Сондай Алла сендерді топырақтан, сосын мәниден, сосын ұйыған қаннан жаратып, кейін бөбек қып шығарып, соңыра ержеткізіп, кәртейтеді. Кейбіреулеріңді (ержетуден) бұрын өлтіреді. Кейбірің белгілі мерзімге жетесіңдер. Әрине ойланарсыңдар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ол сендерді / Адам атаны / топырақтан, кейін / Адамның ұрпақтарын / тамшы ұрық суынан, содан кейін ұйыған қаннан жаратты. Содан соң Ол сендерді / аналарыңның жатырынан / нәресте етіп, кейін толысып жетілулерің, одан соң қартайып кәрі болуларың үшін шығарады, Сендердің іштерінде одан алдын қайтыс болатындар да бар, сөйтіп бәрің де белгіленген бір мерзімге жетулерің үшін. Бүл жайлы ақылдарыңды істетіп, ұғынарсыңдар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي