Сол уақытта Алла (Т.): «Әй Мәрйем ұлы Ғиса! Саған әрі анаңа берген нығметімді есіңе ал. Сол уақытта сені Жебірейіл арқылы қуаттаған едім. Бесікте және ержеткенде адамдармен сөйлесуші едің. Саған Кітапты, даналықты,Тәурат, Інжілді үйреттім. Және сол уақытта Менің бұйыруыммен балшықтан құстың бейнесі құсаған жасап, оның ішіне үрлегеніңде бұйыруыммен құс болатын еді. Және бұйыруыммен іштен туған соқырды да, аламесті де жазатын едің. Және бұйыруымммен өлікті (тірілтіп) шығарар едің. Және сол уақытта Израил ұрпақтарына ашық дәлелдермен келгеніңде, олардың қарсы шыққандары: «Бұл ашық жадыдан басқа еш нәрсе емес» дегенде, сені олардан қорғаған едім» деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сонда Аллаһ айтады: «Ей, Мәриямның ұлы Иса! Менің саған әрі анаңа берген игілігімді есіңе ал. Сол уақытта сені қасиетті рух / Жәбірейіл / арқылы қолдадым. Сен адамдарға бесікте және ересек кезіңде сөйледің. Сонда Мен саған жазу мен даналықты әрі Тәурат пен Інжілді үйреттім. Әрі сонда сен Менің рұқсатыммен лайдан құстың мүсіні тәріздіні жасап, оған үрлегеніңде, ол Менің рұқсатыммен құс болып кететін. Әрі Менің рұқсатыммен тума соқырды және алапесті айықтыратын едің. Әрі сонда Менің рұқсатыммен өлгендерді / тірілтіп / шығаратын едің. Әрі Исраил ұрпақтарына анық белгілермен келгеніңде, олардың ішіндегі күпірлік еткендері / қарсы келгендері / :«Бұл - анық сиқырдан басқа нәрсе емес», - деген кезінде, оларды сенен қайтардым», - / деп /.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي