Сол уақытта сендер, (Бәдір майданында) ойпаттың жақынында, олар, алысырақ жағында еді. Керуен сендерден төмен еді. Егер уәделескен болсаңдар да белгіленген мерзімде кездесе алмайтын едіңдер. (Бұл жағдай бұйрықша болды.) Бірақ Алланың болатын әмірі жүзеге асты. Кім жоқ болатын болса, ашық дәлел бойынша жоғалсын. Ал кім тірі қалатын болса да ашық дәлел бойынша тірі қалсын. Расында Алла, естуші, толық білуші.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сол кезде сендер алқаптың / Мәдинаға / жақын жағында болсаңдар, олар / мүшріктер әскері / алыс жағында, ал керуен сендерден төмен жақта еді. Егер де уәделескендерінде де келіскен уақыт пен орында кездесе алмайтын едіңдер. Алайда, құрыған адам анық дәлелмен құруы үшін әрі өмір сүрген адам анық дәлелмен өмір сүруі үшін - Аллаһ орындалуы тиіс істі жүзеге асырды. Ақиқатында, Аллаһ - әрбір нәрсені Естуші, әрбірнәрсені Білуші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي