Пайғамбар, мүміндерге өздерінен артық. Оның жұбайлары олардың аналары. Алланың Кітабында; туысқандар бір-біріне мүміндерден де мұһажірлерден де (мираста) жақын. Бірақ достарыңа (мүміндерге) қамқорлық жасауларыңа болады. Осылар Кітапта жазылған болатын.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Пайғамбар имандыларға олардың өздерінен де жақын. Ал, оның жұбайлары олардың аналары. Аллаһтың жазуында / үкімінде / мүміндерге және муһажирлерге / қоныс аударғандарға / қарағанда туыстар бір-біріне жақын. Бірақ достарыңа жақсылық істеулерің басқа. Бұл / үкім / Кітапта жазылған.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي