Оларға тәуратта: жанға жан, көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс және жараларға да, қарама- қарсы төлеу (қысас) жаздық. Дегенмен біреу, оны кешірім етсе, сонда ол оған кәппарат болады. (Өз күнәсы кешіледі.) Және кім Алла түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Біз Оларға / Тәуратта / :«Жанға жан, көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс және жарақаттар үшін кек алу - міндет», - деп жаздық. Алайда, кім оны / кек алуды / кешіп, қайыр жасаса, бұл ол / қылмыскер / үшін қылмысына өтем болады. Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар - әділетсіздер.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي