Расында сондай қарсы болғандар, малдарын, Алланың жолынан тыю үшін жұмсайды. Тағы оны жұмсай береді. Сонан кейін ол, оларға өкініш болып, ақыр жеңіліске ұшырайды. Сондай-ақ қарсы болғандар, тозаққа айдалады.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ақиқатында, күпірлік еткендер / Аллаһқа серік қосушылар / мал-дүниелерін Аллаһтың жолынан тосу үшін істетеді. Сөйтіп олар оны солай жұмсайды, ал кейін бұл олар үшін қасіретке айналады, содан кейін олар жеңіліске ұшырайды. Күпірлік еткендер / Аллаһқа қарсы келгендер / Жаһаннамға (Тозаққа) жиналдырылады.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي