(Пайғамбар Ғ.С. Бәдір соғысындағы жетпіс тұтқын жайында сахабалармен кеңескенде, Ғұмар Р.А. олардың өлтірілуін, Әбубекір Р.А. бодау алынып қоя берілуін ұсынады. Пайғамбар Ғ.С. соңғысын дұрыс көрді.) Ешбір пайғамбарға жер жүзінде жауға өктем болғанға дейін тұтқын ұстау тиісті емес. Сендер дүниенің пайдасын ойлайсыңдар. Алла (сендерге) ахиретті қалайды. Алла, өте үстем, хикмет иесі.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Бірде-бір пайғамбарға жерде / өз жерінде / басымдылыққа жеткенге дейін тұтқын ұстау жөн емес. Сендер дүниенің өткінші нәрсесін қалайсыңдар. Ал, Аллаһ - соңғы, мәңгілік өмірді / ақиретті / қалайды. Әрі Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي