Көрмейсің бе? Алла көктен жаңбыр жаудырып, оны жер жүзіндегі қайнарларға салды. Сосын ол арқылы түрлі-түсті егіндер шығарды. Сосын қуқыл тартып, оның сарғайғанын көресің. Сосын оны қоқымға айналдырады. Бұнда ақыл иелеріне үгіт бар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед / / Аллаһтың аспаннан су түсіріп, оны жерге су көздері етіп ендіргенін сен көрмедің бе? Содан кейін Ол онымен түстері әралуан егіндер шығарады. Кейін олар солып, сен оның сарғайғанын көресің. Содан соң Ол оны үгінді, қоқым етеді. Ақиқатында мұнда ақыл иелері үшін еске салу, / ғибрат / бар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي