Әй мүміндер! Сендер ыхрамда аң өлтірмеңдер. Сендерден біреу оны әтейге өлтірсе, оның жазасы; өлтіргеніндей бір мал, оны сендерден екі әділ кісі Кағбаға баратын бір құрбанды үкім етеді. Не бодауына міскіндерді тамақтандыру немесе оның орнына ораза ұстау. Бұл істегенінің жазасын тату үшін. Алла (Т.) өткенді кешірді. Кім қайтадан істесе, Алла оны жазалайды. Алла өте үстем, өш алу күшіне ие.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, иманға келгендер! Ихрамда болған кездеріңде аңдарды өлтірмеңдер. Сендерден кім оны әдейілеп өлтірсе, оның жазасы / өтемі / - өлтіргеніндей бір мал. Ол туралы сендерден екі әділ кісі Қағбаға жеткізілетін құрбандық ретінде үкім береді. Немесе ісінің жазасын тартуы үшін оның кәффәраты / күнәсінің өтемі / - кедейлерді тамақтандыру не оның орнына ораза ұстауы. Аллаһ өткенді кешірді. Ал кім / осы істерге / қайтса, Аллаһ оны жазалайды. Аллаһ - бәрінен Үстем, жазалау күшіне Ие.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي