(Мұхаммед Ғ.С.) Сол уақытта саған жындардан Құран тыңдайтын бір топты келтірген едік. (Мұхаммед Ғ.С. Тайып пен Меккенің арасындагы "Нахла" ойпатында таң намазында Құран тыңдауға жындар келген.Б.Ж.М.Р.К.) Олар жетіп келген сәтте: "Үндемеңдер" десті. Сонда оқылуы біткен кезде, елдеріне ескертуші болып қайтты.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Әрі саған Құранды тыңдау үшін жындардың бір тобын жібердік. Сонда олар / жындар / оның / пайғамбардың / қасына келген кезде: «Тыңдаңдар», - десті. Ал ол / оқу / аяқталған кезде, олар / дінді қабылдаған жындар / елдеріне ескертуші / насихаттаушы / болып қайтты.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي