Алла (Т.) анттарыңды бос сөзді есепке алмайды. Алайда біле тұра істеген анттарыңнан жауапкер етер (Ант бұзсаңдар.) Оның төлеуі: үй- іштеріңе жегізетін орта есеппен он міскінді тамақтандыру, не оларды киіндіру, немесе бір құл азат ету. Мұны таппаған біреу, үш күн ораза ұстау. (Бұзған) анттарыңның жазасы осы. Анттарыңды қорғаңдар. Алла (Т.) сендерге аяттарын осылайша түсіндіреді, шүкірлік етерсіңдер.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Аллаһ анттарыңдағы бос сөздер үшін сендерді жазаға тартпайды. Бірақ, Ол сендерді бекіткен анттарың үшін жазаға тартады. / Анттарыңды бұзғанжағдайда / оның өтемі / кәффәраты / - үй іштеріңді тамақтандыратын орташа есеппен он кедейді тамақтандыру не оларды киіндіру немесе бір құл азат ету. Кім / мұны / таппаса, үш күн ораза тұтады. Ант ішсеңдер, анттарыңның өтемі / кәффәраты / - осы. Анттарыңды сақтаңдар. Аллаһ сендерге шүкір етулерің / берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін аяттарын осылай анық баян етеді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي