Сол уақытта мұнафықтармен жүректерінде дерті барлар: «Мұсылмандарды, діндері алдады» дейді. Негізінде кім Аллаға тәуекел қылса, расында Алла, үстем, хикмет иесі.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сол уақытта мұнафиқтар және жүректерінде дерті барлар / иманы әлсіздер / :«Оларды діндері алдап қойды», - деді. Негізінде, кім Аллаһқа жүгініп, Оған өзін тапсырса / тәуекел етсе / , ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي