Олар, (пайғамбарларды жалғандау, өлтірулері себепті) бір сұмдық болмайды деп, ойлады да соқыр, саңырау болып алды. Сонсоң Алла олардың тәубесін қабыл етті. Және де олардың көбі соқыр, саңырау болды. Алла (Т.) олардың не істегендерін толық көруші.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі олар ешқандай сынақ болмайды деп есептегендіктен, соқыр әрі саңырау болып алды. Содан кейін Аллаһ олардың істеген күнәсіне өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етті. Содан кейін де олардың көбі / ақиқатқа / соқыр әрі саңырау болды. Аллаһ - олардың не істеп жатқанын Көруші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي