(Мұхаммед Ғ.С.) міне сол үшін хақиқатқа шақыр да бұйрылғаныңдай мықты тұр. Олардың ойларына ілеспе және оларға: "Алла түсірген Кітапқа иман келтірдім. Сондай-ақ араларыңда әділдік қылуға бұйрылдым. Алла, біздің де Раббымыз, сендердің де Раббыларың. Біздің ісіміз бізге, сендердің істерің сендерге тән. Сендер мен біздің арамызда тартыс жоқ. Алла арамызды қосады. Және қайтар орын сол жақ" де.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Міне, сен осыған шақыр да өзіңе бұйырылғандай туралықта бол. Олардың көңілқұмарлықтарына ерме және айт: «Мен Аллаһ түсірген кітаптарға сендім. Әрі сендердің араларыңа әділ болуға бұйырылдым. Аллаһ біздің Раббымыз әрі сендердің де Раббың. Бізге өзіміздің амалдарымыз, ал сендерге өздеріңнің амалдарың. Біз бен сендердің арамызда тартысқа негіз жоқ. Аллаһ бәрімізді жинайды. Баратын жер - Оның алды», - деп.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي