Малдарың да балаларың да сендерді жанымызға жақындастырмайды. Бірақ кім иман келтіріп, оң іс істесе, міне соларға істегендерінің салдарынан неше есе сыйлық бар. Сондай-ақ олар аман-есен жоғары орындарда болады.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сендердің дүниелерің де, балаларың да өздеріңді Бізге жақындатушы нәрсе бола алмайды. Тек кім иманға келген және ізгі амал істеген болса ғана, міне, соларға істеген амалдары үшін еселенген қайтарым сый бар әрі олар / Жәннаттағы / жоғарғы орындарда амандықта болады.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي