Сол уақыта Алла, оларды саған түсінде аз көрсеткен еді. Егер оларды саған көп көрсетсе еді, әлбетте қорқар едіңдер де, әрине іс жайында тартысар едіңдер. Бірақ Алла құтқарды. Расында Ол, көңілдегілерді толық білуші.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Сонда Аллаһ, түсінде саған оларды аз етіп көрсеткен еді. Егер оларды саған көп етіп көрсеткенде, әлсіздік танытып, іс жайында тартысар едіңдер. Алайда, Аллаһ сақтап қалды. Ақиқатында, Ол - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي