Расында Сәбә елдерінің қоныстарында бір ғибрат бар. Оңнан, солдан екі бақша (бар еді. Оларға): "Раббыларыңның несібесін жеңдер де Оған шүкір етіңдер. Бір көркем қала, Раббыларың да аса жарылқаушы" (делінді.) (27-С. 22-А.)
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сәбалықтар үшін олардың тұратын жерлерінде белгі / нышан / - оң жақ және сол жақтарында / орналасқан / екі бағы - бар еді. / Оларға / :«Өздеріңнің Раббыңның ризығынан жеңдер және шүкір етіңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер /. Жақсы ел әрі аса кешірімді Раббы», - / делінген еді /.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي