(Мұхаммед Ғ.С.) расында жердің құрғап қалғанын көресің. Сонда Біз оған жаңбыр жаудырған мезгілде құлпырып көпсуі Алланың дәлелдерінен. Күдіксіз оны тірілткен Алла, өліктерді де тірілтеді. Өйткені Оның әр нәрсеге толық күші жетуші.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Оның белгілерінің бірі - сен жерді кеуіп кеткен күйінде көріп, ал, сонда оның үстіне су түсірсек, ол қозғалысқа түсіп, көпсіп / тіршілік бітіп / шыға келуі. Шын мәнінде, оны тірілткен, әлбетте, өлілерді де тірілтеді. Ақиқатында, Ол - әрбір нәрсені Жасай алушы.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي