Сонда олар: "Раббымыз! Сапарларымыздың араларын ұзақтастыр!",- деп, өздеріне кесірлері тиді. Сонда оларды аңызға айналдырып, быт-шыт қылып, мүлде тозғындыққа ұшыраттық. Сөз жоқ, бұнда әр сабыр етуші, шүкір етушілерге үлгі бар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сонда олар: «Раббымыз! Сапарларымыз арасын ұзақ ет», деді. Сөйтіп өздеріне-өздері әділетсіздік істеді. Сонда Біз оларды / ел аузында қалған / аңыз-әңгімеге айналдырдық және оларды бөліп, ыдыратып тастадық. Ақиқатында Мұнда әрбір әрдайым сабыр, көп шүкір етушілер / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірушілер / үшін белгі-ғибраттар бар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي