Алла (Т.) ешбір адамның кеудесінде екі жүрек жасаған емес. (Анамның арқасындайсың деп,) серт қылған жұбайларың, аналарың болмайды. (Араптар; әйелін анасының бір мұшесіне ұқсатып, серт қылса; анам боп қалды деп, ажырасатын болған. Ислам дінінде садақа төленеді. Бұны "Зіһар" деп, атайды.) Және асырандыларың; бел балаларың бола алмайды. Бұларың ауызша сөздерің ғана. Алла шындықты айтады да Ол тура жол көрсетеді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Аллаһ адам үшін оның ішінде екі жүрек жасаған жоқ. Әрі Ол зиһар еткен / аналарыңа ұқсату арқылы өздеріңе тыйым салған / әйелдеріңді сендерге аналарың етпеді және Ол асырап алған балаларыңды да өз / бел / балаларың етпеді. Бұл тек ауызекі айтқан сөздерің. Ал Аллаһ шындықты айтады әрі Ол тура жолмен жүргізеді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي