Оларға түсінікті аяттарымыз оқылған кезде, олар: "Бұл адам, сендерді аталарың табынған нәрселерден тыюды ғана қалайды" деді. Және: "Бұл Құран, жасанды бір өтіріктен басқа дәнеңе емес" деді. Сондай-ақ өздеріне келген шындыққа қарсы болғандар: "Бұл ашық бір жады ғана" деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ал оларға / мүшріктерге / анық аяттарымыз оқылған кезде, олар: «Бұл адам сендерді аталарыңның табынғанынан тосуды қалайтын кісі ғана», - деді. Әрі олар: «Бұл - бар болғаны ойдан шығарылған өтірік», - деді. Әрі, өздеріне ақиқат келген кезде, оған күпірлік еткендер / сенбегендер / :«Бұл - анық сиқыр ғана», - деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي