Тозақтың күзетшілерін періштелерден ғана қылдық. Сондай-ақ олардың сандарын қарсы келушілерге анық бір сынау қылдық... Өздеріне кітап берілгендер, сенсін. (Олардың кітаптарында да он тоғыз жазылған. Б.Ж.М.) Әрі иман келтіргендердің сенімдері арта түссін. Кітап иелерімен мүміндер күмәнданбасын. Сондай-ақ жүректерінде дерті болғандар мен қарсы болғандар: "Алла, бүл мысалмен нені қалайды?",- десін. Осылайша Алла, қалағанын адастырып және кімді қаласа, тура жолға салады. Раббың жасақтарының санын өзі ғана біледі. Бұл адамдар үшін бір насихат.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Біз тозақ сақшыларын періштелерден ғана қылдық. Әрі олардың санын сондай күпірлік етушілер / имансыздар / үшін бір сынақ еттік. Бұл Кітап берілгендердің көздері жетуі, имандылардың иманы артуы үшін және Кітап берілгендер мен имандылардың күмәнданбауы үшін. Сондай-ақ жүректерінде дерті барлар мен кәпірлер: «Аллаһ бұл мысалмен нені қалады?!» - деп айтуы үшін. Осылай, Аллаһ кімді қаласа адастырып, кімді қаласа тура жолға салады. Раббыңның әскерін Одан басқа ешкім білмейді. бұл - адамзат үшін бір Еске салудан басқа еш нәрсе емес.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي