verse 128
Оларды тұтас жинаған күні: «Әй жын тобы! Адамдардан (азғырып) көбейтіңдер» (делінелі) Олардың адамдардан болған достары: «Раббымыз! Бір-бірімізден пайдаландық. Бізге Сен берген мерзім жетіп келді» дейді. (Алла да) :«Орындарың тозақ, онда мүлде қаласыңдар. Бірақ Алла қаласа басқа» дейді. Күдіксіз Раббың хикмет иесі, толық білуші.
Verse 129
Осылайша залымдардың істегендері себепті бірін-біріне үстем қыламыз.
Verse 130
«Әй жын мен адмдар тобы! Сендерге іштеріңнен аяттарымды баян етіп, бұл күнге кездесулеріңді ескертетін елшілер келмеді ме?»,- (делінеді) Олар: «Раббымыз! Өзімізге куәміз» дейді. Оларды дүние тіршілігі алдаған. Олар өздерінің анык қарсы болғандықтарына айғақ болды.
Verse 131
Осы (елші жіберілу), Раббың, халқы хабарсыз бір кентті зұлымдықпен жоқ етуші емес.
Verse 132
Және әркімнің істегеніне қарай дәрежелері бар. Раббың олардың істеген істерінен хабарсыз емес.
Verse 133
Раббың бай әрі мәрхамет иесі. Қаласа сендерді кетіреді де, сендерді басқа қауымның ұрпағынан жаратқанындай сендерден кейін қалағанын орындарыңа келтіреді.
Verse 134
Күдіксіз сендерге етілген уәде (қиямет) әлбетте келеді. Сендер тоса алмайсыңдар.
Verse 135
(Мұхаммед Ғ.С.): «Әй елім! Шамадарыңша істеңдер. Әрине мен де істеушімін. Соңғы жұрт кімдік іболады? Тез білесіңдер. Расында зұлымдар құтылмайды» де.
Verse 136
Олар Алла жаратқан егіннен, малдан үлес қылады да, өз ойдарынша: «Бұл Алланікі, бұл ортақтарымыздікі» деді. Сонда ортақтарынікі ортақтарына жетеді. Олар нендей жаман үкім береді.
Verse 137
(Жаһилиет заманында кәпірлер егіннен, малдан Аллаға да, бұтқа да арнап сыбаға айырып, кейде Алла бай деп, Оған арналғанды бұтқа ауыстырып, бұтқа арналғанды Аллаға ауыстырмайтын болған.) Сол сияқты ортақтары, мүшріктердің көбін жою әрі олардың діндерін шатастыру үшін балаларын өлтіруді әдемі көрсетті. Егер Алла қаласа еді, олар оны істемес еді. Енді оларды жасандылары бойынша қойып қой.
Verse 138
Олар оларынша: «Бұл малдар мен егіндер арам. Біздің қалағандарымыз ғана жейді. Және осы хайуандардың арқалары(Мініске, жүкке) арам етілген» деген. Тағы бір малдар (бауыздағанда) оған қасарысып, Алланың атын айтпайды. Алла оларды өтірік жала жабулары себепті жазаландырады.
Verse 139
Және олар: «Бұл малдың қарындарындағылар (тірі шықса) ерлерімізге ғана тән, әйелдерімізге арам» деп, егер өлі шықса онда олар ортак. Алла олардың орынсыз сөйлеулерінің жазасын береді. Күдіксіз Алла хикмет иесі, толық білуші
Verse 140
Сондай ақымақтық, білместікпен балаларын өлтіргендер, Аллаға қасарысып, Алланың өздеріне берген несібесін арам еткендер зиянға ұшыраған. Олар адасқан әрі тура жол да таппайды.
Verse 141
Ол сондай Алла аспалы және аспасыз бақшаларды, құрма ағаштарын, түрлі жемісті, өсімдіктерді, зейтін және анарды бір-біріне ұқсаған, ұқсамаған түрде жаратқан. Әрбірі жеміс берген кезде, жемісінен жеңдер. Оны жиып алған күнде құшырын беріңдер; Ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді.
Verse 142
Және көлік болатын әрі ұсақ малдарды жаратты. Сендерге Алланың ризықтандырған нәрсесінен жеңдер, шайтанның ізіне ермеңдер.Өйткені ол, сендерге ашық дұшпан.
Verse 143
(Жаһилиет дәурінде араптар малдардың кейде еркегін, кейде ұрғашысын, кейде іштегі тумасын ойша арам еткен екен.) Ол сегіз түр жаратты. (Еркек, ұрғашы) қойдан екеу, ешкіден екеу. (Мұхаммед Ғ.С.): «Алла екі еркегін немесе екі ұрғашысын арам етті ме? Оған екі ұрғашысының жатырларындағылар да қосыла ма? Егер сөздерің шын болса маған біліп түсіндіріңдер» де.
Verse 144
Және түйеден екеу, сиырдан да екеу. «Екі еркегін немесе екі ұрғашысын арам етті ме? Оған екі ұрғашысының жатырларындағылар да қосыла ма? Немесе Алла сендерге осыны нұсқағанда бар ма едіңдер?»,- де. Білмесе де адамдарды адастыру үшін Алла өтірік жала жапқаннан кім залымырақ? Күдіксіз Алла, залым елді тура жолға салмайды.
Verse 145
(Мұхаммед Ғ.С.): «Маған уахи етілгенде, жейтін кісіге жеуге арам болған нәрсені таппадым. Бірақ жемтік, немесе ағызылған қан, негізінен арам доңыз еті, немесе күнәлы болып, Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам. Біреу бас тартпай, шектен шыкпай шарсыз қалса, (жеуіне болады.) Күдіксіз Раббың аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де.
Verse 146
Және Яһудилерге барлық тырнақты хайуанды арам қылдық. Әрі оларға сиыр, қойдың майларын да арам қылдық. Бірақ қыртыс майларымен шажырқай және жілік майларын арам қылмадық. Осылайша олардың шектен шығулары себепті жазаландырдық. Расында турасын айтушымыз.
Verse 147
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сені жасынға шығарса, (оларға): «Раббыларың мәрхамет иесі және Оның бейнеті күнәкар қауымнан қайтарылмайды» де.
Verse 148
Аллаға шерік қатқандар: «Егер Алла қаласа еді, біз де аталарымыз да шерік қатпас едік әрі еш нәрсені арам қылмас едік.» дейді. Осы сияқты бұлардан бұрынғылар да бейнетімді татқанға дейін жасынға шығарған. (Мұхаммед Ғ.С. оларға): «Жандарыңда бізге қарсы шығара алатын білімдерің бар ма? Негізінде сендер ойларыңа ғана ілесесіңдер де өтірік айтасыңдар» де.
Verse 149
«Жеттік дәлел Алланікі, егер қаласа сендерді түгел тура жолға салар еді» де.
Verse 150
(Оларға): «Расында Алла осыны арам қылды деп, айғақ болатын айғақтарыңды келтіріңдер» де. Егер олар куәлік берсе де, сен олармен бірге куәлік берме де аяттарымызды жасынға шығарып, ахиретке сенбегендердің әуесіне еліктеме. Олар, Раббыларына теңдес қосады.
(Оларға): «Келіңдер, сендерге Раббыларыңның арам еткендерін оқиын: «Оған еш нәрсені шерік қатпаңдар, әке-шешеге жақсылық істесеңдер, жарлылыктан балаларыңды өлтірмеңдер» де. Сендерді де оларды да біз ризықтандырамыз. «Тағы арсыздықтардың көрнеуіне де көмесіне де жақындамаңдар. Және де Алла арам еткен кісіні өлтірмеңдер, жазықты болса ғана болады. Сендерге осыларды Алла әмір етті. Әрине түсінерсіңдер » (де) (Өлтірілуге тиісті болғандар: Жорта кісі өлтіргендер, мүртәд болып діннен шыққандар және үйлі бола тұрып зина қылғандар.»
Verse 152
Жетімнің малыңа жақындамаңдар; бірақ ол, есейгенге дейін жақсы басқаруға болады. Өлшеуді, тартуды туралықпен орындаңдар. Біреуге шамасы келетінді ғана жүктейміз. Жақындарың болса да әділдікті айтыңдар. Және Алланың уәдесін орындаңдар. Осыларды Алла нұсқады. Түсінерсіңдер.
Verse 153
Күдіксіз Менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер. Басқа жолдарға түспеңдер, сонда сендерді Алланың жолынан айырады. Сендерге ослыарды Алла нұсқады. Сақтанарсыңдар.
Verse 154
Сонан соң Мұса (Ғ.С.) ға игілік істегенге; толық, әр нәрсені айыратын, жетекшілік ететін мәрхамет түрінде Кітап бердік. Олар Раббыларына жолығуға иман келтірер.
Verse 155
Осы (Құран) біз түсірген мүбарак Кітап. Енді соған еріңдер әрі сақсыныңдар. Мәрхаметке бөленерсіңдер.
Verse 156
«Шынайы түрде бізден бұрыңғы (Яһуди, Христиан) екі топқа Кітап түсірілді де біз олардың оқығандарынан мүлде хабарсызбыз» дерсіңдер (деп.)
Verse 157
Немесе: «Бізге Кітап түсірілсе, олардан көрі тағы тура жолда болар едік» дерсіңдер деп. Расында сендерге Раббыларыңнан бір ашық дәлел, тура жол, мәрхамет те келді. Енді Алланың аяттарын өтірік деп олардан жүз бұрғаннан кім залымырақ? Аяттарымыздан бас тартқандарды бас тартулары себепті жаман қмнаумен жазалаймыз.
Verse 158
Олар, өздеріне періштелердің келуін, немесе Раббыңның келуін, не Раббыңның кей белгілерінің келуін ғана күте ме? Раббыңның белгілерінен кейі келген күні, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімі бойынша бір хайыр істемеген біреудің иманы пайда бермейді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Күтіңдер, шәксіз күтеміз» де.
Verse 159
Күдіксіз діндерінде бөлініп, топтарға айрылғандармен ешбір байланысың жоқ. Сөзсіз олардың ісі Аллаға тән. Кейін оларға істеген істерін түсіндіреді.
Verse 160
Кім бір жақсылық келтірсе, оғансондай он есе бар. Және біреу бір жамандық істесе, сондай-ақ қана жаза беріледі де олар зұлымдыққа ұшыратылмайды.
Verse 161
«Шынында Раббым мені тура дінге, Ыбырайым (Ғ.С.) ның нағыз жолына салды. Ол ортақ қосушылардан емес еді» де.
Verse 162
«Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Алла үшін» де.
Verse 163
«Оның серігі жоқ. Осылай бұйырылдым және мен бой ұсынушылардың алғашқысымын» де.
Verse 164
«Ол әр нәрсенің Раббы бола тұра Алладан басқа раб іздейін бе? Әрбіреудің істегені өзіне тән. біреудің күнәсын біреу көтермейді. Сонан соң қайтар жерлерің Раббыларың. Сонда қайшылықта болған нәрселеріңді білдіреді» де
Verse 165
Ол сондай Алла, сендерді жердің халифалары етті. Сендерге берген нәрселерде, сынау үшін дәрежелерде біріңді- біріңнен жоғары көтерді. Күдіксіз Раббың, жедел жаза беруші және шынайы жарылқаушы, ерекше мейірімді.
تقدم القراءة