(Мұхаммед Ғ.С. олар сені): "Аллаға өтірік жала қойды" дей ме? Алла қаласа, сенің жүрегіңді де бітер еді. Алла, өтірікті жойып, өз сөздерімен шындықты шынға шығарады. Өйткені Ол, жүректегілерді толық біледі.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олар әлде: «Ол Аллаһ жайында ойынан өтірік шығарды»,- дей ме? Егер Аллаһ қалағанда, жүрегінді мөрлеп қоятын еді. Аллаһ жалғанды өшіреді және ақиқатты Өзінің сөздерімен бекітіп, жүзеге асырады. Ақиқатында, Ол - көкіректегіні жақсы Білуші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي