Алла шыншылдарды шыншылдықтарыменен сыйлар. Ал мұнафықтарды қаласа, азаптайды да немесе оларға тәубе нәсіп етеді. Күдіксіз Алла, өте жарылқаушы, тым мейірімді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Мұның барлығы / Аллаһтың шын сөзділерге адалдықтары үшін қайтарым сый беруі, ал мұнафиқтарды Өз қалауы бойынша не жазалауы, не оларды Өзіне бойсұнуға қайтаруы / тәубеге келтіруі / үшін. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي