Сол уақытта олардан бір бөлімі: "Әй Мединеліктер! Енді сендерге тұруға болмайды. Дереу қайтындар" десе, олардың тағы бір бөлімі, Пайғамбардан: "Үйлеріміз иен еді" деп, рұхсат сұрайды. Негізінде олар (үйлері) иен емес, олар қашуды ғана ойлайды.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сол кезде олардың бір тобы / мұнафиқтар / :«Ей, Ясриб тұрғындары! Сендер қарсы тұра алмайсыңдар! Сондықтан қайтыңдар!» деді. Олардың тағы бір тобы / иманы әлсіздері / :«Үйлеріміз ашық, қорғансыз қалды», - деп, Пайғамбардан сұрануда еді. Негізінде үйлері қараусыз қалмаса да олар / соғыстан / қашуды ғана қалады.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي