Әй мүміндер! Егер мүмін әйелдерді; некеленіп, оларға қосылмай тұрып ажыратсаңдар, сонда оларға сендердің санайтын бір мерзімдерің болмайды. (Ғиддат күтпей-ақ үйлене беруіне болады.) Онда олардың мәһер хақтарын беріп, көркем түрде ажыратыңдар. (Егер мәһер белгіленген болса, жартысы, болмаса азды-көпті бір нәрсе беріледі.2-С. 236-237-А.)
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, иманға келгендер! Сендер иманды әйелдерді некелеріңе алып, кейін Оларға қосылмай тұрып талақ берсеңдер, сендер үшін олардың міндетінде өздерің есептейтін ешқандай идда / күту мерзімі / жоқ. Оларға біраз дүние беріңдер де көркем түрде жіберіңдер.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي