Олардың араларына Алланың түсіргенімен үкім ет. Олардың ойларына ілеспе және саған Алла түсірген кей үкімдерден сені бұзуларынан сақтан! Егер олар жүз бұрса, күдіксіз Алла оларды кей күнәлары себепті қайғыға ұшыратуды қалайды деп біл. Расында адамдардың көбі бұзық.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олардың араларына Аллаһтың түсіргенімен үкім етіп, олардың көңіл құмарлығына ерме. Әрі Аллаһтың өзіңе түсіргенінің кейбіріне қатысты, олардың сені бүлікке салуынан сақ бол! Егер олар / сен шығарған үкімнен / бет бұрса, біл, шын мәнінде, Аллаһ оларды кейбір күнәлары себебінен пәлекетке ұшыратуды қалайды. Негізінде, адамдардың көбі - бұзықтар / бойсұнбаушылар /.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي