Расында сенен бұрында елшілер жібердік. Олардың кейбірін саған баян еттік те кейбірін баян етпедік. Ешбір елші Алланың рұхсаты болмайынша бір мүғжиза келтіре алмайды. Қашан Алланың әмірі келсе, хақиқат бойынша үкім етіледі. Бүл жерде бұзақылар зиянға ұшырайды.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Біз сенен бұрын да елшілер жібергенбіз. Олардың ішінде Біз саған хабарын бергендеріміз де бар, әрі олардың ішінде Біз саған хабарын бермегендеріміз де бар. Ешбір Елші Аллаһтың рұқсатынсыз бір де бір аят-белгі әкелген жоқ. Аллаһтың әмірі келген кезде, ақиқатпен үкім етіліп, жалғанға шығарушылар зиян шегеді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي